Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Соңғы ескерту... : Мақпал Жүнісова өзін әлдекімдер қорқытып жүргенін айтты

АҚШ сыртқы салықтан $600 млрд түсірді

Абай ауданында жанар жағармай бекеті ашылды

Кеңес Рақышев мұнай газ жобалары үшін жеке холдинг құрды

Сарабдал сөз иесі

Президент: Әлеуметтік салада қалыптасқан қаржылық жағдайды ретке келтіру керек

BETT Show 2026: Қазақстан білім беру мен жасанды интеллект саласындағы жаңа кезеңге қадам басты

Бір педагогке 4 штат: Шымкенттегі 83 мектепте мұғалімдердің жүктемесі нормадан асып кеткен

Чемпиондар лигасы: Қайрат Арсеналға есе жіберді

Қазақстанда неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі

Ақтөбеде газ иісіне қатысты шағым көбейді: Мамандар неге себебін таба алмай отыр?

Франция Украинаның Еуроодақ несиесіне қанатты зымырандар сатып алуына қарсы БАҚ

Жоғарғы кеңестен Құрылтайға дейін: Қазақстан парламентінің тарихы

Райымбек батыр кесенесі мемориалдық кешенге айналады

Тоқаев ҚМА қызметкерлерін наградамен марапаттады

Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл

Өнер әлемі қара жамылды: Қазаққа танымал кино актері 75 жасында көз жұмды (ФОТО)

Инвестицияны арттыру жөніндегі кеңес

Швед мектептерінде ұялы телефондарға тыйым салынды

“Бизнеске заңсыз кедергі келтіру мемлекет мүддесіне қарсы ауыр қылмыспен парапар“ Тоқаев

Конституцияның жаңашылдығы байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Конституцияның жаңашылдығы байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Елімізде Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Кеше елордада кезекті бесінші отырысы өтіп, комиссияға енген түрлі сала өкілдері реформа аясында жаңаратын Ата заңымыздағы өзгерістер мен толықтырулардың жай-жапсарын талқылады.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Мемлекет және өркениет құндылығы нақтыланды

Комиссия төрағасы Эльвира Әзімова­­ның кіріспе сөзінен кейін алғашқы сөзді алған Мемлекеттік кеңес­ші, Конс­титуциялық комиссия төрағасы­ның орынбасары Ерлан Қарин жаңа Конс­титуция жобасының негіз­гі ерек­ше­­ліктеріне тоқталды. Әсіресе Ата за­ңның мағыналық тұрғыда терең­нен жаңа­руы­ның маңызына ден қой­ды. Бұл ел дамуының басты құндылық­тарын, қағидаттары мен бағыттарын айқындайды. 

«Конституция жобасының құқық­тық өлшемі егжей-тегжейлі таныс­тырылды. Алайда Конституция – тек заң нормаларының жиынтығы емес. Әр елдің Конституциясы – қоғам дамуының негізгі құндылықтарын, қағидаттары мен бағдарларын бекітетін басты құжат. Жобаны таныстыру барысында мәтіннің 84 пайызы өзгеріске ұшырады. Яғни жаңа баптар мен бөлімдер әзірленді. Негізгі заңның құрылымы айтарлық­тай өзгерді. Дегенмен Конституцияның жаңашылдығы, түзетулердің көптігінде ғана емес, ең алдымен оның жаңа тұжы­рым­дамалық мазмұнында. Баптар мен бөлімдер тек редакциялық өзгерістерге ғана ұшыраған жоқ. Біз бүгін талқылап отырған Конституция мәтіні жаңаша, жаңа мазмұнда, жаңа мағынада қайта жазылды», деген Мемлекеттік кеңесші бұның айқын мысалы ретінде жаңарған преамбуланы тілге тиек етті. Оның айтуын­ша, комиссия талқылауындағы нұсқа – Президенттің жуырда жария­ла­ған тұжырымдамалық тезистері негі­зінде әзірленген, мағынасы мен ішкі рухы жағынан мүлде жаңа преамбула.

«Жаңа преамбулада, біріншіден, адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жарияланды; Екіншіден, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфес­сияаралық келісім мемлекеттілігіміздің негізі ретінде айқындалды; Үшіншіден, соңғы жылдары қоғамдық сананың ажырамас бөлігіне айналған Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатты аялау сияқты құндылықтар алғаш рет бекітіледі; Төртіншіден, алғаш рет Конституцияның кіріспесінде мемлекеттілігіміздің тарихи жолы мен өркениет бастаулары айқын көрсетілді. Яғни преамбуланың кейбір сөйлемдері ғана ауысып, үтір-нүктесі ғана өзгерген жоқ. Жаңа преамбула өт­кен тарихи тамырымызды құндылық ре­тін­де айқындап, бүгінгі уақыттың негіз­гі қағидаттарын нақты белгілеп, болашаққа бағдар болатын ұстанымдарды бекітіп отыр», деді ол.

Одан әрі Мемлекеттік кеңесші жаңа Конституцияның идеялық, мазмұндық ерекшеліктеріне назар аударды. Оның айтуын­ша, жаңа Конституцияның орта­лық идеясы ретінде білім мен ғылым, мәдениет пен инновация айқындалып отыр. «Бұл – түбегейлі маңызды бетбұрыс. Яғни мемлекеттің болашағы – минералды ресурстарда, қазба байлықтарда емес, адам капиталы мен азаматтардың жетістігінде дегенді білдіреді. Осылайша, жаңа Конституция «Мемлекет не үшін керек, кім үшін керек?» деген сұраққа жауап береді деп ойлаймын», деді Е.Қарин. 

Елдік мүддені көздеген екі ұсыныс

Сонымен бірге Конституция жаңа мәтінінің жаңа заманның талаптарына сай жазылуы да оның басты ерекше­лігінің бірі екеніне тоқталды. «Біз цифр­лық дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Азамат­тар мен мемлекеттің қарым-қаты­насы цифрлық кеңістікте жүзеге асып жатыр. Конституцияда алғаш рет азамат­тардың цифрлық кеңістік­тегі құқық­тарын қорғау нормасы бекітілді. Яғни жеке деректерді қорғау – бүгін­де адам құқықтарын қорғаудың жаңа өлшемі ретінде айқындалып отыр. Бұл Конс­ти­ту­цияның болашаққа бағытталғанын көр­сетеді. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конс­титуция келешекте басқа елдер үшін үлгі де, бағдар да болады», деді Е.Қарин.

Бұған қоса, жаңа Конституцияның тағы бір басты ерекшелігі – адам құқықтарына бағдарлануы екенін атап өтті. Мемлекеттік кеңесшінің айтуынша, адам құқықтары мен бостандықтары жаңа преам­булада, 1-бөлімнің 1-бабында ғана емес, Конституциядағы ерекше басымдық Ата заңның арқауы ретінде бекітілген.

«Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты барлық норма Конституцияның «Негізгі құқық­тар, бостандықтар мен міндеттер» деп ата­латын негізгі екінші бөліміне бірік­тірілді. Осылайша, адам құқықтары мен бос­тандықтары туралы бөлім декла­ра­циялардың жиынтығы ғана емес, жаңа құқықтық тетіктермен және кепілдік­термен қамтамасыз етілген тұтас жүйеге айналды», деді Мемлекет кеңесші.

Ерлан Қарин жаңа Консти­туция­да қоғамдағы жаңа құндылықтар ай­қын­далғанына да тоқталды. Кейінгі жылдары қоғамдық менталитет, қоғамдық сана түбегейлі өзгеріске ұшырағанын, соған сәйкес, жаңа қоғамдық сұраныстар қалыптасып, жаңа Конституция осы талаптар мен сұраныстарға жауап беретінін тілге тиек етті.

«Қоғамдағы талаптың тағы бірі – жат мәдени модельдер мен мінез-құлық нормаларын күштеп енгізу әрекеттері­не деген алаңдаушылық. Сондықтан Конс­титуцияда некенің ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқылы одағы екендігі алғаш рет бекітіледі. Мұндай шешім дәстүрлі құндылықтарды ең жоғары құқықтық деңгейде қорғауға бағытталған. Екінші жағынан, бұл әйелдердің құқықтарын қор­ғауды күшейтеді. Бұл, яғни, әйел­дер­дің құқығын қорғау – кейінгі жыл­дар­дағы қоғамдағы үлкен талап-сұра­ныс­тың бірі. Жаңа Конституция осыған да жауап береді. Сондай-ақ дәстүр­лі құндылықтарды қорғау адам құқық­тарына қарсы емес, керісінше, олармен үйлесімді ұштасып отыр», деп атап өтті комиссия төрағасының орынбасары.

Мемлекеттік кеңесші Конституция жобасына қатысты екі ұсыныс енгізді. Оның біріншісі – қазіргі қолданыс­тағы Конституциядағы «Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет» деген норманы нақтылап, жаңа редакцияда: «Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет. Басқару үлгісі – президенттік республика» деп жазу. «Екіншісі – қол­даныстағы Конституцияның 3-бабында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бас­тауы – халық», деп көрсетілген. Бұл – мызғымас қағидат. Енді осыған «еге­мендік иесі» сөз тіркесін қосу қажет деген менің де, басқа әріптестердің де ұсыны­сы бар. Сонда бұл бап былай өзгер­тілсе: «Мемлекеттік биліктің бір­ден-бір бастауы және егемендік иесі – Қазақ­стан халқы». Бұл конституциялық құры­­лыстың ішкі логикалық тұтастығын қам­та­­масыз етеді», деп ойын түйіндеді.

«Біз талқылап отырған жаңа Консти­ту­ция мәтіні – мемлекеттілігі орнық­қан, халықаралық кеңістіктегі беделі қалыптасқан, адам капиталына, білім мен ғылымға, инновацияға басымдық беретін, болашағына зор сеніммен қарайтын Қазақстанның Конституциясы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, бұл – болашаққа бет бұрған, ауқымды жос­пары мен үлкен амбициясы бар ел­дің Конституциясы болуы қажет», деді Е.Қарин сөзінің соңында. 

Заң үстемдігіне негізделген жаңа модель

Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Конституциялық реформаның мәні мен ел дамуы үшін маңызына тоқталып, бірқатар өзекті мәселелерді атап өтті. Еліміз қазіргі кезеңде тарихи жаңғыру сатысына қадам басып, жүргізіліп жатқан реформалар жаңа құқықтық деңгейге көтеріліп отыр.

«Әрине, оның басты әрі баламасыз кепілі – бүгін сіз бен біз саралап, ертең бүкіл ел таңдау жасап, бағасын беретін – жаңа Ата заң. Ел Президенті ерекше атап өткендей, бұл мән-маңызы жағынан да, саяси-құқықтық мазмұны тұрғысынан да жаңа құжат», деді А.Балаева.

Бұл ретте жаңа Конституция жобасы – елдің өткен жолын жоққа шығару емес, керісінше, саяси сабақтастықты сақтай отырып, жетістіктерді жаңғырту мен кемшіліктерді түзетуге бағытталған қадам. Реформалардың басты мақсаты – ел тәуелсіздігін нығайтып, әділдікке, заң мен тәртіпке негізделген мемлекет құру.

«Бұл өзгерістердің ең басты лейтмо­тиві де – ел тәуелсіздігінің тұғырын бір­жола нығайтып, әлем санасатын сая­си ұлт­тың қолына төлқұжатын беріп, жолын ашу. Бұл терең ой «Біз – Қазақ­стан­ның біртұтас халқы» деп басталатын Конс­ти­ту­цияның жаңа кіріспесінен-ақ жақ­сы көрініп тұр», деді Премьер-министрдің орынбасары.

Конституцияның жаңа нормалары азамат құқықтары мен ұлттық мүдде­лер­­дің үйлесімін қамтамасыз етуге бағыт­тала­ды. Заң үстемдігі, әділдік пен қоғам­дық ке­лісім қоғам мен мемлекет арасын­дағы се­німді нығайтудың негізгі тірегіне айналмақ.

Сайлау жүйесін жаңарту арқылы саяси партиялардың рөлі күшейіп, саяси бәсеке мен сапалы қоғамдық пікірталасқа жол ашылады. Партиялар азамат пен мемлекет арасындағы нақты диалог алаңына айналуға тиіс.

А.Балаева Мемлекет басшысы ұсынған өзгерістер кезекті бір түзетулер емес, азаматтарымыздың мұң-мұқтажын ескеретін, әділдікті ту етіп, заң мен тәр­тіпке негізделген ел дамуының ұзақмер­зімді тың моделі екенін айтты.

«Жан-жақты талқылаулар мен ұсы­ныс­тарды саралай келе, кеше танысты­рыл­ған мәтінді Конституцияның жаңа редакциясы деп емес, Конституцияның жаңа жобасы деп қарастыру ұсынысын қолдаймын», деді Премьер-министрдің орынбасары. 

Қауқарлы құқықтық қалқан

Конституцияға енгізілетін өзгерістер көп­тің көкейіндегі негізгі сұраққа айна­лып отыр. Осылай деген Сенат төраға­сы­­­ның орынбасары Жақып Асанов бұл ре­фор­маның әр азаматқа не үшін қажет екені­не айрықша назар аударылғанын айтты.

«Ғұлама Абай заң мен әділдікке көп мән берген. Сөздерінің төркіні: заң дұрыс жұмыс істемесе, әділдік әлсірейді, ал әділдік әлсіресе, қоғамның іргесі сөгіліп, елдің берекесі қашады. Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп түйіндеген. Яғни заң мен тәртіп елді сақтау, жұртты ұйыстыру, әр адамның құқығы мен шегін нақтылау үшін керек», деп атап өтті ол.

Ж.Асановтың айтуынша, бұл ұстаным­­дардың негізі заң үстемдігінде жатыр. Ал сол заңдардың түп негізі – Ата заң. «Конс­титуция, ең алдымен еркін­дігіміз­ді, ар-намысымызды, меншігімізді қорғай­тын құқықтық қалқан. Екіншіден, әрқайсы­мызға білім алуға, емделуге, еңбек етуге, кәсіп ашуға мүмкіндік береді. Үшін­шіден, заң алдында бәрі тең қағида­сын бекітіп, әділ қоғамның ортақ стан­дар­тын орнықтырады», деген Сенат төраға­сының орынбасары Конституция­лық реформаның негізгі себептеріне тоқталды.

Оның айтуынша, біріншіден, қазіргі әлемдік жағдай күрделі әрі тұрақ­сыз. Осындай кезеңде Негізгі заңда қан­дай мемлекет екеніміз, қандай құнды­лықтарға сүйенетініміз айқын, нақты, еш күмән қалдырмайтындай шегелеп жазылуға тиіс. «Конституцияның алғаш­қы бетін ашқаннан-ақ бағытымыз да, ұстанымымыз да, мемлекет ретінде болмысымыз да анық көрініп тұрғаны маңызды. Екіншіден, біз кеше ғана пайда болған ел емеспіз. Тамыры терең Ұлы дала өркениетінің заңды мұрагеріміз. Бұл жер бізге оңай келген жоқ. Ата-бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтап қалған. Осы жер – бізге мұра болып қалған ең қастерлі құндылық. Сондықтан жаңа преамбулада осы аманат дәл әрі салмақты көрсетілген деп санаймын», деді сенатор.

Сондай-ақ Ата заңымызда біртұтас ел екеніміз, унитарлы, жеріміз бөлінбейтіні, шекарамыз мызғымас екені тайға таңба басқандай жазылған. Сенат төрағасы­ның орынбасары бұл қауіпсіздігіміздің өзегі әрі баршамызды ұйыстыратын ор­тақ ұста­ным екенін еске салды. «Үшінші­ден, қоғам­ның санасы өзгерді, азаматтар­­­дың мем­­лекеттік институттарға қоятын талабы күшейді. Демек, мемлекет те заман кө­ші­нен қалмай, басқару жүйесін жаңар­тып, азаматтардың құқығын бұрынғыдан да берік қорғауға міндет­ті. Осы тұрғыдан алғанда, ұсынылып отырған өзгерістерді толық қолдаймын», деді Ж.Асанов. 

Адам құқы – бірінші кезектегі мәселе

«Қазақстан заңгерлер одағы» рес­пуб­­ликалық қоғамдық бірлестігінің төр­ағасы Серік Ақылбай Ата заңға ен­гізуге ұсынылған өзгерістердің көлемі мен тереңдігі қолданыстағы құжатқа түзету ғана емес, шын мәнінде жаңа Конс­ти­ту­цияны қабылдау туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді деген пікір білдірді. Оның айтуынша, түзетулердің бұл жобасы конституциялық құрылыстың іргелі негіздерін қозғайтын нормалардың айтарлықтай жиынтығынан тұрады. Атап айтқанда, жаңа институционалдық архитектура қалыптасып жатыр: бір палаталы Парламент, Халық кеңесі, Үкімет қызметінің, сот жүйесі мен құқық қорғау тетіктерінің жаңартылған модельдері.

«Ұсыныстардың ауқымы мен тереңдігін саралай келе қолданыстағы Конституцияның жаңа редакциясы туралы емес, шын мәнінде жаңа Ата заң туралы айтқан жөн деп санаймын», деді Серік Ақылбай.

Оның айтуынша, бүгінде мемлекет пен қоғамның басқару тиімділігіне, құқық айқындылығы мен адам құқық­тарын қорғауға қоятын талабы жоғары. Осыған байланысты республикада билікті ұйымдастыру негіздері өзгеріп, жаңа институттардың негізі қаланып жатыр. Сонымен қатар ол жаңа Консти­туция мемлекеттіліктің негізгі құндылық­тарының толық сабақтастығы мен жинақталған құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, олардың дәйекті дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Одан әрі Конституцияда дінді мемлекеттен бөлуді тікелей бекіту жөніндегі жиынтық жобаға енген ұсынысын еске салды. «Ел аумағындағы діни ұйымдардың қызметі заңға сәйкес жүзеге асырылатынын, конституциялық құрылыстың негіздерін қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандық­тарын, халықтың денсаулығын, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын қорғау мақсатында шектелуі мүмкіндігін қосымша бекіту қажет деп санаймын. Мұндай толықтырулар идеяның түпкі мәнін ашады», деді ол.

Ал «Әділ сөз» халықаралық қорының президенті Қарлығаш Жаманқұлова жаңа Конституцияда сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндікті қорғау нормаларының бекітілуін жоға­ры бағалады. Оның айтуынша, сөз бос­тандығы азаматтарға өмірлік маңызы бар шешімдер қабылдау үшін қажетті объективті, толық әрі шынайы ақпа­рат­ты уақтылы алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар мемлекетті жүйелі қателіктерден қорғайтын құрал ретінде қарастырылуы мүмкін. «Сөз бостандығы Конс­титуция преамбуласының жаңа редак­циясында жарияланған құқық үстем­дігі мен «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтаудың рәсімдік шартына айналады», деді ол.

«Әділ сөз» қорының президенті сөз бостандығын қорғаумен қатар Конс­титуцияның жаңа редакциясы шығармашылық еркіндікті де қорғай­тынын, бұл ұғымдарды ғылыми, техни­калық, көркем шығармашылықтың барлық түрін қамти отырып кеңейтетінін атап өтті. «Бұл кепілдіктер зияткерлік меншікті қорғаумен қатар жүруге тиіс. Бұл әсіресе цифрлық дәуірде аса маңызды», деді Қ.Жаманқұлова. 

Партиялық тізім – кәсібилік кепілі

Мәжіліс депутаты Дания Еспаева Ата заңға ұсынылған өзгерістердің көлемі мен тереңдігі тек жекелеген түзетулер аясында қалмайтынын, Конституцияның жаңа мәтінін әзірлеу қажеттігіне объективті түрде алып келетінін айтты. Оның сөзінше, бастапқыдағы парламенттік реформа туралы бастама, сондай-ақ қоғамдық қатынастардың трансформациясы, цифрландыру мен жасанды интеллектінің дамуы Ата заңды кешенді түрде қайта қарауды талап етеді. Комиссияға келіп түскен екі мыңнан астам ұсыныс қазіргі конституциялық нормалардың жартысынан астамын қамтиды. Бұл тек жекелеген баптарды жаңарту емес, мемлекеттің басқару құрылымының архитектурасын қайта қарау қажеттілігін көрсетеді.

«Қазір алдымызда Ата заңның жекелеген бөлімдерін түзету немесе толықтырудан асып түсетін міндет тұр. Бұл – мемлекеттік басқару жүйесі­нің, құқықтар мен бостандықтар кепілдік­терінің, билік пен қоғам арасындағы өзара ықпалдастық тетіктерін терең қайта қарау», деді Д.Еспаева.

Сондай-ақ депутат бұл тәсіл құқық­тық актілер туралы заңнама талаптарына сай екенін атап өтті: нормативтік құжат мәтінінің жартысынан астамы өзгерген жағдайда оның жаңа редакциясы қабылдануға тиіс. Осы логика бойынша, жаңа Конституцияны әзірлеу – заңға негізделген қадам.

Комиссия отырысында Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев реформаның негізін құрайтын үш стратегиялық тіректі белгілеп берді. Депутаттың пікірінше, ең алдымен, жаңа конституциялық редак­цияға сәйкес, Құрылтайдың заң шығару­шы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган болып бекітілгені – заң шығару үдерісіндегі артық бюрократияны, палаталар арасындағы ұзақ келісімдер мен кедергілерді жояды әрі халықтың билікке тікелей қатысуын қамтамасыз етеді.

«Конституция бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Бұл – Құрылтай жай ғана заң қабылдаушы мекеме емес, халықтың билікке тікелей қатысуын қамтамасыз ететін, егемендігіміздің символына айналатын ең жоғары легитимді орган деген сөз. Билікке ешкімнің қол сұғуына жол бермейтін бұл конституциялық норма – мемлекеттілігіміздің мызғымас кепілі. Құрылтай заңның жобалануынан бас­тап оның қабылданып, күшіне енуіне дейін – басынан аяғына дейін толық жауапкершілікті өз мойнына алады», деді ол.

Сонымен қатар С.Егізбаев партия­лық тізім – кәсібилік пен саяси мәде­ниет­тің кепілі екенін айтты. «Стратегия­лық маңызы бар тағы бір шешім – Құрылтайдың пропорционалды негізде, яғни партиялық тізімдер арқылы жасақ­талуы. Бұл – еліміздің саяси мәдениетін мүлдем жаңа биікке көтереді. Партиялық тізім – Құрылтайдың интеллектуалдық әлеуетін қамтамасыз ететін негізгі тетік. Бұл жүйе арқылы біз Парламентке қоғам­­ның барлық тобын, әсіресе ауыл мамандарын, білімді жастар мен белсенді әйел­дерді тартамыз», деді Мәжіліс депутаты. 

Халық кеңесі – қоғамдық сенім институты

Бесінші отырыс барысында жүйелі диалогтің орнықты алаңына айналуға тиіс Халық кеңесін құру жөніндегі бастамалар да кеңінен талқыланды. Солтүстік Қазақ­стан облысы мәслихатының төраға­сы Владимир Бубенконың айтуынша, жаңа органның қызметі қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға, ашық талқылау және шешімдерді бірлесіп іздеу мәдениетін дамытуға бағытталған.

«Халық кеңесі заңнамалық бастама құқығына, республикалық референдум өткізу туралы ұсыныс жасау мүмкіндігіне ие болады. Оның мәртебесі мен өкілет­тігін Конституциялық деңгейде бекіту ұсынылады. Бұл оны бірден мемлекеттік биліктің жүйе құраушы институтына айналдырады», деп атап өтті ол.

В.Бубенко Халық кеңесін құру конс­титуциялық реформаның рухы мен логикасына сәйкес келетінін айтты. Бұл нормалар тіпті қоғамды мемлекеттік басқару үдерістеріне кеңінен тарту­дың құқықтық негізіне айналды. Соны­мен қатар В.Бубенко Халық кеңесінің Қазақстан халқы Ассамблеясының этнос­ара­лық, конфессияаралық келісімді қам­тамасыз ету, ішкі саясат пен мемле­кетт­ік идеология бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі функцияларын өз мойнына алатынына да тоқталды.

«Сайып келгенде, ол қоғамдық сенім институтына айналады. Азаматтар мен мемлекет арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, әртүрлі әлеу­меттік, этностық топтардың мүдде­лерін келістіріп, қабылданатын шешімдердің заңдылығын арттырады. Жалпыхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылдаған жағдайда Халық кеңесі ел азаматының әрбір сөзі ескерілетін ерекше платформаға айналады», деді В.Бубенко.

Жиын барысында Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов та әртүрлі әлеу­меттік этностық топтардың мүд­де­лерін қалыптастыру мен келісуге мүмкін­дік беретін, заңнамалық бастамаларды іске асыруға ықпал ететін жоғары консультативтік орган ретінде Халық кеңесінің ел өміріндегі айрықша маңызына тоқталды.

«Халық кеңесі халықтың еркін біл­діруші ретінде әрекет етеді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясат пен азаматтардың құқықтарының негізі саналатын қызметінің түбегейлі қағидаттарын ілгерілетеді», деп қосты ол. Сондай-ақ жаңа Конституция азамат­тардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін елдің берік іргетасына айналатынын айтты. 

Неке – ер мен әйелдің ерікті одағы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші проректоры, профессор Еркін Дүйсенов Конституция мәтінінде мемле­кеттік құрылыстың қазіргі заманғы мін­деттерін ескере отырып, Ата заң­ның ережелерін жүйелі түрде қайта қарауды талап ететін терминологиялық жаңсақ­тық­тар мен стилистикалық бұрма­ланулар бар екенін атап өтті. Консти­туцияның 3-бабы, 1-тармағының жаңа нұс­қасын бекітуді ұсына отырып: «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы және егемендік иесі – халық», деп атап өтті ол.

Профессордың пікірінше, мұндай редакция халықаралық стандарттарға, атап айтқанда, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің ережелеріне сәйкес келеді, әрі бірқатар демократиялық елдегі халық егемендігін бекіту тәжірибесін көрсетеді.

Ол Швейцария, Ирландия, Италия­ның тәжірибесіне сілтеме жасай отырып, «Жалпыхалықтық референдум азаматтардың тікелей ерік білдіруінің ең жоғарғы нысаны әрі саяси жүйеге деген сенімді  нығайту тәсілі болуы керек», деп атап өтті. Сонымен қатар өзінің жарияланымдары мен көпшілік алдында сөйлеген сөздерінде дәстүрлі құндылықтарды сақтау мәселесін талай рет көтеріп, Конституцияның 27-бабының ер мен әйелдің одағы ретіндегі неке туралы тұжырымын нақтылауды ұсынды.  Спикер Конституцияда некедегі ер мен әйел арасындағы норманы бекіту отбасы институты мен ұлттық бірегейлікті қорғауды қамтамасыз ететінін түсіндірді.

Конституция жобасында отбасы мен бала құқығын қорғау нормалары сақталып қана қоймай, айтарлықтай күшейтілген. Сонымен қатар неке инс­титутын нығайтуға, ата-аналардың жауап­кершілігін арттыруға, баланың құқы­ғын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа ережелер енгізіліп отыр. Бұл туралы еліміздегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді.

Конституция жобасының 27-бабын­да қолданыстағы редакциядағы­дай, неке мен отбасы, ана, әке және бала мем­лекеттің қорғауында екені, ал бала­ларға қамқорлық жасау мен оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі міндеті екені бекітілген.

«Бұл нормалар декларативті тұрғыда емес, нақты қолданбалы сипатқа ие. Олар мемлекеттік саясаттың негізіне айналып, бала құқықтарын қорғау саласындағы күнделікті жұмысымызға арқау болып отыр. Балаларды қорғау мәселесінде шешім қабылдағанда немесе ұстанымымызды қорғағанда біз дәл осы Конституциядағы түбегейлі қағидаттарға сүйенеміз», деді Д.Зәкиева.

Комиссия мүшесінің айтуынша, конституциялық нормалар өмірде нақты көрініс тауып келеді. Тек өткен жылдың өзінде мемлекет тарапынан 51 мыңнан астам оқиға кезінде қауіп-қатер дер кезінде анықталды. Алдын алу шаралары жүргізіліп, балалардың құқықтық қорғалуы қамтамасыз етілген.

Балаларды қорғау тек дағдарыс жағдай­ларында әрекет етумен шектел­мейді. Ол сондай-ақ балаларды әлеуметтік қолдауға, денсаулық сақтау, білім мен тәрбие беру ісіне, қауіпсіздігіне және отбасында өмір сүру құқығына кепілдік беруді қамтиды. Бұл үдерісте баланың әл-ауқатының негізгі тірегі ретінде отбасы мен ата-ананың жауапты қамқорлығына ерекше мән беріледі.

Д.Зәкиева комиссияның алдыңғы отырыстарының бірінде Елнұр Бейсен­баев­тың некені ер мен әйелдің ерікті әрі тең құқықты, заңға сәйкес мемлекет тіркейтін одағы ретінде Конституция­да бекіту жөніндегі ұсынысын еске салды. «Бұл норма қазақстандық қоғам­ның құндылықтарына негізделген және тұрақты дамуға мүдделі кез келген мемлекет үшін объективті қажеттілік. Некені міндетті түрде мемлекеттік тіркеу туралы талап балалардың құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді. Мен бұл норманы қолдаймын», деді Д.Зәкиева.

Сонымен қатар Конституция жобасында білім жүйесінің зайырлы сипа­тын бекітетін жаңа нормаға да ерекше көңіл бөлінген. «Қазақстан Республикасы­ның аумағындағы білім ұйымдарында оқу мен тәрбие беру жүйесі, діни білім ұйымдарын қоспағанда, зайырлы сипатта болуға тиіс. Бұл балалардың білім алуға деген құқығын толық жүзеге асыруына жағ­дай жасайды», деп сөзін түйіндеді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл. 

Серпінді алаң және мүмкіндіктер кезеңі

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жаңа бір палаталы Парламент – Құрылтай­ды қалыптастыруда пропорционал­дық жүйесін қолдайтынын айтты. Ол жаңа Конституция жобасына сәйкес болашақ Құрылтай бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалдық өкілдік жүйе бойынша құрылатынын айтты. «Партиялық-пропорционалдық жүйеге көшу азаматтарымыздың мүмкіндігін азайтады, оларды еліміздің жоғарғы заң шығарушы органына сайлану құқығынан айырады деген пікірлер бар. Менің ойымша, бұл өте жаңсақ пікір, қате түсінік», деді А.Сарым.

Ол қазіргі уақытта Бельгия, Испания, Финляндия, Швейцария, Болгария, Швеция, Норвегия, Нидерланд сияқты Еуропа елдерінде партиялық-пропорционалдық сайлау жүйесі жұмыс істеп жатқаны, сондай-ақ мұндай жүйенің Аргентина, Бразилия, Боливия, Эквадор, Израиль және Индонезияда да қолданылатыны жөнінде мәлімет берді. «Бұл елдердің сайлаушылары, заң шығарушылары мен заңгерлері осы жүйе азаматтарының сайлау немесе сайлану құқығын қандай да бір түрде кемсітеді деп санамайды. Бұл қалыпты, салауатты халықаралық тәжірибе», деп түсіндірді депутат.

А.Сарым сарапшылар атап өткен пропор­ционалдық жүйенің мажо­ритарлық жүйемен салыстырғандағы нақты артықшылықтарын санамалап берді. Сонымен қатар Халық кеңесі туралы пікір білдіре келе, ішкі саяси тұрақтылықтың тағы бір тірегіне айналатынын, құрамына азаматтық қоғамның кең спектрін және ірі ҮЕҰ тартатын орган болатынын атап өтті. «Кеңес әлеуметтік белсенді азаматтарға шешім қабылдау үдерісіне заңды және ашық түрде қатысуға, Құрылтайдың депутаты болмай-ақ өз идеялары мен бастамаларын іске асыруға мүмкіндік береді», деді депутат.

Белгілі экономист-ғалым, қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев Ата заңның жаңа нұсқасында білім, ғылым, инновацияға айрықша екпін түсірілгенін айтты. Оның пікірінше, Конституция кіріспесі мен 2-баптағы қағидаттар отандық стратегиялық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Бұл ойды әрі қарай жалғаған Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов реформаға қатысты ойымен бөлісіп, Құрылтай мен Халық кеңесінің жұмы­сындағы айырмашылық туралы айтты. Оның сөзінше, преамбула мәтінінде көрініс табуға тиіс ұсыныстардың ішінде болашақ ұрпақ алдындағы жауап­кершілік пен оның мүддесі туралы арнайы норма қарастырылған.

«Болашақ ұрпақ алдындағы жауап­кершілік – мемлекеттік саясаттың негізгі тірек қағидаттарының бірі. Бұл қағидат экологиялық саясатты қалыптастыруда, бюджеттік жоспарлауда, табиғи ресурстарды ұтымды әрі үнемді пайдалануда, ұлттық байлықты сақтауда басты бағдар болуы қажет. Бұл ұстаным мемлекеттік басқарудың көз алдындағы мүдделерге емес, елдің тұрақты әрі орнықты дамуына бағытталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ол мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігімен, қоршаған ортаны қорғау міндетімен және ұлттық қауіпсіздікті нығайту мақсатымен өзара тығыз байланысты. Сондықтан бұл норманы бекіту – жай декларативті ұстаным емес, мемлекеттік саясаттың нақты стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды қағида болуға тиіс», деді Б.Ізмұхамбетов.

Б.Ізмұхамбетовтің тағы бір тоқталып кеткен бағыты – Құрылтай мен Халық кеңесінің конституциялық мәртебе­сіне және олардың қызметіне қатыс­ты. «Құрылтай мен Халық кеңесінің жұмы­сы мазмұндық жақтан үндесіп, бірін-бірі толықтырып, жетілдіріп отырады. Осылайша, «Халық үніне құлақ аса­тын мемлекет» тұжырымдамасын толық­қанды жүзеге асыра аламыз. Халық кеңе­сінің артықшылығы – оның кең өкілет­­тігінде. Демек, Халық кеңесі – кеңес­­ші орган ғана емес, халықтың ойы ай­­тылатын, ұсынысы жеткізілетін, аза­мат­­тық ұстанымы ескерілетін алаңға айналады», деп нақтылады Мәжіліс депутаты. 

Құрылтай ықшамды әрі ұтымды болады

Ал Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсен­баев Конституцияны абстрак­тілі ұғым­дармен көмкеріп, тым күрде­лендіріп жібермеу маңызды екенін атап өтті.

«Конституция – теория емес. Ол – нақты ережелер жиынтығы. Мемлекет күнделікті соған сүйеніп жұмыс істейді, шешімдер қабылдайды, халықтың әл-ауқаты қамтамасыз етіледі.

Ал Құрылтай ықшам әрі ұтымды болады. Конституциялық комиссия қосымша бюджеттік шығындарға жол бермеуді барынша ескерген. Бұл – өте маңызды қадам, қоғамға берілген нақты ишара. Яғни біз «тек билік үшін көбірек билік қалыптастырудан» бойды аулақ салдық. Егер парламентарийлер санын стандартты еуропалық формулаға сүйеніп, халықтың саны немесе аумақтық қағидат бойынша есептесек, Құрылтайда 500–600 депутат болар еді. Әлемде ондай тәжірибе бар. Бірақ комиссия саналы түрде басқа жолды таңдады − депутат санын көбейтпей, керісінше, оңтайландырды», деді Е.Бейсенбаев.

Екінші аспект – процедуралық тығырықтан және биліктің шамадан тыс қат-қабат болуынан бас тарту. Әлемдік тәжірибе үлкен парламент − әрдайым қуатты парламент бола бермейтінін көрсеткен. Көбіне ол заң шығару ісін тежейді. Мәселен, ұзақ уақыт бойы Италия парламенті Еуропадағы ең ауқымды парламенттердің бірі болды (төменгі палатада 630 депутат). Бұл апатты бюрократияға әкеліп, заңдардың қабылдануын бірнеше жылға созған. Сол себепті 2020 жылы бұл ел батыл қадам жасап, депутаттардың үштен бір бөлігін (400-ге дейін) қысқартты. 

«Ұлыбританияда Қауымдар палатасында – 650, ал Лордтар палатасында 800-ден астам мүше бар. Соның салдарынан әлеуметтік маңызы бар заңдар палаталар арасында 20 реттен астам кері қайтарылған. Бұл алып механизмді қалайда жұмыс істету үшін үкімет пікірталасқа шектеу қоюға мәжбүр. Дәл осы себепті Мемлекет басшысы депутаттар санының шамадан тыс көбеюін орынсыз деп атады. Нақты регламенті бар және заңдар үш оқы­лымда қаралатын бір палаталы Құрыл­тай – шексіз мақұлдаулардан, кулуар­дағы компромистерден және жауап­кершіліктің бұлыңғырлануынан саналы түрде бас тарту», деді Мәжіліс депутаты.

Үшінші аспект – Халық кеңесінің қайталаушы емес, теңгерімді сақтайтын институт ретіндегі рөлі. Халық кеңесі Құрылтайдың баламасы емес және онымен бәсекеге түспейді. Ол – тұрақты қызмет ететін консультативтік орган, мемлекет пен халық арасындағы алтын көпір.

«Халық кеңесінің өкілеттігі конститу­циялық заңда нақты белгіленеді. Кеңес өзі қалаған кезде жиналмайды, әрі тағы бір Парламентке айналмайды. Оның міндеті – қоғамның талап-тілегін жинақтау, ішкі саясат, қоғамдық келісім, ұлттық бірлік пен құндылықтар мәселелерінде ұсы­ныстар тұжырымдау. Халық кеңесі­нің Құрылтайға заң жобаларын ұсыну, респуб­ликалық референдумға бастама­шы болу құқығына ие болды. Осы­лайша, біз әр құрылымның өз рөлін нақты айқындауға қол жеткіземіз. Яғни, Құрыл­тай – шешім қабылдайды және саяси жауапкершілік арқалайды. Халық кеңесі – қоғамдық сұраныс пен күн тәртібін қалыптастырады», деді Е.Бейсенбаев.

Конституциялық реформа аясында Ата заңдағы референдум ұғымы мен атауына қатысты өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. Бұл туралы Конституциялық комиссияның бесінші отырысында Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов мәлім етті.

«Қазіргі Конституция мәтініне сәйкес, «республикалық референдум» деп жазылғанын білесіздер. Дегенмен референдумдар ең маңызды мәселелер бойынша өткізілуге тиіс. Сондықтан референдумның атауында басқару нысаны емес, халықтың бірлігі, референдум өткізудің негізгі талабы аталып өтуі керек. Осыған байланысты оның ата­уын «республикалық референдум­нан» «Жалпы халықтық (ұлттық) референ­думға» өзгерту ұсынылады», деді Мәжіліс депутаты.

Сондай-ақ Мұрат Әбенов Консти­туцияда «Қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын» бекіту туралы өзгеріс діни құндылықтармен байланысты деген ел ішіндегі алаңдаушылыққа қатысты да түсінік берді. Оның пікірінше, комиссия мүшелері бұл жаңадан ұсынылып отырған ұғымды бұрыннан бар Қазақстан зайырлы мемлекет, «дін мен мемлекет бөлек» деген Конституциялық қағиданың негізінде қарастыруы керек.

«Әрбір адамның діни сенім бостан­дығына кепілдік беріледі. Ұсынылып отырған «Қоғамның рухани-адамгер­шілік құндылықтары» термині көпші­лік қолдайтын, жалпыадамзаттық құн­ды­лықтар туралы. Бұл термин жалпы қабылданған және осы мағынада кеңінен қолданылады», деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар Конституциялық ре­форма аясында ғылыми, көркемдік, техни­ка­лық және өзге де шығармашылық қызметтің еркіндігі мемлекет тарапынан тікелей кепілдендірілетіні айқын жазылды. Ол Конституция преамбуласында және қосымша екі бапта арнайы қаралған.

«Зияткерлік меншік ұғымын, автор­лық құқық, патенттер, ғылыми жаңа­лық­тар мен техникалық шешімдер құқығын қорғауды мемлекет Конституция дең­гейінде өз мойынына алады. Мемлекет шығармашылық және ғылыми қызметке жағдай жасауға міндетті деген қағидатты бекіту маңызды», деді М.Әбенов.

Кешегі бесінші отырыста, бұдан бөлек, Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров, Мәжіліс депутаттары Мақсат Толықбай, Снежанна Имашева, Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Мәди Мырзағараев, т.б. баядама жасап, ойларын ортаға салды.

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің тауар өндірушілер тізіліміне 5 мыңға жуық кәсіпорын тіркелген

Экономика • Бүгін, 09:43

Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:35

Қазақстанда қазір қандай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:23

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:12

Конституцияның жаңашылдығы – байыпты тұжырымдамалық мазмұнында

Саясат • Бүгін, 09:05

Суды үнемдеу – өңір дамуының өзегі

Саясат • Бүгін, 09:02

Инвесторларды қолдау тетіктері жетілдіріледі

Саясат • Бүгін, 09:00

Цифрлық жаңғыртудың нақты қадамдары

Саясат • Бүгін, 08:55

Әскери теміржол күзетінің мәртебесі бекітілді

Саясат • Бүгін, 08:53

Жасанды интеллект жұмыссыз қалдыра ма?

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:50

Креативті индустриядағы ұлттық қолтаңба

Жастар • Бүгін, 08:48

Трансфер нарығы: Нани «Ақтөбе» сапында ойнайды

Футбол • Бүгін, 08:45

Жақсылық жасау – жауапкершілік

Жастар • Бүгін, 08:43

Теңгенің тегеуріні

Теңге • Бүгін, 08:40

Оқытуды жеңілдеткен платформалар

Digital • Бүгін, 08:38

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:57
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Соңғы ескерту... : Мақпал Жүнісова өзін әлдекімдер қорқытып жүргенін айтты

28 Қаңтар 2026 23:28see183

АҚШ сыртқы салықтан $600 млрд түсірді

28 Қаңтар 2026 15:02see156

Абай ауданында жанар жағармай бекеті ашылды

28 Қаңтар 2026 19:53see115

Кеңес Рақышев мұнай газ жобалары үшін жеке холдинг құрды

28 Қаңтар 2026 16:16see113

Сарабдал сөз иесі

29 Қаңтар 2026 03:56see110

Президент: Әлеуметтік салада қалыптасқан қаржылық жағдайды ретке келтіру керек

28 Қаңтар 2026 15:56see108

BETT Show 2026: Қазақстан білім беру мен жасанды интеллект саласындағы жаңа кезеңге қадам басты

28 Қаңтар 2026 21:05see107

Бір педагогке 4 штат: Шымкенттегі 83 мектепте мұғалімдердің жүктемесі нормадан асып кеткен

28 Қаңтар 2026 23:27see107

Чемпиондар лигасы: Қайрат Арсеналға есе жіберді

29 Қаңтар 2026 03:14see107

Қазақстанда неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі

28 Қаңтар 2026 17:59see107

Ақтөбеде газ иісіне қатысты шағым көбейді: Мамандар неге себебін таба алмай отыр?

30 Қаңтар 2026 11:31see106

Франция Украинаның Еуроодақ несиесіне қанатты зымырандар сатып алуына қарсы БАҚ

28 Қаңтар 2026 18:11see106

Жоғарғы кеңестен Құрылтайға дейін: Қазақстан парламентінің тарихы

30 Қаңтар 2026 12:22see106

Райымбек батыр кесенесі мемориалдық кешенге айналады

28 Қаңтар 2026 20:18see106

Тоқаев ҚМА қызметкерлерін наградамен марапаттады

28 Қаңтар 2026 15:12see106

Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл

28 Қаңтар 2026 22:30see105

Өнер әлемі қара жамылды: Қазаққа танымал кино актері 75 жасында көз жұмды (ФОТО)

29 Қаңтар 2026 00:06see105

Инвестицияны арттыру жөніндегі кеңес

30 Қаңтар 2026 10:55see104

Швед мектептерінде ұялы телефондарға тыйым салынды

28 Қаңтар 2026 23:27see104

“Бизнеске заңсыз кедергі келтіру мемлекет мүддесіне қарсы ауыр қылмыспен парапар“ Тоқаев

28 Қаңтар 2026 14:39see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары