Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Кітаптар әлемі жобасы аясында Жаназық және Кішкентай әйел кітабын таныстырды

Кітаптар әлемі жобасы аясында Жаназық және Кішкентай әйел кітабын таныстырды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, жазушы Нұрдәулет Ақыш жүргізіп отырды. 

Алғашқы болып сөз сөйлеген Қазақстан Жазушылар  одағы Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Қасымхан Бегманов жас жазушының аяқ алысы – қос кітабы қомақты еңбек екеніне тоқталып, ақжарма тілегін білдірді.  Ал арнайы Тараз қаласынан ат терлетіп келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы мен «Шалқар» радиосының директоры, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Болатбек Төлепберген «Кітаптар әлемі» жобасының маңыздылығына тоқталып, жетекшісі Салтанат Әбдіғалидың «Жаназық» және «Кішкентай әйел» кітаптарының көтерер жүгі салмақты екенін айтты.

Қазақстанның еңбек сіңірген  қайраткері, дәстүрлі әнші Ардақ Исатаева өз шәкірттерімен әнмен шашу шашып, шараның көрігін қыздыра түсті. Жиынға сондай-ақ Салтанат Әбдіғали жетекшілік ететін «Кітап жанашырлары» клубының елдегі және шет елдегі мүшелері де қатысты.  Түркістан облысы, Созақ ауданынан келген ақын әрі ұстаз Тұмартай Дінтайұлы, ақын Несібелі Шайдазымова, Моңғолия елінің Баян-Өлгей өлкесінен келген Төлеген Баянханұлы, Шымкент қаласынан келген Рүстем Кенжеұлы, Түркістан қаласынан келген қаламгер Жібек Искаковалар «Кітаптар әлемінде» жобасының бес жылдық шарасын ұйымдастырған клуб жетекшісі Салтанат Амангелдіқызына шығармашылық табыс тілеп, барша клуб мүшелері атынан ризашылықтарын білдірді.

Жас жазушы Салтанат Әбдіғалидың «Кішкентай әйел» атты прозалық кітабына бүгінгі күннің ең көкейтесті мәселелерін өзек еткен «Ата иісі», «Әкеге хат», «Жалғыздың мұңы», «Кішкентай әйел», «Бақытгүлдің бір күні» іспетті туындылары енген. Жинақтағы тағдырдың тауқыметін жалғыз тартқан әйелдердің, әкеге деген сағыныштары жүректерін сыздатқан балалардың бейнесі шынайы суреттелген.

Баршаның назарын кітапқа аударып, үлкен игілікті іспен айналысып келе жатқан Салтанат Әбдіғалидың «Кітаптар әлемі» жобасына бес жыл толуына орай «Жаназық» кітабы жарық көрген. Осы жоба аясында өмірге келген «Кітап жанашырлары» клубының оқырмандарды көбейту жолындағы сан қырлы ізденістері көңілге қуаныш ұялатып, болашаққа деген үмітті оятады.

Осы уақыттың ішінде кітап сүйер қауым ерекше ықыласпен қатысқан оқырмандар арасында "Бірге кітап оқиық!" онлайн бәйгесіне, "Жарыса кітап оқиық!" байқауына және "Әсерлі әңгіме" онлайн байқауымен қатар, мектеп жасындағы балалар арасындағы "Бірге кітап оқиық" онлайн бәйгесіне еліміздің барлық аймақтарынан жасөспірімдердің ерекше ынта-ықыласпен қатысқандығы қуантады. Оқырман ықыласын сәтті пайдаланған Салтанат Әбдіғали «Кітап жанашырлары» клубын құрып, қатарына қалың нөпір мүшелерін жинаған. Онда түрлі мамандық иелері: қаламгер де, кәсіпкер де, ұстаз да, құрылысшы да, шаштаразшы да т.б. бар. Бұл топты жетекшісі Салтанат Әбдіғали арнайы құрылған әлеуметтік желілері арқылы түрлі шаралар ұйымдастыра отырып, қызықты етіп жүргізіп келеді.  

Қоғамды кітап оқуға үндеп келе жатқан Салтанат Әбдіғали әлеуметтік желінің мүмкіндігін қазақ кітабын насихаттаудың жақсы бір құралына айналдырған «Кітаптар әлемі» жобасының жұмыстары «Жаназық»  кітабына өзек болған. Әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында бірде өлең мен әңгіме оқып, бірде ақын-жазушылармен подкаст түсіріп, сұхбатын жариялаған, бірде мақал-мәтел, жұмбақ т.б. жасырып, қара үзіп, үздік шыққандарына ақшалай сыйлықтар мен кітаптар таратқан жоба жұмысы «Жаназық» жинағының оқырманына қызықты болмақ.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2025 12:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see123

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see120

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see120

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see117

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see116

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see115

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see115

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see115

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see115

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see114

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see113

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see113

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see112

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see112

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see112

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see111

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары