Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

Лукойлдағы қазақ үлесі кімнің қанжығасында кетеді?

Лукойлдағы қазақ үлесі кімнің қанжығасында кетеді?

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

30 қазанда «Лукойл» компанияның РФ-дан тыс жерлердегі активтерін бақылайтын өзінің жүз пайыздық «еншілесі» LUKOIL International GmbH-ді сату бойынша Gunvor-мен мәміле туралы жариялады, хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Ресми ақпарат бойынша активтерді сату қызметті тоқтатуға арналған OFAC лицензиясына сәйкес жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда компания өзінің шетелдік активтерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін лицензияны ұзартуға өтінім беруді жоспарлап отыр.

Қазақстандық мемлекеттік органдар шетелдік серіктестермен диалогта сату мүмкіндігін қарастырып отыр. Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешовтың айтуынша, мәселе әзірге ерте сатыда, нақты шешім жоқ. Министр келіссөздер ресейлік компаниямен және Қазақстанның Энергетика министрлігімен тікелей емес, тек тиісті халықаралық консультанттар мен «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы арасында ғана жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сатып алушы кім болуы мүмкін екені де белгісіз.

Елімізде «Лукойл» бірнеше отандық мұнай өндіруші кәсіпорындарда үлеске ие. Оған «Теңізшевройл» акцияларының 5%-ы, «Karachaganak Petroleum Operating» акцияларының 13,5%-ы, «Қаламқас-теңіз-Хазар» жобасының 50%-ы, «Al-Farabi Operating» және «Каспий құбыр консорциумының» 12,5%-ы тиесілі.

«Қарашығанақ» консорциумындағы «Лукойл» үлесіне басқа заңды тұлға – «Лукойл Оверсиз Қарашығанақ» иелік етеді, сәйкесінше, ол мәміле периметріне кірмейді. Кезінде Каспий қайраңының қазақстандық секторында жұмыс істеу үшін құрылған 3 ЖШС сияқты: «Kalamkas-Khazar Operating» және «Әл-Фараби Оперейтинг» «ҚазМұнайГаздың» серіктесі тікелей «ЛУКОЙЛ Мұнай Компаниясы» ЖАҚ болып саналады. Ал «Жеңіс Оперис» ресейлік «Лукойл Казахстан Апстрим» компаниясының еншілесі», деп жазады сарапшы Олег Червинский.

Сарапшы Арман Бейсембаев қазіргі жағдайдың беталысы қандай да бір болжам жасауға мүмкіндік бермейді дейді.

«Роснефттің» Қазақстандағы негізгі рөлі мұнай экспортын қамтамасыз ететін «Каспий құбыр консорциумындағы» үлесімен байланысты. Компания КТК-ның 7,5% акциясына ие. «Лукойлда» МосБиржа тәрізді өзіне қарасты компаниялардың біріне сатып жіберу мүмкіндігі шектеулі. «Лукойл» еліміздің мұнай-газ саласына 12 млрд доллардан астам қаржы салды. 94 млн тонна мұнай және 60 млрд текше метр газ өндірді. Дегенмен, біздің жағдайда барлық нәрсенің кілтін табуға мүмкін екенін естен шығармайық. Мысалы, 2022 жылдары Ресейден Қазақстанға көшкен компаниялар уақыт өте келе қазақстандық компаниялар болып тіркелді. Біздің елде мұнай саласында біраз ресейлік компания жұмыс істейді. Солардың бірі үлеске ие болып, күні ертең қазақстандық компания болып қайта тіркелуі, сөйтіп жіптің бір ұшында «Лукойлдың» тұруы да әбден мүмкін, Бірақ бұл – біздің ел үшін ойын ережесінің ең қауіпті түрі. Мен тәуелсіз сарапшы ретінде 5%-дық үлесті үкіметтің сатып алғанын қалар едім. Мұндай мәміле Қазақстанның көмірсутек нарығындағы мүмкіндіктерін арттыруы мүмкін», дейді сарапшы.

«РАСЕ Analytics» талдау компаниясының директоры Асқар Исмаиловтың айтуынша, Қазақстан үшін ағымдағы жағдайда іске асыру жоспарлары мұнай сату мен тасымалдауды қиындатуы мүмкін.

«Қаламқас-теңіз Хазар» – өте күрделі кен орны. Жобаны іске асыру кезінде қосымша тәуекелдер енгізетін Каспийдің тайыздану факторын ұмытпау керек. Бұл жобалардың барлығы барлау сатысында және әлі өнеркәсіптік өндіруге шықпаған. Сондықтан шешім қабылданған жағдайда оларды іске асыруды жалғастыру үшін «Лукойл» мен оның ішкі талаптарының ықпалынсыз жобалардың бүкіл экономикасын есептеу қажет. «ҚазМұнайГаз» бұл жобаларды жалғыз өзі іске асыра алмайды. Тәжірибе жоқ, білікті кадрлар жоқ. Сондықтан серіктестер іздеуге тура келеді. Егер теңіз жобаларын іске асыру тәжірибесі бар халықаралық компаниямен бірге отандық жеке компаниялар қатысатын болса, онда бұл сыртқы инвесторлар үшін өте жақсы белгі болады. Егер Қазақстанға жобалардағы үлесті сатып алу қажет болса, онда бұл – «Теңіз», «Қарашығанақ» және «Каспий құбыр консорциумы» екені анық. Егер «Шах-Дениз» (Әзірбайжан) жобасы да сатуға қойылса, оны да мүмкіндік ретінде қарастыру керек. Бұл қазақстандық мұнайды Әзербайжан арқылы тасымалдау мәселесін жеңілдетеді», дейді Ә.Исмаилов.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 13:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see116

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see116

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see115

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see114

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see113

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see112

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see112

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see112

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see112

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see111

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see111

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see111

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see110

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see109

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see109

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see108

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see108

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see108

Қазақстанда қуаттылығы 2 миллион тонна болатын жаңа МӨЗ салу жоспарлануда

05 Қараша 2026 15:27see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары