Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

ХВҚ Киевке 700 млн доллар несие беру туралы шешім қабылдайды

Дәрігерлер көз түсін өзгертпек болған алматылық әйелдің көру қабілетін сақтап қалды

Қазақстандықтар Дубайға ұлттық жүргізуші куәлігімен баратын болады ІІМ

Энергетикалық нысандарды аралады

Маңғыстауда прокуратура әкімдік қаулысынан заңсыз норманы алып тастады

Ресейде Apple компаниясы тексеріледі Цифрлық даму министрлігі

Сәтбаевтағы қайғылы оқиға: терезедегі торға сүйенген бала көз жұмды

Ирак әлем чемпионатымен қоштасты, Сенегал рекорд жаңартты

Қызылордада БАҚ саласының өкілдеріне пәтер кілті табысталды

Қазақстанда шілде айында 44 градусқа дейін күн ысиды

10 млн тоннаға арналған алып зауыт​: француз компаниясы Қазақстандағы жаңа МӨЗ үшін ТЭН әзірлейді

Қазақстанда 7 сыныпқа дейін телефон пайдалануға болмайды

СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ескерту жасады

Жыл басынан бері Қазақстанда 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

Елімізде бір күнде 13 орман өрті болды

Қазақстан AI Opportunity Partnership бастамасына қосылды

Есілдегі қайғылы оқиға: 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды

Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

Бельгия Жаңа Зеландияны тас талқан етіп, топ жеңімпазы атанды

Миссиясы жауапты мамандық

Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынады

Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның жобасын жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынады

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Конституциялық Соттың Төрайымы – Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның төрайымы Эльвира Әзімова Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы бойынша жүргізілген жұмыстың алдын ала қорытындысын шығарды. Комиссия мүшелері мен азаматтардың пікірлерін ескере отырып, ол Ата Заңды республикалық референдумға шығаруды ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл жөнінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түпкілікті шешім қабылдайды.

Сөз басында Эльвира Әзімова азаматтық және заң қауымдастықтарының өкілдері, ғалымдар, құқықтанушылар, лингвистер, қоғамдық ұйымдардың мүшелеріне және Ата Заңның тағдырына бей-жай қарамай, өз ұсыныстарын білдірген мыңдаған азаматқа алғыс білдірді.

«Біз әрбір уәжді жан-жақты саралап, халықаралық тәжірибе мен ұлттық мүддені өзара сабақтастыра отырып, салмақты шешімдер қабылдауға ұмтылдық», – деді ол.

Конституциялық комиссияның миссиясы басынан бастап айқын болғанын, ол – азаматтардың көпшілігінің еркін көрсететін, құқықтар мен міндеттердің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін, мемлекеттілікті нығайтып, адам құқықтарының кепілдіктерін қорғауға бағытталған үйлесімді, салмақты Ата Заң моделін әзірлеу екенін атап өтті Эльвира Әзімова.

«Сіздермен бірнеше отырыс барысында талқыланған мәтін түбегейлі жетілдіріліп, түскен ұсыныстар ескерілді. Азаматтар, заңгерлік және азаматтық қауымдастықтар, сараптамалық алаңдардан түскен бастамалардың басым бөлігі жан-жақты талданды. Көптеген баптар тікелей жобада көрініс тапса, басқалары мәтіндік нұсқада және концептуалдық шешімдерге әсер етті», – деді комиссия төрайымы.

Мысалы, ҚР жаңа Конституциясының жобасына адвокаттың мәртебесі, меншік құқығының кепілдіктері, мемлекет келтірген зиянды өтеу құқығы, экологиялық қауіпсіздік, азаматтық мәселелері туралы нормалар және т.б. енгізілді.

Қазақша мәтіннің сапасына ерекше назар аударылды – терминология жаңартылды және қазіргі заманға бейімделді. Сонымен қатар өтпелі ережелер туралы ұсыныстар ескерілді.

Эльвира Әзімованың айтуынша, Еуразия кеңістіъгінде алғаш рет мұндай жұмыс толық ашық режімде жүргізілді.

«Барлық отырыстар онлайн режімде трансляцияланды. Мұны қоғамды Конституциялық үдеріске тартудың жаңа моделі деп қабылдауға болады», - деп атап өтті ол.

Комиссия төрайымы Конституция нормативтік құқықтық актілердің бүкіл жүйесі үшін бағыт беретін бағдар екенін еске салды: ол бағыт-бағдарды анықтайды, базалық қағидаттарды, адам мен азаматтың басты құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттілік және ұлттық мүдделердің негіздерін бекітеді.

«Конституцияны шамадан тыс жүктеуге келмейді. Қалған мәселелерді Парламент пен мемлекеттік органдар қабылдайтын заңдар мен құқықтық актілер арқылы реттеу көзделген. Көптеген идеялар алдағы заң шығару жұмысының негізіне айналып, конституциялық баптарды нығайтып, әрі қарай дамытуға ықпал етеді», - деп атап өтті Эльвира Әзімова.

Оның айтуынша, Комиссия мүшелерінің басым көпшілігі жаңа Конституцияның жобасын республикалық референдумға шығаруды қолдады.

«Осыған байланысты, комиссия мүшелерінің және азаматтардың көпшілігінің пікірін ескере отырып, Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның пысықталған жобасын республикалық референдумға шығаруды ұсыну қажет деп санаймын», - деді Комиссия төрайымы.

Эльвира Әзімова республикалық референдумды өткізу әрбір азаматқа өзінің конституциялық құқығын іске асырып, Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасы бойынша пікір білдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы референдум өткізу туралы шешім қабылдаған жағдайда, Конституциялық комиссияның миссиясы өз мәресіне жеткен боп саналады. Жаңа Ата Заң әділеттілік, тұрақтылық және қоғамдық сенімнің берік негізіне айналуы тиіс. Ол мемлекеттілікті нығайтып, әрбір адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, еліміздің дамуының сенімді бағытын айқындайды», – деп қорытындылады Конституциялық комиссияның төрайымы.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:114
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Ақпан 2026 17:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

ХВҚ Киевке 700 млн доллар несие беру туралы шешім қабылдайды

26 Маусым 2026 00:16see116

Дәрігерлер көз түсін өзгертпек болған алматылық әйелдің көру қабілетін сақтап қалды

26 Маусым 2026 11:57see114

Қазақстандықтар Дубайға ұлттық жүргізуші куәлігімен баратын болады ІІМ

26 Маусым 2026 07:04see113

Энергетикалық нысандарды аралады

26 Маусым 2026 00:11see113

Маңғыстауда прокуратура әкімдік қаулысынан заңсыз норманы алып тастады

26 Маусым 2026 00:10see113

Ресейде Apple компаниясы тексеріледі Цифрлық даму министрлігі

25 Маусым 2026 23:09see112

Сәтбаевтағы қайғылы оқиға: терезедегі торға сүйенген бала көз жұмды

26 Маусым 2026 00:12see112

Ирак әлем чемпионатымен қоштасты, Сенегал рекорд жаңартты

27 Маусым 2026 02:49see111

Қызылордада БАҚ саласының өкілдеріне пәтер кілті табысталды

26 Маусым 2026 12:48see110

Қазақстанда шілде айында 44 градусқа дейін күн ысиды

25 Маусым 2026 17:18see110

10 млн тоннаға арналған алып зауыт​: француз компаниясы Қазақстандағы жаңа МӨЗ үшін ТЭН әзірлейді

26 Маусым 2026 03:54see109

Қазақстанда 7 сыныпқа дейін телефон пайдалануға болмайды

26 Маусым 2026 15:40see109

СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты ескерту жасады

25 Маусым 2026 17:51see109

Жыл басынан бері Қазақстанда 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды

26 Маусым 2026 00:06see108

Елімізде бір күнде 13 орман өрті болды

27 Маусым 2026 01:19see107

Қазақстан AI Opportunity Partnership бастамасына қосылды

26 Маусым 2026 16:31see107

Есілдегі қайғылы оқиға: 16 жастағы жасөспірімнің мәйіті табылды

25 Маусым 2026 23:58see106

Мемлекет басшысының атынан Астанада бір топ БАҚ қызметкеріне пәтер берілді

26 Маусым 2026 21:22see106

Бельгия Жаңа Зеландияны тас талқан етіп, топ жеңімпазы атанды

27 Маусым 2026 10:45see106

Миссиясы жауапты мамандық

27 Маусым 2026 09:05see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары