Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Пашинян Әзербайжанға анклавтар мәселесін шешу үшін аумақтарды алмастыруды ұсынды

Көмір генерациясын дамыту жобасы: энергетикалық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі

Көмір генерациясын дамыту жобасы: энергетикалық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда Үкіметке 20 наурызға дейін бұл бағытта ұлттық жобаны бекітуді тапсырған болатын. 

- Қазақстанда 123,1 миллиард киловатт-сағат көлемінде электр қуаты өндіріледі. Барлық жоспарымызды табысты орындауға бұл жеткіліксіз. Мен мұны Қауіпсіздік Кеңесінің жақында өткен отырысында нақты атап өттім. Басқаша айтсақ, біз еліміздің әлемдік бәсекедегі артықшылықтарын тиімді пайдалана алмай отырмыз... Көмір – біздің стратегиялық активіміз. Оның қоршаған ортаға зиянын түгел жоятын заманауи технологияны қолданып, көмірді толық пайдалану керек. Көмірмен қуат өндіру ісіне Ұлттық жоба мәртебесі берілуге тиіс. Үкіметке Ұлттық жобаны әзірлеп, 20 наурызға дейін қабылдауды тапсырамын. Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы жылу электр орталықтарының құрылысын тездету қажет. Оның қай-қайсысы да – маңызды жобалар. Бұл мәселе шешімін таппай, тым созбалаңға түсіп кеткенін мойындау керек. Ал жұртшылық оны асыға күтіп отыр. Мен Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорының жұмысына сын-ескертпе айтамын, – деді Президент.

Қазақстан көмір қоры мен оны өндіру бойынша әлемдегі көшбасшы он елдің қатарына кіреді. 33,6 млрд тонна көлеміндегі энергетикалық көмірдің расталған қоры елді алдағы 300 жыл бойы отынмен қамтамасыз ете алады. Бүгінгі таңда дәл осы көмір - энергетикалық қауіпсіздіктің кепілі. Президент тапсырмаларын орындау мақсатында және ел қабылдаған көміртегіні азайту мен 2060 жылға қарай бейтараптыққа қол жеткізу бағыты аясында энергия жүйесін қамтамасыз ету мәселесінің шешімі - «таза көмір» технологиялары негізінде көмір генерациясын одан ары дамыту.

Фото: freepik

Еске салсақ, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанның энергетика саласына ластаушы заттардың жалпы көлемінің жыл сайынғы шамамен 39%-ы тиесілі екенін айтқан еді. Өңірлер арасында ластаушы заттар көлемінің басым бөлігі Павлодар облысына тиесілі, ондағы негізгі ластаушылар — Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2. Сонымен қатар, Алматы қаласында да ауа қатты ластанған. 

- Энергетика министрлігі Көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеп жатыр. Жоспарға шамамен 7,6 ГВт көмір генерациясының жобалары енгізіледі. Олардың қатарында: Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларындағы жаңа ЖЭО-лар, сондай-ақ Курчатов және Екібастұз қалаларындағы электр станциялары бар. Жаңа көмір электр станцияларының құрылысы экологиялық талаптар мен нормаларға сәйкес келетін, қоршаған ортаға әсері барынша азайтылған «таза көмір» технологияларына негізделеді. Жаңа нысандар түтін газдарын сүзудің озық жүйелерін және көмірқышқыл газын ұстау технологиясын қолдану арқылы салынады. Әрбір жоба әзірленіп жатқан Көмір генерациясын дамыту жөніндегі ұлттық жобада егжей-тегжейлі сипатталып, бекітіледі. Ұлттық жоба жаңа көмір электр станцияларын салу және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту, сондай-ақ елдегі қомақты көмір қорын ұтымды пайдалану есебінен елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Көмір өндіру көлемі артады

Жыл сайын елде 110 млн тонна көмір өндіріліп жатыр. Генерацияның мұндай ауқымды дамуы шикізат базасын озық қарқынмен кеңейтуді талап етеді. Бұл бағытта Қазақстандағы бүкіл көмір өндірісінің 38 пайызын қамтамасыз етіп отырған «Богатырь Көмір» ЖШС басты орынға ие. Теңгерімдік қоры 2,4 млрд тоннаны құрайтын кәсіпорын өндірістік көрсеткіштерді кезең-кезеңімен арттыруды көздеп отыр: өндіріс көлемі 2024 жылғы 42,7 млн тоннадан 2026 жылға қарай 45,2 млн тоннаға дейін өсіп, 2032 жылға қарай жыл сайынғы 56,5 млн тонналық ұзақ мерзімді межеге шығады деп жоспарланған.

Фото: bogatyr.kz

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін 2026–2032 жылдар аралығында көлемі 360 млрд теңгені құрайтын ауқымды инвестициялық бағдарлама қарастырылған. Қаражат күрделі құрылысқа, соның ішінде «Северный» қимасында жоғары тиімді циклдік технологияны енгізуге және жаңа үйінділерді жабдықтауға бағытталады.

Сонымен қатар, қаражаттың едәуір бөлігі тау-кен көлік жабдықтары паркін жүйелі түрде жаңартуға, сондай-ақ қолданыстағы қуаттарды реконструкциялау мен күрделі жөндеуге жұмсалады. Бұл еліміздің энергетика секторының өсіп келе жатқан қажеттіліктерін өтеу үшін көмір жеткізу тұрақтылығына кепілдік береді.

- Оған қоса, «Қаражыра» разрезінде көмір өндіру көлемі 2029 жылға қарай 73 пайызға өсіп, жылына 14,2 млн тоннаға жетеді. Өндіріс көлемін арттыру Семей, Өскемен және Курчатов қалаларында салынып жатқан жаңа жылу электр орталықтарын отынмен қамтамасыз ету үшін қажет. Аталған стансалардың жалпы жылдық көмірге сұранысы шамамен 6 млн тоннаны құрайды. Жоспардың жүзеге асырылуы жаңа көмір генерациясы үшін сенімді негіз қалыптастырып, Шығыс Қазақстан мен Абай облысының энергетикалық қауіпсіздігін ұзақмерзімге қамтамасыз етеді, - деп түсіндірді ведомстводан.

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің пайымынша, энергетикалық қауіпсіздік және көмір генерациясы — тұрақтылық, жұмыс орындары және өңірлердің болашағы туралы мәселе.

- Президенттің энергетикалық өзін-өзі қамтамасыз етуді нығайту және көмір генерациясын стратегиялық бағыт ретінде дамыту қажеттілігі туралы ұстанымын қолдаймыз. Қазақстан үшін бұл ұлттық төзімділік мәселесі. Сенімді энергиясыз өнеркәсіп те, жаңа өндірістер де, цифрлық экономика да, өмір сүру сапасы да болмайды. Егер көмір стратегиялық актив болса, демек ол ақылмен пайдаланылуы керек. Заманауи экологиялық шешімдермен, зиянды шығарындыларды азайтумен және өндірістік қуаттарды жаңартуға нақты инвестициялар салумен сүйемелденуі тиіс, - деді федерация басшысы.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:123
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Наурыз 2026 08:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see105

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see102

Пашинян Әзербайжанға анклавтар мәселесін шешу үшін аумақтарды алмастыруды ұсынды

15 Қазан 2026 08:27see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары