Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

Алматыда 500 мың теңгеге бала сатылды деген ақпарат тексерілді

Теңге мен бюджетке соққы: ОПЕК+ әлсіреуінің салдары

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

Ыстамбұлдағы сұлулық салонының клиенттерін жасырын түсіріп, жазбаларды Telegram да сатқан

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Жаз өтті, қаз өтті : Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды

Алматы облысында мектептер маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Ақтауда қайық тасқа соғылып, екі адам көз жұмды

Мәшһүр Жүсіп мұрасының сақталып қалуына кімдер үлес қосты?

Мәшһүр Жүсіп мұрасының сақталып қалуына кімдер үлес қосты?

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Ол қазіргі Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауданының Қызылтау қойнауындағы Найзатас деген жерде 1858 жылы ережеп айында жұма күні бесін намазы уақытында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған есімі Адам-Жүсіп. 9 жасында қалың топтың алдында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын жатқа айтқан кезде, Мұса Шорманұлы: «Өз заманында халыққа мәшһүр болатын бала екен», деп сүйсініп, бата берген. Сол күні тақиясына үкі тағылады. Осылайша оған Мәшһүр деген есім қосақталып, халық оны Мәшһүр Жүсіп деп атап кеткен.

Әуелі әкесі Көпей сопыдан (Көпжасар) діни білім алған Мәшһүр Жүсіп 1863-1868 жылдары Баянауылдағы медреседе Нәжмедтин молдадан, 1868-1872 жылдары Қамар-ад-дин хазіреттен дәріс алып, Шағатай, араб, парсы тілдерін меңгеріп, исламдық ғылымнан нәр ала бастайды. Сондай-ақ, Жүніс молдадан сабақ алады. Мәшһүр сонымен қоса Ақкөл-Жайылмадағы қожа Исабек ишаннан хасида оқуын оқыған. Бұхар шаһарында да діни ілім алған.

«Бұхардағы «Мир-Ғарап» медресесіне оқуға түскен 17 баланың көбі хасиданы игере алмаған. (Хасида – жын-пері әлемін бағындыру). Хасида оқуын небәрі 6-7 бала игеріп шыққан, солардың бірі Мәшһүр Жүсіп.

Мәшһүр 1872-1874 жылдары Бұхардағы «Көкілташ» медресесінде оқып, мұсылманның жоғары білімін бітіргенін айғақтайтын шатырхат алады.

Ол әулие кісілердің пешенесіне ғана жазылған тылсым өнерді зерттеп игерген», деді Абай Шарапиев.

 

Айта кетейік, Мәшһүр Жүсіптің дін тақырыптарындағы қолжазбалары мұрағаттарға аз тапсырылған. Оның себебі – совет өкіметінің дінге деген зорлықшылдығы еді.

Мәшһүр Жүсіп жазған риуаяттар, хадистер, діни қисса, уағыз-насихат сөздері елде қалып, қаншама жазбаларды жергілікті тұрғындар дұғалық ретінде қайтыс болған адамдардың басына жерлеп, қорыққандары үйдің қабырғасына сылап жіберген, кейбіреулері тіпті өртеп жіберген.

«Сақталып қалған бірталай діни еңбектері Мәшһүр Жүсіптің өзі салдырған там үйінің ішінде болған. Там ішіне қойылған қиықша шкафтың сөресінде діни жазбалары толып тұрған. 1952 жылы совет өкіметінің арнайы қаулысымен Мәшһүрдің там үйі қиратылды. Тамды қиратқанда қатты жел көтеріліп, дүниені дауыл басқан екен. Сол кезде көптеген қолжазба күзгі дауылмен далаға ұшып кеткен.

Оның шәкірттерінің бірі Иманғали Мәненов ақсақал «менде тығылып сақталғаны Мәшһүр атаның діни еңбектерінің төрттен бірі ғана», деп еске алған еді», деді Абай Шарапиев. 

Ақын Мәшһүр өлең-жырларында дүмше молдалардың құлқынқұмарлығын және екіжүзділігін аяусыз әшкереледі, дін тазасын үлгі етті.  

Павлодарға Мәшһүр Жүсіптің көне қолжазбалары әкелінді 

Қазақ тарихы ғылымында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының алар орны ерекше. Мәшһүр мұраларында, әсіресе, тарихи тұлғаларға байланысты мол деректер берілген.

Сондай-ақ ол халық даналығын, тарихи фольклорын жинады. Қазақтың ауызекі шежіре дәстүрін хатқа түсірді. Мәшһүр Жүсіп қазақтың жазба шежіре дәстүрінің негізін салушылардың бірі.

Мәшһүр Жүсіптің 1907 жылы «Сарыарқаның тарихи әңгімесі. Сарыарқаның кімдікі екендігі турасында», «Тірлікте көп жасағанда көрген бір тамашамыз» және «Хал-ахуал» атты кітаптары Қазан қаласында басылып шыққан. Сол кітаптардың соңы зор дауға айналған. Өйткені кітаптарында орыстың отаршыл саясатын әшкерелеген еді.

Еске салайық, 1893 жылы патша өкіметі Сібір темір жолын салуды аяқтағаннан кейін қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алып, орыс мұжықтарын «переселен» етіп көшіргені мәлім. Халықтың ата-бабадан қалған жерлерінен айырыла бастаған кезде, ел-жұртын ойлаған қазақ зиялылары сол саясатқа наразылығын күшейткен.

«Мәшһүр Жүсіп қазақ халқының қамын көп ойлаған. Ол кітаптарында патшаның зұлым саясатын, қазақты алдауын алға тартып сөйледі. Бабалардан қалған қазақ жерінің тұтастығы туралы айтты, қазақтың өз жері үшін тарихи құқын дәлелдеп жазды.

1907 жылы кітаптары шыққан кезде патшаның заң орындары Мәшһүр Жүсіпті қамауға алуға бұйрық береді. Жандармдар оған іздеу салып, соңына түседі. Қуғыннан жасырыну мақсатында Мәшһүр өзінің фольклор жинау сапарларын жиілеткен», деді Абай Төлеубайұлы.

Сонымен қоса Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы танымдық, саяси, тұрмыстық-шаруашылық тұрғысындағы мақалаларын 1880-1895 жылдары «Дала уалаяты» газетіне, 1911-1912 жылы «Айқап» журналына жіберіп отырған.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы: «Сайрамсуда мың шейіт, Қасқасуда кім жатыр?»

Мәшһүр Жүсіптің мұрасын сақтауға атсалысқан шәкірттері болған. Олар Мәшһүр тәрізді діни оқуға терең түспесе де, қасында жүріп жазғанын көшіріп, насихатын қабылдап отырған. Мәшһүр мұрасын көшіргендердің қатарында Жолмұрат Жүсіпұлы, Иманғали Мәненұлы, балалары Мұхаммед-Шәрәпидден, Мұхаммед-Пазыл. Сонымен қоса Мәшһүр Жүсіптің үлгісін ұстанған ақсақалдар – Қасенғали Жүсіпұлын, Мағзұм Ахметұлын, Садық Сапабекұлын, Әшім Қарақызтегін, Зұқаш  Кәрібайұлын айта кеткен жөн.

«Бұл қариялардың соңы ұзақ жасап, Зұқаш қариядан басқасы 1990-шы жылдардың басында дүниеден өтті.

Мәшһүрдің үлкен ұлы Мұхаммед-Шәрәпиден ғұламаның мұрасын тиянақты сақтап, 1934 Алматыдағы Орталық ғылыми кітапханаға өткізді.  Аталған кітапханаға сонымен қоса 1949 жылы ғұламаның мұрасын жиені Жолмұрат Жүсіпұлы өткізген.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы еңбектерінің басым бөлігі Алматыдағы Орталық ғылыми кітапхананың сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар қорында сақтаулы», деді Абай Төлеубайұлы.

Мәшһүр Жүсіппен суретке түскен Әбдіразақ кім?

Мәшһүр Жүсіп жас кезінде салт атпен ел аралап, жиған-терген дерегін қағаз бетіне түсіріп, түйе жүнінен тоқылған қоржынына салып жүре береді екен. Ұзақ жол жүрістен аттың терісі қоржынға өтіп, ондағы қағаздар умаждалып, бетіндегі сиясы өшіріліп кететін көрінеді.

«Терлегендегі аттың терісі улы болатыны сонша қағаздағы жазылған сияны өшіру түгілі, улы жыланды да өлтіріп жібереді екен. Сол себепті Мәшһүр Жүсіптің шәкірттері сол жазбаларды көшіріп, білмегендерін өзінен сұрап қалпына келтіріп отырған. Сондай көшірулердің арқасында Мәшһүр Жүсіптің еңбектері сақталды», деді Абай Шарапиев.

Абай Төлеубайұлы бабасы Мәшһүрді көрген және ол туралы көп мәлімет қалдырған кісілерді атап өтті.

«Мәшһүр бабамды көзімен көрген сондай кісілердің қатарында Иманғали Мәненұлы, Жұқаш Кәрібайұлы, Мұқатай Құлжанұлы ақсақалдар, жазушы Дихан Әбілев, академик Шапық Шокин, белгілі өнер қайраткерлері Қуат, Суат Әбусейітовтер, Мәшһүр атамның үлкен келіні Ақзейнеп әжем, Мәшһүрдің немересі менің әкем Төлеубай Шәрәпиденұлы.

Сонымен бірге Мәшһүр атамды көргендерді көрген кейінгі буын өкілдеріне Сәдуақас Ғылмани (Сәкен қалпе), Өкпенің Кәрімтайы, Төлепберген Алдабергенұлы, Мәшһүр атамның немересі Сүйіндік Шәрәпиденұлы ағатайым, журналист Амангелді Қаңтарбайұлы.

Осы аталған кісілер арқылы ғұлама туралы көп мәліметтер қалды және мол мұрасы сақталды», деді Абай Төлеубайұлы.

МәшҺүр Жүсіптің тұмарын тағып соғысқа аттанған жігіт жайлы аңыз

Мәшһүр мұрасы ертерек кезден бастап түрлі себептермен шашылып, елдің ішінде де, алыс сапарларында да қолды болып кеткен.

«Мәшһүр Жүсіп бір өлеңінде: 

Бұхар бардым, еңбегім онда қалды,

Ташкенттегі, жолдағы ел ұрлады.

Қыдырсаң да дүниені таба алмассың,

Бір еңбегі жанбаған біздей жанды», деп жазған.

Десе де, Мәшһүр Жүсіп әулие ғой. Арманы орындалды, мұрасының бірталай бөлігі сақталды. Мәшһүрдің жазба мұрасы араб, парсы, шағатай тіліндегі көшірмелерін есепке алғанда кемінде 30 том кітап болады», деді Абай Төлеубайұлы.

Мәшһүр Жүсіптің 20 томдық шығармалар жинағы цифрлы форматқа көшті

Айта кеткен жөн, жанрлық тұрғыда Мәшһүр Жүсіптің шығармашылығы сан-алуан. Діни рауаят, хикмет, дастандар, тарихи фольклор (қария сөз, шежіре нұсқалары, аңыз-әфсаналар, ертегілер, жұмбақтар), тұрмыстық фольклор (даналық сөз, мақал-мәтел, ақ бата, тілек, беташар, бесік жыры, жоқтау үлгілері т.б.) және әдеби-көркем шығармалар мен публицистикалық мақалалар. Сонымен қатар Мәшһүр Жүсіптің философия, тіл, әдебиет, медицина, космология сияқты салалар бойынша жазған еңбектері де көп.

Осы тұста қазақтың біртуар перзенті, ғалым Әлкей Марғұланның сөзін келтіре кетейік.

«Мәшһүр ақындықтан басқа ғалым адам. Күншығыс, араб, парсы халықтарының тарихын, фәлсафасын жақсы білген. Химия, физика, астрономия ғылымдарынан хабары болған. Мәшһүрдің бұл сияқты терең ғылымдармен танысуына себеп болған атақты Әбу Әли Сина, Әл-Фараби сияқты орта ғасырлардағы Бұхар ғалымдарының шығармалары. Ол араб, фарсы, түрік кітаптарын көп оқыған. Мәшһүр Жүсіп жинаған тарих, әдебиет материалдары өте бағалы», деп жазады Әлкей Марғұлан.

Мәшһүр Жүсіптің бір хаты

Бүгінде Мәшһүрдің мол қазынасы ғылыми мақсатта да қолданылып келеді. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларын кирилл әрпіне аударуды және алғашқы зерттеу жұмыстарын 1984 жылы ғалым Сәрсенбі Дәуітұлы бастаған. Мәшһүр Жүсіптің екі томдық өлеңдер жинағы алғаш рет 1990 жылы шықты.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Мәшһүр Жүсіп шығармаларынан алғашқы жинақ 1992 жылы және «Қазақ шежіресі» кітабы 1993 жылы жарық көрді, шығармалар арабтың хадим жазуынан Сәрсенбі Дәуітұлының аударуымен әзірленіп жарияланған.

Түйіндей айтқанда, Мәшһүр Жүсіптің ұшан-теңіз мұрасы қазақ халқымен бірге мәңгі жасай беретіні анық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Шілде 2026 10:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see164

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see162

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see156

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see155

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see152

​Атырауда үздік оқушылар, ұстаздар және мектептер анықталды

29 Тамыз 2026 21:14see150

​Алматы облысында 21 жастағы қыздың денесі табылды: іс “өзін өзі өлтіруге жеткізу” бабы бойынша тергелуде

29 Тамыз 2026 21:13see147

Атыраудағы бекіре зауытын жаңғырту қарқынын арттыру тапсырылды

29 Тамыз 2026 21:13see142

​Қазақстанда студенттердің шәкіртақысын екі есеге көбейтпекші

29 Тамыз 2026 21:14see140

Түркиядағы Эгей теңізінде жер сілкінді

30 Тамыз 2026 11:40see139

Алматыда 500 мың теңгеге бала сатылды деген ақпарат тексерілді

29 Тамыз 2026 21:27see134

Теңге мен бюджетке соққы: ОПЕК+ әлсіреуінің салдары

29 Тамыз 2026 21:14see133

Алматыда электросамокат мінген 44 жастағы ер адам қаза тапты

30 Тамыз 2026 17:24see131

Абай жолынан Маңғыстау мұнайына дейін: беделді сыйлық алған Қазақстан өкілдері

31 Тамыз 2026 00:46see122

Непалда жүздеген адам су басқан тоннельдерде қалып қойды

30 Тамыз 2026 22:45see121

Ыстамбұлдағы сұлулық салонының клиенттерін жасырын түсіріп, жазбаларды Telegram да сатқан

29 Тамыз 2026 18:37see116

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

31 Тамыз 2026 07:42see116

Жаз өтті, қаз өтті : Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды

30 Тамыз 2026 20:52see113

Алматы облысында мектептер маңында қауіпсіздік шаралары күшейтілді

30 Тамыз 2026 11:02see112

Ақтауда қайық тасқа соғылып, екі адам көз жұмды

31 Тамыз 2026 11:59see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары