Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Мектеп балалар үшін қауіпсіз мекен бе?

Мектеп балалар үшін қауіпсіз мекен бе?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

 Уәкілдің мәлімдеуінше, жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсау жағдайының 22 пайызының негізгі себебі мектеп қабырғасындағы буллинг болған. Маңызды атап өтерлігі, бұл ресми тіркелгендері ғана. Ал қоғам талқысына шықпай, «өзара шешілді» деген желеумен жабулы қазан күйінде қалған оқиғалардың саны сіз бен бізге беймәлім. 

1459 сауалнама қорытындысы жарияланды

Таяуда Алматыда сарапшылар Қазақстан мектептерінде қауіпсіз білім беру ортасын дамыту және буллингтің алдын алу бағытындағы «ДосболLike» бағдарламасының қоғамдық сараптама нәтижелерін ұсынды. Зерттеу негізінде 1459 са­уалнама  қорытындысы жариялан­ған. Оның 779-ы ата-аналардан, 70 жауап оқушылардан және 610-ы педагогтардан алынған. Сарап­шы­лардың айтуынша, зерттеу нәти­жесі мектептерде буллингтің ал­дын алуға бағытталған бағдар­ламаның белсенді жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді. Мәселен, сауалнама кезінде оқушылар мен педагогтардың басым бөлігі мек­тепте сынып сағаттары, тренингтер мен түрлі жобаның ұйымдасты­рылатынын растаған. Алайда бір­неше сағатқа ғана созылатын мұн­дай іс-шаралардың өткізілуі, шын мәнінде, бағдарламаның тиімді жүзеге асырылуына өлшем бола алмайды. Керісінше, балалар арасында жүргізілген сауалнама бұл бағыттағы жұмыстың нәти­жесіне күмән тудырады. Оқушы­лардың берген жауабына сүйенсек, мұндай іс-шаралар көбіне есеп беру немесе әлеуметтік желілерде жариялау үшін өткізіледі. 

– Бүгінде Қазақстанда буллинг мәселесі мүлде көтерілмейтін мек­теп бар деп айту қиын. Бұл тақы­рып қоғамдық талқыға еніп, мек­тептердің күн тәртібіне шықты. Қазір буллинг туралы ашық айтыла бастады. Алайда біз үшін бұл жұ­мыстың нәтижесі қаншалықты тиімді екені маңызды болды. Дәл осы тұста айтарлықтай алшақтық байқалды. Өйткені буллингке ұшы­раған балалардың үлесі әлі де жоғары. Зерттеу барысында мұн­дай жағдайда балалардың көбіне қорғансыз қалатынын аңғардық, яғни мектептегі жүйе буллинг жағ­дайларына әлі де болса тиісті дең­гейде әрекет ете алмай отыр. Көп жағдайда жұмыс ақпараттық ма­териалдармен, түсіндіру шарала­рымен ғана шектеледі. Буллингтің түрлері түсіндіріледі, оның зияны туралы айтылады. Бірақ нақты оқиға орын алғанда мәселені шешу тетіктері әлсіз, – деді психолог, Just Support қорының басшысы Свет­лана Богатырева.

Жағымсыз статистиканы жасыруға тырысады

Пилоттық кезеңнің қорытын­дысы бойынша жәбірленушілер мен агрессорлар санының азай­ға­ны хабарланды. Алайда Светлана Богатырева мұндай қорытынды жасауға негіз болған бағалау тәсі­лі­не күмәнмен қарайды. Оның пі­­кірінше, тиімділік оқу жылының басы мен соңында жүргізілген са­уалнамалардың нә­­­тижесін са­лыс­тыру арқылы ба­ға­ланған. Бірақ тек сауалнамаға сү­йе­ну бағдар­ла­­­маның шынайы әсерін анықтау үшін жет­кіліксіз. Себебі ба­лалар сұ­­рақтарды әрқалай түсінуі мүмкін. Ал олар­дың сол сәт­­­­­тегі кө­­ңіл күйі мен эмо­­ция­­­­лық жағ­дайы жауаптарына белгілі бір дең­гей­де ықпал етеді.

– Егер зерттеу барысында бір балалар тобы жыл бойы бақылауға алынса, мәселен, оқу жы­лы­ның ба­сында агрессор болған оқу­шы­­ның кейін мі­нез-құлқы өзгергенін анық­тауға мүм­­­кіндік болар еді. Ал бұл жағ­дайда тек орташа көр­сеткіштер салыстырылған. Соны­мен қатар балалардың өздері көп­теген мек­­­тепте мұндай сауална­­-

ма­ларды қай­та толтыру тәжірибесі кездесе­тінін айтты. Кей жағдайда мұғалім­дер жағымсыз көрсет­кіш­тердің тір­келуін қаламай, мәсе­ле­нің ауқымын төмендетіп көрсетуге тырысады, яғни шынайы жағдай­дан гөрі қолайлы көрініс қалып­тас­тыруға ұмтылуы байқалады. Сондықтан біздің негізгі қоры­тын­дымыз мынадай: буллинг ту­ралы ақпараттық-түсіндіру жұмы­сы жүргізіліп жатыр, бұл мәселе мектептерде талқыланады. Бірақ буллинг жағдайында нақты қандай әрекет ету керек, балалар бір-біріне қалай қолдау көрсетуге тиіс, ата-аналар мен мұғалімдер қандай қадам жасауы қажет деген мәсе­лелер әлі де толық шешімін таппа­ған, – деді С.Богатырева.

58%: Қауіпсіздікке күмән басым

Енді мына бір маңызды ста­тистикаға назар аударайық. Сауал­нама нәтижесіне сәйкес, ата-ана­лардың 34,7 пайызы ғана мектеп­тегі буллингтің алдын алуға арнал­ған іс-шараларға қатысқан. Со­нымен қатар олардың 21,3 пайызы баласы оқитын мектепте буллинг фактілері бар деп есептесе, 36,7 пайызы бұл сұраққа нақты жауап беруге қиналған. Демек, ата-ана­лардың 58 пайызы не мектеп орта­сының қауіпсіздігіне толық сенімді емес, не буллингтің бар екенін жоққа шығармайды. 

Ал оқушылардың берген жа­уабы мектептегі буллингтің алдын алу жұмысы оң нәтиже беріп жат­қандай әсер қалдырады. Дәлірек айтсақ, респонденттердің 97,4 пайызы түрлі профилактикалық іс-шараның өткізілетінін жоққа шығармаған. Сондай-ақ 85,5 па­йызы өз мектебінде буллинг жоқ деп есептесе, 96,1 пайызы мектеп­тің бұл бағыттағы жұмысына 8-10 балл аралығында жоғары баға бер­ген. Дегенмен бұл көрсеткіштерді біржақты оң нәтиже ретінде қа­был­дау қиын. Себебі мақсатты топ­тармен жүргізілген талқылау­лар барысында кейбір оқушылар буллинг туралы ашық айтуға не­месе ресми көмек арналарына жүгінуге жүрексінетінін жеткізген. Олар көмек сұраудың салдары өздеріне кері әсер етуі мүмкін деп қауіптенеді. Осыған сәйкес, Just Support қорының басшысы зерттеу нәтижесі аясында бірқатар ұсы­нысын жеткізді. 

– Біріншіден, қазіргі уақытта мектептерге әртүрлі бағдарла­ма­ның шамадан тыс жүктеліп отыр­ғанын байқадық. Әрбір ведомство өз бағдарламасын ең маңызды әрі ең қажетті жоба деп есептейді. Мәселен, мектептерде буллингтің алдын алуға арналған «ДосболLike» бағдарламасы, «Заң және тәртіп» жобасы, «Таза Қазақстан» эколо­гия­лық бағдарламасы, жеке қауіп­сіздік сабақтары, суицидтің алдын алу бағдарламалары қатар жүзеге асырылады. Мұ­ның бәрі бір мек­тептің, нақтырақ айтқанда, бір сы­нып жетек­ші­сінің мойнына жүкте­ле­ді. Ай са­йын сы­нып жетек­шілігі үшін 8-10 мың тең­ге кө­ле­мін­де ғана қо­сым­ша ақы алатын мұ­ғалім осы бағ­дар­ламаның бар­лығын іске асы­рып, тәрбие жұмысын қатар жүргізуге тиіс. Алайда мұндай талап­тар­ды са­палы орындау іс жүзінде өте қиын. Өйткені тәулікте небәрі 24 сағат бар. Мектеп пси­холог­тарының бо­луы да мәселені толық шеше алмайды, себебі олар­дың да жұмыс жүктемесі жоғары. Сон­дық­тан біздің ұсынымыздың бірі – мек­тептерде пән мұғалімі болып жұ­мыс істемейтін, тек тәрбие жұ­мы­сына жауапты арнайы куратор не­месе босатылған сынып жетек­ші­сі қызметін енгізу. Мұндай жағ­дайда маман тәрбиелік жұмыс­ты барлық бағыт бойынша сапалы жүргізуге мүмкіндік алар еді. Ал қазір мұғалімдер уақыт тапшылы­ғына байланысты есеп берумен ғана айналысады. Әлеуметтік же­лі­лерге бейнероликтер жүктеп, түр­лі есеп дайындап, жұмыстың жүр­гізіліп жатқанын көрсетуге мәжбүр. Өкінішке қарай, тәрбие жұмысының мазмұндық жағына терең үңілуге мүмкіндік беріл­мейді. Себебі жоғарыда айтып өткенімдей, жүктеме ауыр, – деді С.Богатырева.

Зерттеу қорытындысы мектеп­тердегі тәрбие жұмысының маз­мұ­ны мен ұйымдастырылуына қа­тыс­ты бірқатар мәселені де алға шы­ғарды. Сарапшы мектептерде түрлі бағыттағы бірнеше бағдар­ламаны қатар жүзеге асырғаннан гөрі, барлық тәрбие бағытын бі­рік­тіретін бірыңғай жүйені енгізу тиімді деп есептейді. Сондай-ақ зерттеу нәтижесі бағдарламалар­дың мазмұнын қайта қарау қажет­ті­гін де көрсетті. Ата-аналар мен мұғалімдер тәрбие жұмысы өмір­лік дағдыларды дамытуға көбірек бағытталуға тиіс деген ортақ пікір білдірген. Атап айтқанда, оқушы­ларды жанжал мен буллинг жағда­йында дұрыс әрекет етуге, көмек сұрау тетіктерін білуге және өз құ­қықтарын қорғауға үйретуге ба­сымдық беру ұсынылған.

– Мысалы, егер сізге біреу ауыр сөз айтса, қалай жауап берген дұрыс? Қарымта ретінде күш қол­дануға бола ма және оның салдары қандай? Көмек сұрау үшін кімге жүгіну керек? Осындай нақты прак­тикалық дағдылар жетіспейді. Қазіргі бағдарламаларда буллинг­тің түрлері мен белгілері туралы ақпарат берілгенімен, нақты жағ­дайда қандай әрекет жасау керек­тігі жеткілікті деңгейде түсіндіріл­мейді. Балаларға заң аясында дұ­рыс әрекет етудің жолдарын үй­рету қажет. Өйткені бүгінде бул­линг үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, тиісті заңнама­ларға буллинг ұғымы енгізілген. Оның не екені, неге жол беруге болмайтыны және қандай салдары бар екені туралы балалар да, пе­дагогтар де жақсы білуге тиіс. Сондай-ақ ата-аналар үшін қысқа әрі түсінікті нұсқаулықтар әзірлеу қажет деп санаймыз. Бұл мәселе бойынша барлық тараптың нақты әрекет алгоритмін білгені маңыз­ды. Өкінішке қарай, біз қазір мек­тептерде мұндай жүйелі тәсілдің қалыптасқанын көрмедік, – деді психолог.

Мұғалім де агрессор болуы мүмкін

Одан өзге сарапшы ескерусіз қалып отырған тағы бір түйткілді түйреп өтті. Оның пікірінше, егер мұғалімнің өзі агрессор болған жағдайда нақты қандай әрекет ету қажеттігі айтыла бермейді.

– Тағы бір маңызды мәселе – барлық бағдарлама балалар бір-бі­ріне буллинг жасайды деген ұста­нымға негізделгендей көрінеді. Бі­рақ мұғалімнің оқушыны қор­лап, кемсітіп, тіпті физикалық күш қолданатын жағдайлар да кезде­сетінін бәріміз жақсы білеміз. Сондықтан ата-аналар да, балалар­дың өздері де қандай жағдайда қан­дай құқықтарға ие екенін, мұн­дай оқиғалар орын алғанда қа­лай әрекет ету қажет екенін нақты білуге тиіс. Сонымен бірге мұндай жағдайларды қалай дұрыс құжат­тау, дәлелдерді жинақтау және тіркеу қажет екені де түсіндірілгені маңызды, – деді С.Богатырева.

UNICEF мәліметінше, 2024 жылдың шілде айындағы жағдай бойынша Қазақстандағы 13-15 жастағы әрбір алтыншы оқушы соңғы 30 күн ішінде кемінде бір рет буллингке ұшырағанын айтқан. Бұл көрсеткіш «Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына қатыс­ты мінез-құлқы», «Мектеп оқ­у­шы­ларының денсаулығын жаһандық зерттеу» және өзге де ұлттық зерт­теулердің нәтижелеріне негіз­дел­ген. Егер әрбір алтыншы оқушы буллингке ұшыраса, мұны баланың жеке мәселесі деп қарастыру қи­сынсыз. Бұл бүкіл білім беру жүйе­сінің алдында тұрған сын.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, Алматы қаласы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Шілде 2026 09:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары