Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Павлодарда ағаш астындағы кәстрөлден 24 миллион теңге табылды

Мәжіліс бес бірдей заңды бір заңға біріктіретін құжатты жұмысқа алмақшы

Мәжіліс бес бірдей заңды бір заңға біріктіретін құжатты жұмысқа алмақшы

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

- Магеррам мырза, заң жобасы қандай негізгі міндеттерді шешуге арналған?

- Біріншіден, заң жобасы қолданыстағы бес бірдей заңды бір заңға біріктіреді. Ол заңсыздықтардың алдын алудың тұтас жүйесін қалыптастырып, тәртіпті нығайтуға бағытталған. Осы құжат арқылы біз заңсыздықтардың алдын алу субъектілерінің санын 13-тен 26-ға дейін арттырамыз.
«Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы»,»Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы», «Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы» заңдардың орнына «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» бірыңғай заңға біріктіріледі.

- Сіз заңсыздықтардың алдын алуға жауапты субъектілер саны екі есе өскенін айттыңыз. Сонда тізім қандай орган, ұйымдармен толықты?

- Тізімге мемлекеттік органдардан басқа, азаматтық қоғам институттары, мүлік иелерінің бірлестіктері, адвокаттар қоғамдастығы, адам құқықтары жөніндегі институттар, Қазақстан халқы ассамблеясы, түрлі қоғамдық және консультациялық орталықтар кіреді.

2010 жылдан бері қолданылып келе жатқан заң Ішкі істер министрлігінің жұмысына шамадан тыс басымдық берген. Ал әлеуметтік сала, білім беру, медицина сектордың мәселелері ескерусіз қалды. Жаңа құжат сол олқылықтардың бәрін жояды. Заңның мазмұны репрессиялық шаралардан әлеуметтік-профилактикалық шараларға көбірек арналған.

Заңсыздықтардың алдын алуға жауапты субъектілер тізімін неге кеңейттік? Әрбір мемлекеттік орган енді профилактикалық жұмыстарға өз құзыреті шегінде қатысады. Ең бастысы – бірыңғай үйлестіру орталығы құрылады. Осы уақытқа дейін 13 субъект өз бетімен, үйлесімсіз жұмыс істеді. Жаңа орталық заңсыздықтарға сараптама жасап, мониторинг жүргізіп отырады. Сол арқылы заңсыздықтардың алдын алудың жалпы тәсілдерін әзірлеумен айналысады.

Фото: Виктор Федюнин / Казинформ

- Заң жобасында заңсыздықтарға бейім азаматтармен жұмыс жағына көңіл қаншалықты бөлінді?

- Заңсыздықтардың алдын алуға жауапты субъектілер ондай адамдарды анықтап, жұмысқа орналасуға көмектеседі, емдеуге жіберіп, әлеуметтік қолдау ұйымдастыра алады.
Сонымен қатар, біз профилактика жүргізілетін адамдардың санаттарын кеңейтеміз. Қазір ол жазаны толығымен өтеген және соттылығы жойылған немесе жазасын өтеген адамдарды ғана қамтиды. Бірақ статистика көрсеткендей, заңсыздықтардың шамамен 70%-ын мерзімінен бұрын шыққан адамдар жасайды. Алдын алу шаралары соларға көбірек назар аударады.

Жауапты орган қандай да бір адамның құқық бұзуға бейімдігін байқаса, онымен сол қатер жойылғанға дейін жұмыс істейді.

— Заң қарапайым азаматтарды қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етуге қалай тартады?

– Бізде қоғамдық көмекшілер институты бар. Әрине, азаматтардың заңсыздықтардың алдын алуға қатысуын ынталандыру керек. Оның ішінде наградалар мен ақшалай сыйақылар көзделген.

Мұндай көмекшілердің өкілеттіктері де кеңейіп келеді. Бұрын олар тек патрульдеумен айналысса, енді тәуекелдер мен заңсыздықтарға бейім адамдарды анықтауға көмектесе алады. Әрине, мұның бәрі құқық қорғау органдарының бақылауында болады. Олар қоғамдық көмекшілермен және белсенді азаматтармен өзара қанаттасып жұмыс істейді.

Көтермелеудің тәртібі мен мөлшерін жергілікті атқарушы органдар жанындағы ведомствоаралық комиссия айқындайды.

- Тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту, қадағалаусыз қалған балаларды қадағалау және қайталап қылмыс жасауды азайту үшін қандай жаңа тәсілдер қарастырылған?

– Қолданыста бар тетіктердің бәрі сақталып, бірыңғай заңға біріктіріледі. Мысалы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу ісін Мәдениет және ақпарат министрлігі үйлестіреді. Өйткені оның құрылымында отбасын қорғау комитеті бар. Ал Оқу ағарту министрлігінде Балалардың құқығын қорғау жұмыстары шоғырланған. Міне, осындай принциппен әр органның міндеті айқындалады.

- Заң қашан күшіне енеді және оның қуатын азаматтар қандай қарапайым өзгерістер арқылы сезіне бастайды?

- Ертең заң жобасы бірінші оқылымда қаралады. Мемлекет басшысы жыл соңына дейін қабылдау міндетін қойды. Біз бұл тапсырманы орындаймыз. Осылайша заң 2026 жылдан бастап заң күшіне енеді.

- Заңды әзірлеу кезінде қандай тосқауылдарға тап болдыңыздар? Даулы нормалар болды ма?

- Иә, азаматтарды заңсыздықтардың алдын алу ісіне тарту мәселесі қызу талқыланды. Заңның осы нормасын теріс пиғылға пайдалану немесе жала жабу әрекеттері жиілейді деген алаңдаушылық болды. Талқылау арқылы осының бәрін пысықтап алдық.

Жастармен жұмыс мәселесі де ұзақ талқыға түсті. Сондай-ақ заңды цифрландыру саясатымен сәйкестендіруге көп көңіл бөлінді. Заң жобасында цифрлық платформаны, мобильді қосымшаларды құру және тәуекел топтарын анықтау үшін жасанды интеллектіні пайдалану қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 20:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see153

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see145

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see142

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see141

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see138

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see123

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see123

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see120

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see120

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see119

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see118

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see117

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see114

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see114

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see111

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see110

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see109

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see108

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see108

Павлодарда ағаш астындағы кәстрөлден 24 миллион теңге табылды

28 Тамыз 2026 19:53see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары