Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Қазақстандық өз әкесін сотқа берді енді ол ай сайын оған 40 мыңнан төлейтін болады

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Саңырауқұлақ сағатына 3% өседі

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

Үкімет Қазақстанда көмір генерациясын дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны бекітті

Үкімет Қазақстанда көмір генерациясын дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны бекітті

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Құжат Қазақстанның 2030 жылға дейінгі энергетикалық қауіпсіздігінің стратегиясын айқындайды, сондай-ақ, индустрияландыру және цифрлық экономиканы дамыту барысында қажеттілігі бірнеше есе арта түсетін базалық қуаттардың тапшылығын жоюға бағытталған.

IT-сектордың өсуі, деректер орталықтарын құру және жасанды интеллектіні енгізу тұрақты базалық жүктемені қажет етеді, ал оны тек жаңартылатын энергия көздерінің бір өзі қамтамасыз ете алмайды.

Ұлттық жобада 7,8 ГВт қуат көзін енгізу және жаңарту қарастырылған. Сегіз жаңа энергия өндіру көзін салу жоспарланған, оның ішінде Екібастұз (2 640 МВт), Курчатов (700 МВт) және Жезқазғандағы (500 МВт) ірі нысандар, сондай-ақ Көкшетау, Семей және Өскемендегі заманауи ЖЭО-лар бар. Сонымен қатар Ақсу ГРЭС, Екібастұз ГРЭС-2 және Қарағанды энергия торабын қоса алғанда, жұмыс істеп тұрған 11 стансаны терең жаңғырту басталады. Бұл жұмыстар саладағы негізгі жабдықтардың тозу деңгейін 2030 жылға дейін 12,6%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.

Жобаларды жүзеге асыру бюджеттен тыс қаражатқа, яғни инвестициялар тарту жолымен орындалады. Инвестициялардың жалпы көлемі – 7,5 трлн теңгеден астам.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Ұлттық жобада экологияға және «таза көмір» технологияларын енгізуге ерекше назар аударылып отыр. Енді жаңадан салынатын құрылыстар тек қана заманауи технологиялық шешімдерді қолдана отырып жүргізілетін болады. Бұл тиімділіктің стандартты көрсеткіштерден жоғары болуын қамтамасыз етеді және қалдықтардың үлесін айтарлықтай азайтады. Мұндай жобалар жоғары технологиялық электр сүзгілерін орнатуды, азот тотықтарын каталитизаторлық жолмен қалпына келтіру жүйелерін қолдануды және газдарды дымқыл жолмен күкірттен арылтуды көздейді. Бұл шаралар халықаралық стандарттарға және «ең үздік қолжетімді технологияларды» (ҚДТ) қолдану талаптарына сәйкес қалдықтар концентрациясын төмендетуге мүмкіндік береді.

Жобаның әлеуметтік блогы кадрлық өткір проблемаларды шешуге бағытталған. Жаңа жұмыс орындарын құру, оның ішінде 4,5 мыңға жуық тұрақты жұмыс орындарын ашу қарастырылған және ауқымды әлеуметтік қолдауды іске қосу көзделіп отыр. «Отбасы банкімен» бірлесіп көмір электр стансаларының қызметкерлері үшін жеңілдікті ипотека енгізіледі. Одан бөлек салалық жоғары оқу орындарының базасында мамандардың біліктілігін жүйелі түрде арттыру жоспарланған.

Аталған жоба жаңарған энергия жүйесінің тұрақты жұмысын жолға қою мақсатында өндіруші және көлік салаларымен үйлестірілген. 2030 жылға қарай энергетикалық мақсаттағы көмірге қосымша сұраныс жылына шамамен 20 млн тоннаны құрайды. Ол үшін Ұлттық жоба ашық вагондар паркін кеңейтуді (тәулігіне қосымша 600 бірлік), теміржол инфрақұрылымын жаңғыртуды және ішкі қажеттіліктер үшін отын тасымалдаудың болжамды тарифтік дәліздерін енгізуді көздейді.

Нәтижесінде, Ұлттық жобаны жүзеге асыру Қазақстанға энергетикалық егемендігін нығайтып, ел аумағында қазандық агрегаттарын, трансформаторлар мен автоматтандыру жүйелерін өндіруді ынталандыра отырып, отандық машина жасау саласында мультипликативтік әсер тудыруға мүмкіндік береді. Осылайша, көмір генерациясы ұзақ мерзімді экономикалық өсім үшін қажетті базаны қамтамасыз ететін жоғары технологиялық және экологиялық жауапты секторға айналады.

Осыған дейін елде көмір өндірісі артатыны туралы жаздық.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:219
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Наурыз 2026 13:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see181

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see177

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see167

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see166

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see163

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see162

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see161

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see152

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see147

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see146

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see143

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026 02:23see138

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see133

Қазақстандық өз әкесін сотқа берді енді ол ай сайын оған 40 мыңнан төлейтін болады

21 Қыркүйек 2026 11:14see133

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see133

Саңырауқұлақ сағатына 3% өседі

21 Қыркүйек 2026 18:39see132

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see130

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see129

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see120

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары