Көзге көрінбейтін қауіп: кене арқылы таралатын ауру күшейіп келеді
Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Ауру Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында жиі кездеседі. Кенелердің белсенділігі наурызда басталып, мамыр–маусым айларында шарықтау шегіне жетеді.
Қауіп тобына мал шаруашылығында жұмыс істейтіндер, эндемиялық өңір тұрғындары және науқастармен байланыста болатын медицина қызметкерлері кіреді.
Инкубациялық кезең 2–14 күнді құрайды. Ауру жоғары температурамен (39–40 °C), бас ауруымен, қалтыраумен, бұлшықет пен буынның ауырсынуымен басталады. Бірнеше күннен кейін қан кету белгілері пайда болуы мүмкін.
Мамандардың айтуынша, дер кезінде емделмеген жағдайда бұл ауру өлімге әкелуі ықтимал.
— Алдын алу үшін табиғатта репеллент қолдану, денені кенеге тексеру, қорғаныш киім кию және жануарларды арнайы өңдеуден өткізу ұсынылады. Кене шаққан жағдайда өз бетінше әрекет етпей, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет, — делінген хабарламада.
Осыдан бұрын Ақмола облысында 90-нан астам адамды кене шаққанын жазған едік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:60
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Сәуір 2026 16:58 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















