Концертке емес, алаяққа төлеп жүрмеңіз: ІІМ күмәнді ұсыныстардан сақтандырды
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Ішкі істер министрлігі концерт билеттерін сату кезінде кездесуі мүмкін алаяқтық туралы ескертеді. Интернет желісінде концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билеттерді сатып алу немесе алып-сату бойынша жалған хабарландырулар, сондай-ақ делдалдардан ұсыныстар кездесіп жатады.
Алаяқтар билеттерді сатып алуда көмек ұсынады немесе оларды қымбат бағаға сатады. Одан бөлек, жалған билеттер таратуы да мүмкін. Оларға сенген адамдар ақша аударып, соңында билетсіз қалуы ықтимал.
— Ішкі істер министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырады және кез келген іс-шараға билеттерді тек ресми әрі тексерілген жерлерден сатып алуды ұсынады. Бейтаныс адамдарға ақша аудармаған абзал, — деді ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.
Осыдан бұрын ІІМ жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтың жаңа түрлерінің таралуы туралы ескертті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:50
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Сәуір 2026 09:51 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















