Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

БҚО да колледждер сенімгерлік басқаруға беріледі

БҚО да колледждер сенімгерлік басқаруға беріледі

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Батыс Қазақстан облысында биыл 8 арнаулы орта оқу орнын сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім шыққан.

Осылайша, кәсіптік колледждердің материалдық-техникалық базасын жақсартып, білім сапасын арттырамыз, - дейді жауаптылар. 

Қаладағы педогогикалық колледждің іргетасы 1913 жылы қаланды.  Ғасырдан астам тарихы бар оқу орнында талай танымал тұлға тәлім алды. Бүгінде мыңнан астам шәкірт оқып жүр. Педагогикалық оқу орындарының элитасына енген колледж биыл жекешеленеді. Алайда басшылықтың өзі бұл өзгерістің қашан және қалай жүзеге асатынын толық білмейді.

Салтанат Кенжеғалиева, колледж директорының орынбасары:

- 2025 жылдың соңында әлеуметтік желіден 8 колледж тізімін. Сол бойынша ғана мәлімет білеміз. Ал нақты қай уақытта шешіледі, қай уақытта беріледі, ол туралы ештеңе айта алмаймын.

Облыстық білім басқармасы басшысы  биыл облыста 8 колледж сенімді басқаруға берілетінін айтады. Нысандар тізімі былтыр  24 қазанында Ұлттық жекешелендіру кеңсесінің отырысында бекітіліпті. Мақсат – бәсекелес ортаға беру арқылы оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсарту, қазына қаржысын үнемдеу.

Елдос Сафуллин, облыстық Білім басқармасының басшысы:

- Бұл жерде материалдық-техникалық базасын жаңартады, жақсартады және түпкілікті жекешелендіруге берілмейді. Тек қана мемлекет қарамағында қалады. Осы сенімгерлікке берудің 3 жылға, 5 жылға, 10 жылға беретін мүмкіндіктері бар. Соның ішінде біздер 5 жыл деген мерзімді таңдап отырмыз.

Дегенмен ұжымда сенімгерлік басқаруға күмәнмен қарайтындар бар. Кәсіпкер алдымен өз пайдасын көздейді деген ойда. Болашақта жатақханамен қамту және жалақы мәселесі туындай ма деп қорқады.

Біржан Сапиев, педагогикалық колледж мұғалімі:

- Мемлекеттік  қаржыландыру бөлек қой. Бұлардың қаржыландыруы қалай болады, оған мүмкіндігі жете ме, жоқ па, біздің кадрлар құрамына категорияға сай мүмкіндіктері, соған сай ұстаздарға қаржы төлей ала ма? Ертең ұстаздардың басқа жұмысқа кетуі, ығысу процестері бола ма, жоқ па? Осының бәрі ойландырмай ма? Ойландырады. Сосын білім сапасына тікелей әсер етеді.

Ақбота Нұғманова, қала тұрғыны:

- Осы колледжде 1200 студент білім алып жатыр. Көп балалы отбасыдан шыққан студенттер бар, толық емес отбасылар бар, аз қамтылған отбасыдан шыққандар бар, жетім студенттер бар, соның барлығына 10%-дан  25%-ға  дейін жеңілдіктер беріліп жатыр. Ал жекеге берілгенде ондайлар қарастырыла ма?

Оқу орындарының ұжымы мен ата-аналар тарапынан туындаған сауалдарға әзірге жауап жоқ. Өйткені алдағы өзгеріс туралы колледждерде әлі  тыңдау өткізілмеген, талқылау болмаған. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы да әлі қарамады. Тек 8 колледж емес, жекешелендіретін нысандар тізіміне өңірден 33 нысан енген. Олардың қатарында қаланы сумен, жылумен, жарықпен қамтитын кәсіпорындар да бар.

Ербол Салықов, облыстық Мәслихатының бюджет және өңірлік даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы:

- Кезінде бірінші училище берілді, қазір ол колледж ғой. Оны да сенімгерлік басқаруға алған адам сатқан жоқ. Ешқандай қаржы, инвестиция салып, оның бір жұмысын, сапасын көтеретіндей болмады. Ақыр соңында соттасу арқылы бұл процесс аяғына жеткен жоқ. Сондықтан әрине, осындай күдік туады. Жергілікті жердегі өкілетті қоғамдық ұйымдардың, жалпы мемлекеттік органдардың пікірі ескерілсе, дұрыс болар еді деп есептейміз және айтып та жүрміз.

Ал облыстық білім басқармасы арнаулы орта оқу орындарын сенімді басқаруға алған кәсіпкерге тиісті талаптар қойылатынын, келісім-шартта мемлекет мүддесі, ұстаздар мен шәкірт жағдайы мейлінше ескерілетінін айтады.

Авторлары: Е. Жылқайдарұлы, Б. Жарылғасов, Э. Аюпов

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:181
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қаңтар 2026 17:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see136

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see136

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see133

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see129

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see129

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see128

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see126

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see125

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see125

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see124

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see124

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see124

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see123

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see122

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see122

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see121

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see120

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see120

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары