Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Kinopark, Chaplin, Cinemax: кассалық түсімнің 50 пайызын бірден алып қояды Елнұр Бейсенбаев

Kinopark, Chaplin, Cinemax: кассалық түсімнің 50 пайызын бірден алып қояды Елнұр Бейсенбаев

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мәжіліс депутаты, «AMANAT», партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев кино саласындағы кемшіліктерді атап, ірі кинотеатр желілерінің жұмысын сынға алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Аzattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, елдегі ірі кинотеатр желілері прокаттың алғашқы күнінен бастап кассалық түсімнің 50 пайызын бірден алып алады. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев креативті индустрияны ұлттық экономиканың басым бағыттарының бірі ретінде айқындағаны белгілі. Сонымен қатар, жас ұрпақты дұрыс мәдени тұрғыда тәрбиелеу қажеттігі мәселесі түрлі деңгейде тұрақты көтеріліп келеді. Бұл ретте кино саласының рөлі айрықша, оған балама жоқ деуге болады. Аталған міндеттердің іске асуына саладағы қазіргі ахуал айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. «AMANAT» партиясының атына кинематография өкілдерінен кинотеатрлар тарапынан кассалық түсімдерге қатысты әділетсіз талаптар жөнінде көп  өтініш  түсіп жатыр. Елдегі ірі кинотеатр желілері өздерінің үстем жағдайын пайдалана отырып, прокаттың алғашқы күнінен бастап кассалық түсімнің 50 пайызын бірден алып қояды», - деді Бейсенбаев Мәжілістегі депутаттық сауалында.

Депутат бұл төлем кинодан түскен пайдадан емес, жалпы түсімнен ұсталатынын жеткізді.

«Бұл пайдадан емес, тікелей жалпы түсімнен ұсталады. Яғни, фильм табыс әкеле ме, әкелмей ме оған қарамастан, кинотеатрлар өз үлесін алдын ала алады. Режиссерлер мен продюсерлер қысымнан қауіптеніп, бұл мәселеге ашық үн қата алмай отыр. Себебі олар жасанды түрде қалыптастырылған, кино залдары иелерінің монополиялық жүйесіне тәуелді. Бұдан бөлек, фильм авторлары жарнама мен ілгерілету үшін қосымша төлемдер жасауға мәжбүр. Біздің мәліметтерімізге сәйкес, тіпті «көлеңкелі жарналар» да бар», - дейді Бейсенбаев.

Ол атағандай, мемлекеттік қаржыға түсірілген фильмдерден де дәл осындай үлестің алынуы қоғамның наразылығын тудырып отыр.

«Мәселен, мемлекеттік бюджет есебінен түсірілген «QAITADAN» фильмі прокатта 1 миллиард теңгеден астам табыс тапқан, алайда оның 550 миллион теңгесі кинотеатрларға кеткен. Ал фильм өндірісіне мемлекет бар болғаны 190 миллион теңге бөлген. Яғни, жекеменшік кинотеатр желілері мемлекет салған инвестициядан бірнеше есе көп қаржыны, ол бюджетке қайтарылмай тұрып-ақ алып отыр. Бұл біздің ойымызша, мүлде жол беруге болмайтын жағдай», - дейді депутат.

Бейсенбаев атағандай, мұнда әділ бәсеке жоқ. Кинотеатрлар фильмнің тікелей авторларынан әлдеқайда көп пайда тауып отыр. 

«Экран мен көрермен орнын ғана ұсынатын кинотеатрлар фильмнің тікелей авторларынан әлдеқайда көп пайда тауып отыр. Нәтижесінде, фильм өзін-өзі ақтауы үшін бюджеттен үш есе көп касса жинауға мәжбүр. Мұндай ахуал қазақстандық киноиндустрияны тұншықтырып отыр. Соның салдарынан елімізде негізінен тек коммерциялық комедиялар түсіріліп, тарихи, мәдени, әлеуметтік маңызы бар салмақты туындылардың азаюына әкеліп отыр. Себебі ол бағыттарға қаржы жетпейді оны монополист кинотеатр желілері алып қояды. Қазіргі таңда қазақстандық кинонарықты санаулы ғана «таңдаулы» топ бақылап отыр. Олар прокат шарттарын, экран санын, прайм-таймды, тіпті қай фильмнің көрерменге жететінін өздері шешеді. Бұл әділ бәсеке емес, ашық монополиялық саясат»,  – дейді ол.

Депутат Kinopark пен Kinoplexx елдегі барлық кинозалдың шамамен 40 пайызын бақыласа, Chaplin және Cinemax желілері ірі мегаполистерде үстемдікке ие дейді.

«Мұндай жағдай әлдеқашан Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, сондай-ақ өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың назарын аударуы тиіс еді.«AMANAT» партиясының фракциясы кинотеатрлар фильм өндірісіне кеткен шығын толық қайтарылмайынша, кассалық түсімнен үлес алуға тиіс емес деп есептейді. Пайданы бөлу тек жоба өзін-өзі ақтағаннан кейін ғана әділ деп саналады. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, мысалы, АҚШ-та «жылжымалы шкала» қолданылады. Онда прокаттың алғашқы апталарында студиялар кассалық түсімнің 70–90 пайызына дейін алады. Осыған байланысты, жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, кинотеатрлар, прокатшылар және киностудиялар арасындағы келісімшарттарды тексеруді, сондай-ақ кинотеатр желілерінің өздерінің үстем жағдайын пайдалана отырып, кассалық түсімнің 50 пайызын негізсіз алу фактілері бойынша кешенді тексеру жүргізуді сұраймыз», - деп түйіндеді ол.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:220
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 12:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see152

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see151

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see148

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see141

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see135

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see133

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see131

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see125

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see124

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see123

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see123

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see123

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see123

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see121

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see120

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see120

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see119

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see119

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары