Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Липосакциядан кейін Ақтау тұрғыны шұғыл ота жасатуға мәжбүр болды

Липосакциядан кейін Ақтау тұрғыны шұғыл ота жасатуға мәжбүр болды

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазақстанда жеке емханада жасалған пластикалық отадан кейін пациенттің денсаулығы күрт нашарлаған кезекті жағдай тіркелді. Ақтау тұрғыны липосакциядан кейін жедел іріңді қабыну диагнозымен ауруханаға түсіп, шұғыл отаны бастан өткергенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті эпидемиологиялық тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды TengriHealth тілшісі Lada.kz-ке сілтеме эжасап.

Ауырсыну, ірің және шұғыл ауруханаға түсу

Ақтау тұрғыны Камила Нұржан жеке емханалардың бірінде липосакция жасатқаннан кейін жағдайы нашарлай бастағанын айтты. Іш тұсы ауырып, қабыну пайда болған, ірің ағып, жағымсыз иіс шыққан. Ол осы шағымдарымен емханаға бірнеше рет жүгінген.

Анықтама: Липосакция - бұл дененің белгілі бір бөліктеріндегі артық майды алып тастау арқылы дене бітімін түзетуге бағытталған пластикалық ота.

"Маған бұл қалыпты қалпына келу кезеңі екенін айтып, бандаж тағып, күте тұру керек екенін түсіндірді", - деп еске алады ол.

Алайда, Нұржанның айтуынша, 29 маусымда ол Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына шұғыл жеткізіліп, дәрігерлер оған жедел ота жасаған.

Әйел ұсынған медициналық қорытындыға сәйкес, оған құрсақ қабырғасының флегмонасы - жұмсақ тіндердің жедел іріңді қабынуы диагнозы қойылған. Бұл жағдайда хирургиялық араласу қажет болды. Ота кезінде дәрігерлер зақымдалған аймақты тіліп, іріңді тазалаған.

Науқастың отадан кейінгі жағдайы. Фото: Lada.kz

"Мұндай жағдай мұқият тексерілуі тиіс"

Камиланың айтуынша, липосакция жасаған емхана бұл асқынуларды организмнің жеке реакциясымен байланыстырып, өз кінәсін мойындаудан бас тартқан.

"Егер ем-домнан кейін адам ауруханаға ауыр іріңді қабынумен түсіп, оған шұғыл ота қажет болса, мұндай жағдай мұқият тексерілуі керек деп есептеймін", - деді ол.

Әйел құзырлы мемлекеттік органдарға шағым түсіргенін хабарлады. Ол медициналық мекеме жұмысының заңдылығын, қажетті лицензиялар мен рұқсат құжаттарының болуын, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын, отаға дейінгі тексеру мен отадан кейінгі бақылаудың сапасын тексеруді, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің іс-әрекетіне құқықтық баға беруді сұрайды.

Сонымен қатар, шағымданушы емшара үшін төленген ақшаны толық қайтаруды және тексеру барысында заңбұзушылықтар анықталса, кінәлілерді жауапқа тартуды көздеп отыр.

Полиция, СЭС және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментінің пікірі

Камила Нұржанның жағдайына қатысты біздің сауалымызға жауап ретінде Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті пластикалық хирургия және эпидемиология саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, жоспардан тыс тексеру жүргізуді жоспарлап отырғандарын хабарлады.

Тексеруге әйелдің көрсетілген медициналық көмектің сапасына қатысты шағымы негіз болды.

"Тексеру нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпарат қосымша хабарланады", - делінген қысқаша жауапта.

Сондай-ақ Маңғыстау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне де пікір алу үшін хабарластық.

Ведомство мәліметінше, 2026 жылғы 30 маусымда аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына Маңғыстау көпбейінді ауруханасынан "дене флегмонасы" диагнозымен түскен науқас туралы шұғыл хабарлама келген.

Анықтама: Дене флегмонасы - бұл дененің (іш, арқа, кеуде немесе бүйір) жұмсақ тіндерінің (тері асты жасушаларының, май тіндерінің, кейде бұлшықеттердің) жедел іріңді қабынуы.

"Шұғыл хабарлама негізінде қазіргі уақытта эпидемиологиялық зерттеу жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша қосымша ақпарат жолданады", - делінген 2026 жылғы 8 шілдедегі жауапта.

Сондай-ақ, өңірлік полициядан да сауалымызға жауап алдық. 13 шілдедегі мәлімет бойынша, Маңғыстау облыстық Полиция департаментіне Камила Нұржаннан бұл оқиға бойынша арыз түспеген.

"Өтініштің болмауына байланысты материал Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелген жоқ, аталған факт бойынша соталды тергеу немесе тексеру шаралары жүргізіліп жатқан жоқ".

Полиция өкілдері егер арыз түсетін болса, ол заңда белгіленген тәртіппен қаралып, тиісті процестік шешім қабылданатынын айтты.

Әйел неге дәл осы емхананы таңдаған?

Камила Нұржан Instagram желісінен жеке емхананың парақшасын көргеннен кейін липосакция жасатуға бел буғанын айтты.

Пациенттің айтуынша, жарияланған процедуралардың нәтижелері, клиенттердің пікірлері мен клиниканың сыртқы түрі сенім ұялатып, медициналық орталық ресми түрде жұмыс істейді және кәсіби деңгейде қызмет көрсетеді деген әсер қалдырған.

Ота жасатар алдында клиниканың лицензиясы мен маманның біліктілігін растайтын құжаттарын тексермегенін әйелдің өзі де мойындайды.

"Мен заңгер де, медик те емес, қарапайым пациентпін. Клиниканың парақшасын көріп, сенім арттым. Маған келісімшарт берілді, сондықтан қызмет заңды түрде жүзеге асырылып жатыр деп ойладым. Алғашында клиника есігінің үнемі жабық тұратыны мені секем алдырды. Есік тек іштен, бутиктердегідей батырма арқылы ашылады. Ол жерге жайдан-жай кіре алмайсың: есікті қақсаң да, дәрігерге келгеніңді айтпайынша ашпайды. Тек содан кейін ішке кіргізеді. Медициналық клиника үшін бұл өте оғаш көрінді. Бәрі жабық есік артында, пациенттер үшін ашықтық жоқтай сезілді. Бірақ, өкінішке қарай, бұл ойға мән бермедім", - деп бөлісті әйел Lada.kz журналистеріне.

Камиланың сөзінше, процедура алдында оған іріңді инфекцияның дамуы сияқты ықтимал ауыр асқынулар туралы егжей-тегжейлі түсіндірілмеген. Ол дәрігерлердің тек липосакцияның стандартты салдары - көгеру, ісіну және ауырсыну туралы ғана ескерткенін айтады. Ота құны 450 мың теңге болған.

Енді Камила өзге пациенттерді кез келген хирургиялық және косметологиялық процедуралар алдында медициналық ұйымдардың құжаттары мен мамандардың біліктілігін мұқият тексеруге шақырады.

Басқа жағдайлар

Еске салайық, кейінгі айларда Қазақстанда пластикалық оталарға байланысты бірнеше қайғылы оқиға болды.

Мәселен, 11 маусымда Алматыда липосакция процедурасынан кейін 59 жастағы әйел көз жұмды. Туыстарының айтуынша, әйелді әлеуметтік желідегі жарнама қызықтырған. Жақындарының сөзінше, ол ота үшін екі миллион теңгеге жуық қаражат төлеген. Алайда отадан кейін бірнеше сағат өткен соң пациент қайтыс болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, өлімге миокард жедел инфарктісі себеп болған. Марқұмның жақындары оның отаға дейін денсаулығына шағымданбағанын айтып, полицияға арыз түсірді. Артында үш баласы анасыз қалды.

15 мамырда Алматыдағы жеке клиникада липосакциядан кейін блогер Сәуле Базархан қайтыс болды. Туыстарының сөзінше, отадан кейін бірнеше сағат бойы жақындарына пациенттің жағдайы туралы ақпарат берілмеген, ал өлімі туралы кейінірек хабарлаған. Полиция департаменті әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғады.

Сондай-ақ мамырда Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты Ербол Айтуовтың қаза болғаны белгілі болды. Ол иек астындағы артық майды алдыру үшін жеке клиникаға жүгінген.

Жеке медициналық орталықта пациент қайтыс болғаннан кейін ұйымда жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Сондай-ақ 49 жастағы ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Осы қайғылы оқиғалардан кейін Денсаулық сақтау министрлігі пластикалық хирургия клиникаларына қосымша жоспардан тыс тексерулер жүргізетінін мәлімдеді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Денсаулық

Медицина

шағым

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:98
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Шілде 2026 17:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see145

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see122

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see122

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары