Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидалары жаңартылды

Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидалары жаңартылды

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Құжаттың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды: "Мемлекеттiк қызметшiнің, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адамның мүлкiн сенімгерлік басқаруға беру тәртiбi".

Мемлекеттiк қызметшi, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің талаптарын ескере отырып, өз қалауы бойынша сенімгерлік басқарушыға берiлетiн құқықтылықтар көлемiн айқындайды.

Мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам лауазымға орналасқан күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, өздеріне заңды түрде тиесілі ақшаны, облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымдардың дауыс беретін акциялары жалпы санының бес пайызынан аспайтын көлемдегі жай акцияларды), цифрлық активтерді, сондай-ақ мүліктік жалдауға (жалға) берілген мүлікті қоспағанда, өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заттай құқықта тиесілі, пайдаланылуы кіріс алуға алып келетін мүлікті мемлекеттік қызметті өткеру уақытында сенімгерлік басқаруға береді және көрсетілген мерзімде жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары көрсетілген мемлекеттік лауазымдарға тағайындалған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын сенімгерлік басқаруға береді және жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Төрағасы мен оның орынбасарлары, мұрагерлікті қабылдау нәтижесінде немесе соттардың шешімдері негізінде немесе аталған адамдардың еркінен тыс өзге де жағдайларда алынған, өздеріне тиесілі инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, меншік құқығы немесе өзге де заттай құқық туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде сенімгерлік басқаруға беруге және көрсетілген мерзімде жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.

Тараптардың біреуі мүлікті сенімгерлік басқару шартын бұзған жағдайда, мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам сенімгерлік басқару шарты бұзылғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде, сенімгерлік басқаруға берілуге тиіс мүлікті қайтадан сенімгерлік басқаруға береді және аталған мерзімде жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мүлікті сенімгерлік басқару шартының нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынады.

Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты мiндеттемелердi тоқтатудың жалпы негiздерiмен қатар:

сенiмгер басқарушы-азамат қайтыс болғанда, оны өлді деп жариялағанда, оны әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi, хабар-ошарсыз кеткен деп танығанда; заңды тұлға-сенiмгер басқарушы таратылғанда;сенiм бiлдiрiлген мүлiктi басқаруды жеке жүзеге асыру сенiмгерлiкпен басқарушы үшiн мүмкiн болмауына байланысты сенiмгер басқарушы немесе мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам бас тартқанда;сенiмгер басқарушыға залалдар және шартта көзделсе, сыйақы төленген жағдайда мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам шартты орындаудан бас тартқанда;егер шартта көзделсе, кепiл ауыртпалығымен берiлген мүлiктi сыйақы бере отырып басқаруға беру туралы сенiмгер басқарушыға хабарланбаған жағдайға орай ол бас тартқанда тоқтатылады.

Мүлікті сенімгерлік басқару шарты қолданылуының тоқтатылуы немесе қайта жасалуы туралы кез келген кейiнгi ақпаратты мемлекеттік қызметші, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқаратын адам көрсетілген оқиғалар басталғаннан кейін күнтізбелік отыз күн мерзімде жұмыс орнындағы мемлекеттік органның персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) ұсынады.

Бұйрық 25 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Шілде 2026 12:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see105

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see105

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары