Көпбалалы әкелерге ешқандай көмек жоқ па?: Айқын Төлепберген бесінші баласын күтіп жүр
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Елге белгілі әнші, продюсер әрі актер Айқын Төлепберген жақында көпбалалы әке атанбақ, деп хабарлайды Аikyn.kz Politico.kz-ке сілтеме жасап.
«Бесінші балам дүниеге келейін деп жатыр. Арнайы дайындық керек емес, жүре бересің. Негізі көпбалалы әкелерге ешқандай көмек жоқ па? Бірдеңе бересіздер ме? Қанша дегенмен ана туды дегенімен, бәрін асырап жатқан мен ғой. Балалардың мектебі, киім-кешегі, үйірмелерінің бәрін төлеймін. Қалжыңдаймын», – деді Айқын.
Сонымен қатар ол әр баласының қос үйірмеге қатысатынын айтып, мемлекеттен көмек алуға мүмкіндігі болса да, оған жүгінбейтінін жеткізді.
«Әр балам екі үйірмеге барады, мемлекеттен бірнәрсе алуға болады екен. Бірақ мен мемлекеттен ештеңе сұрамаймын», – деп қосты ол.


