Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем кубогы бәсекесінде үздік үштікке кірді

Адам жанының арашасы

Бірнеше жол апатын жасаған: Қазақстан азаматы шетелде полициядан қашты

Павлодарда шенеуніктер 400 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз жұмсамақ болған

Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт өзгереді: шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі

Мұнай мен ядролық қару үшін күрестегі тең нәтиже сарапшы Иран мен АҚШ меморандумы туралы

Ұлыбритания премьер министрі Кир Стармер отставкаға кетті

Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндіріліп жатыр

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгеннен кейін зейнетақы жинақтарын алудың жолын тапты

Астана салқындайды, Алматыны аптап ыстық басады 23 25 маусымға арналған болжам

Атырау облысында​ ТЖМ ұшағы жолға қонады: қозғалыс уақытша тоқтайды

Әл Фарабидегі жол апаты: Прокурор күдіктіні 10 жылға соттауды сұрады

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында дала өртеніп жатыр

Қару жарақ, миллиондар және шекарадағы кептеліс: ҰҚК Түркістан облысындағы ҰҚТ ның жолын кесті

Атырау облысында қонатын жер іздеген швейцариялық байкерлер қызық жағдайға тап болды

Әлеуметтік желілердегі арандатушылық үшін қатаң жаза бар бас прокуратура үндеуі

​Катардағы алып газ кешенінде жарылыс болды: ондаған жаралы, із‑түзсіз кеткендер бар

Екі көлікпен соқтығысқан: Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде қайтыс болды

ЕАЭО дан тыс елдерден қызанақ әкелуге уақытша тыйым енгізілді

Құтқарушылар Көлсай көлінде жарақат алған туристке көмек көрсетті

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару қағидалары жаңартылды

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару қағидалары жаңартылды

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Атап айтқанда, сақтау пункттері, ведомствоға қарасты ұйым немесе мобилизациялық тапсырыстар белгіленген ұйымдар жыл сайын 30 мамырдан кешіктірмей ведомствоға, мобилизациялық тапсырманы орындайтын мемлекеттік органға мемлекеттік резервтің әрі қарай пайдалануға жарамсыз материалдық құндылықтарының тізбесін, сондай-ақ есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-күніне дейін тоқсан сайын әрі қарай пайдалануға жарамсыз азық-түлік өнімдерінің тізбесін ұсынады деп көрсетілген.

Әрі қарай пайдалануға жарамсыз азық-түлік өнімдерінің және мобилизациялық резервті қоспағанда, мемлекеттік резервтің өзге де материалдық құндылықтарының ұсынылған тізбесі негізінде ведомство басшысының бұйрығымен 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару жөніндегі комиссия құрылады.

Комиссия құрамына мыналар енгізіледі:

ведомство басшысының орынбасары немесе оны алмастыратын тұлға (комиссия төрағасы); ведомствоға қарасты ұйым басшысының орынбасары немесе оны алмастыратын тұлға/сақтау пунктінің өкілі;ведомствоның бухгалтерлік қызметінің қызметкері;ведомствоға қарасты ұйымның/сақтау пунктінің бухгалтерлік қызметінің қызметкері;ведомствоның материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуға жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері; ведомствоға қарасты ұйымның/сақтау пунктінің материалдық құндылықтарды есепке алуға жауапты қызметкері;ведомствоға қарасты ұйымның/сақтау пунктінің технологиялық бөлімінің қызметкері.

Әрі қарай пайдалануға жарамсыз азық-түлік өнімдерінің және мобилизациялық резервтің өзге де материалдық құндылықтарының ұсынылған тізбесі негізінде мобилизациялық тапсырманы орындайтын мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей мобилизациялық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару жөніндегі комиссия да құрылады.

Материалдық құндылықтардың техникалық жай-күйін анықтау үшін комиссия:

есептен шығаруға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарына тікелей тексеру жүргізеді, бұл ретте нормативтік және техникалық құжаттаманы, сондай-ақ бухгалтерлік есеп деректерін пайдаланады, оларды қалпына келтірудің және әрі қарай пайдаланудың мүмкін еместігін анықтайды;есептен шығаруға жататын материалдық құндылықтардың жинақтылығын тексереді;материалдық құндылықтарды сауда-саттықта өткізу, басқа мемлекеттік органдардың балансына беру, нарыққа реттеуші әсер ету мақсатында пайдалану бойынша қабылданған шаралар туралы материалдарды тексереді;есептен шығарудың себептерін анықтайды;материалдық құндылықтарды сақтау кезінде сақтау нормативтерінің сақталуын, есептен шығарылатын мүліктің жекелеген тораптарын, бөлшектерін, материалдарын пайдалану мүмкіндігін айқындайды.

Мемлекеттік резервтің мынадай материалдық құндылықтары есептен шығарылуға жатады:

жарамдылық және сақтау мерзімі өткен;табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесінде бүлінген;Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін.

Материалдық құндылықтардың техникалық жай-күйін тексеру қорытындысы бойынша комиссия мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару актісін жасайды, ол комиссия төрағасы мен мүшелерімен үш жұмыс күнінен кешіктірмей екі данада қол қойылады.

Есептен шығару актісінің бір данасы сақтау пунктінде, ведомствоға қарасты ұйымда немесе мобилизациялық тапсырыс белгіленген ұйымда қалады, екінші данасы оған қол қойылған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде ведомствоға немесе мобилизациялық тапсырманы орындайтын мемлекеттік органға жіберіледі.

Есептен шығару актісін алғаннан кейін ведомство немесе мобилизациялық тапсырманы орындайтын мемлекеттік орган бес жұмыс күнінен кешіктірмей санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық немесе ветеринария саласындағы мемлекеттік ұйымдарға санитариялық-эпидемиологиялық немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамалар жүргізу үшін құзыреті бойынша сұрау жібереді, оның нәтижелері бойынша зерттеулер (сынақтар) хаттамасы ресімделеді.

Мемлекеттік резервтің өзге де материалдық құндылықтарын зерттеу аккредиттелген сынақ зертханаларында жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша зерттеулер хаттамасы жасалады.

Жарамдылық мерзімі өткен азық-түлік өнімдерінің зерттеу (сынақ) хаттамасы негізінде ведомство басшысының немесе мобилизациялық тапсырманы орындайтын мемлекеттік орган басшысының, не оларды алмастыратын тұлғаның бұйрығымен 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей азық-түлік өнімдерін кәдеге жарату немесе жоюды айқындау жөніндегі комиссия құрылады.

Комиссия құрамына мыналар енгізіледі:

ведомство басшысы немесе оны алмастыратын тұлға (комиссия төрағасы);ведомство басшысының орынбасары немесе оны алмастыратын тұлға;ведомствоға қарасты ұйымның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға/сақтау пунктінің өкілі;ведомствоның материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуға жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері;ведомствоға қарасты ұйымның/сақтау пунктінің материалдық құндылықтарды есепке алуға жауапты қызметкерлері; ведомствоға қарасты ұйымның/сақтау пунктінің технологиялық бөлімінің қызметкерлері;халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган мен ветеринария саласындағы уәкілетті органның өкілдері.

Мобилизациялық резервті кәдеге жарату немесе жоюды айқындау жөніндегі комиссия құрамына мыналар енгізіледі:

мобилизациялық тапсырманы орындайтын мемлекеттік орган басшысы немесе оны алмастыратын тұлға (комиссия төрағасы);мобилизациялық тапсырманы орындайтын мемлекеттік орган басшысының орынбасары немесе оны алмастыратын тұлға;мобилизациялық тапсырыс белгіленген ұйымның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға/сақтау пунктінің өкілі;мобилизациялық тапсырманы орындайтын мемлекеттік органның мобилизациялық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алуға жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері;мобилизациялық тапсырыс белгіленген ұйымның/сақтау пунктінің материалдық құндылықтарды есепке алуға жауапты қызметкерлері;мобилизациялық тапсырыс белгіленген ұйымның/сақтау пунктінің технологиялық бөлімінің қызметкерлері;халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган мен ветеринария саласындағы уәкілетті органның өкілдері.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия жарамдылық мерзімі өткен азық-түлік өнімдерін кәдеге жарату немесе жоюды айқындау туралы хаттама жасайды.

Ведомство немесе мобилизациялық тапсырманы орындайтын мемлекеттік орган мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде мемлекеттік резервтің әрі қарай пайдалануға жарамсыз материалдық құндылықтарын сынамалы кәдеге жарату қызметтерін сатып алады.

Жарамдылық мерзімі өткен азық-түлік өнімдерін кәдеге жарату немесе жоюды айқындау хаттамасының, өзге материалдық құндылықтар бойынша зерттеулер хаттамасының және сынамалы кәдеге жаратудың нәтижелері негізінде комиссия 10 жұмыс күнінен кешіктірмей экономикалық тиімділік туралы қорытынды жасайды, онда экономикалық және технологиялық есептеулер көрсетіледі, кәдеге жарату немесе жоюдың орындылығы айқындалады.

Технологиялық есеп өнімді екінші қайта өңдеу технологиясын сапа және қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып іріктеу арқылы жүргізіледі.

Экономикалық есеп кәдеге жаратылған тауардың нарықтық конъюнктураға сәйкес құнын баланстық құнымен салыстыру арқылы анықтауды (мониторингті) қамтиды, оның нәтижесі кәдеге жаратудың рентабельділігін айқындайды.

Жарамдылық мерзімі өткен азық-түлік өнімдерін кәдеге жарату немесе жоюды айқындау хаттамасының, өзге материалдық құндылықтар бойынша зерттеулер хаттамасының және экономикалық тиімділік туралы қорытындының негізінде уәкілетті орган мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы материалдық резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату немесе жою үшін брондаудан шығару туралы шешім қабылдайды.

Мобилизациялық тапсырманы орындайтын мемлекеттік орган уәкілетті органмен және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу арқылы мобилизациялық резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату немесе жою үшін брондаудан шығару туралы шешім қабылдайды.

Жою немесе кәдеге жарату кезінде брондаудан шығару тәртібімен шығарылатын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары туралы мәліметтер құпиясыздандырылуға жатады.

Қағидаларда сондай-ақ мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жою және кәдеге жарату тәртібі белгіленеді.

Сонымен қатар кәдеге жаратылған тауарларды өткізу тәртібі көзделген.

Атап айтқанда, егер кәдеге жаратылған тауар мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлеміне кіретін тауарға сәйкес келсе, онда кәдеге жаратылған тауар мемлекеттік резервтің қойылған міндеттерін қамтамасыз ету үшін ведомствоның немесе мобилизациялық тапсырманы орындайтын мемлекеттік органның балансына қойылады.

Қалған жағдайларда кәдеге жаратылған тауарлар мынадай жолдармен өткізіледі:

жоспарға сәйкес тізілімнің веб-порталында аукцион өткізу арқылы;басқа мемлекеттік органдардың немесе ведомствоға қарасты ұйымның балансына беру арқылы.

Қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Желтоқсан 2025 13:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем кубогы бәсекесінде үздік үштікке кірді

21 Маусым 2026 21:53see115

Адам жанының арашасы

21 Маусым 2026 20:51see114

Бірнеше жол апатын жасаған: Қазақстан азаматы шетелде полициядан қашты

22 Маусым 2026 15:57see113

Павлодарда шенеуніктер 400 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз жұмсамақ болған

22 Маусым 2026 11:05see112

Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы күрт өзгереді: шаңды дауыл мен аптап ыстық күтіледі

22 Маусым 2026 16:05see111

Мұнай мен ядролық қару үшін күрестегі тең нәтиже сарапшы Иран мен АҚШ меморандумы туралы

22 Маусым 2026 10:33see111

Ұлыбритания премьер министрі Кир Стармер отставкаға кетті

22 Маусым 2026 16:37see107

Астанада тұрғын үй кешеніндегі өрт сөндіріліп жатыр

23 Маусым 2026 12:23see107

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгеннен кейін зейнетақы жинақтарын алудың жолын тапты

23 Маусым 2026 11:27see107

Астана салқындайды, Алматыны аптап ыстық басады 23 25 маусымға арналған болжам

22 Маусым 2026 14:37see107

Атырау облысында​ ТЖМ ұшағы жолға қонады: қозғалыс уақытша тоқтайды

22 Маусым 2026 15:06see106

Әл Фарабидегі жол апаты: Прокурор күдіктіні 10 жылға соттауды сұрады

22 Маусым 2026 11:58see105

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында дала өртеніп жатыр

22 Маусым 2026 18:49see105

Қару жарақ, миллиондар және шекарадағы кептеліс: ҰҚК Түркістан облысындағы ҰҚТ ның жолын кесті

22 Маусым 2026 13:35see105

Атырау облысында қонатын жер іздеген швейцариялық байкерлер қызық жағдайға тап болды

22 Маусым 2026 13:35see104

Әлеуметтік желілердегі арандатушылық үшін қатаң жаза бар бас прокуратура үндеуі

23 Маусым 2026 12:04see104

​Катардағы алып газ кешенінде жарылыс болды: ондаған жаралы, із‑түзсіз кеткендер бар

22 Маусым 2026 15:06see103

Екі көлікпен соқтығысқан: Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде қайтыс болды

22 Маусым 2026 18:31see103

ЕАЭО дан тыс елдерден қызанақ әкелуге уақытша тыйым енгізілді

23 Маусым 2026 11:37see103

Құтқарушылар Көлсай көлінде жарақат алған туристке көмек көрсетті

22 Маусым 2026 09:56see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары