Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Мерей Тастемір, керлингші: Бапкерсіз де белестерді бағындыра білдік

Мерей Тастемір, керлингші: Бапкерсіз де белестерді бағындыра білдік

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Олай дейтініміз, олар биыл Азия ойындары алдында бапкерсіз қалды. Сонда да бірнеше жарыстан жүлдесіз қайтқан жоқ. Біразы – 18-25 жас аралығындағы өрендер. Соның бірі – керлингтен әйелдер құрамасының мүшесі, астаналық Мерей Тастемір. Жас та болса, әлеуметтік желіде керлинг спортының жай-күйін айтып, дабыл қағып жүргені қуантады. Осы орайда спортшыны әңгімеге тартып, мәселенің жай-жапсарын сұрадық. 

– Мерей, сіз бұл спорт түрін қалай таңда­дыңыз?

– Анам денешынықтыру пәні мұғалімі болып жұмыс істейді.Содан ба, бізді спортқа баулып өсірді. 8 жасымнан бастап түрлі үйірмеге бардым. Бірнеше ай бокс, волейбол, би үйірмесіне қатыстым. Кейіннен керлинг­пен жолым түйісті. Бұл бір қызық оқиға. Неге десеңіз, 11 жасқа толғанда кездейсоқ мұз айдынымен дос болуға шешім қабылдадым. Алыс туысымыз Айнагүл Алтайқызы Астана командасына бала жинап, тума-туысына, көрші-көлеміне қолқа салды. Сөйтіп, анам мені «Алау» мұз айдынына ертіп апарды. Содан бері осы спорт түрімен айналысамын. Иә, бірден ықыласым ауды деуден аулақпын. Басында ненің не екенін түсінбейтінмін. Бірақ бапкерім Айнагүл Алтайқызының мені мақтағаны сондай, сол сөзі жігерімді жанып, ары қарай  жаттығуыма дем берді. Осылайша, үзіліссіз 7 жыл Астана командасында тер төгіп, ұлттық құрамаға шақырту алдым. Шынында, ұлттық құрамаға іріктелгенім маған да күтпеген оқиға болды.   

– Ініңізбен бірге өнер көрсетесіз, сонда бауырыңызды осы спортқа әкелген сізсіз ғой? 

– Иә, Ибрагимді керлингке  әкелдім десем де болады. Оның бұл спорт түрін таң­дауын ұзақ күттік. Шамамен 2-3 жыл оны көндірумен, шақырумен әлек болдым. Өйт­кені жаттығу жексенбі күні 7:00-де басталады. Інім болса, ұйқысын қимай, біраз уақыт өзімен күресіп жүрді. Қызығы сол, нәтижесін­де ол менен бұрын ұлттық құрамаға іріктеліп, шақырту алды. Жоғарыда айтқанымдай, отбасымызбен спортқа жақынбыз. Ибрагим де керлингке тез бейімделіп, жетістікке жетті. Алғаш рет Алматыға үлкен жарысқа барған­ында Виктор Георгиевичтің көзіне түсті. Оған оның алаңда өзін көрсетуі, мінезі ұнап, ұлттық құрамаға қосты. Білесіздер,  ініммен бірге аралас жұп дисциплинасында өнер көрсетеміз. Бірнеше халықаралық жар­ысқа қатыстық. Жастар арасындағы Олим­пиада ойындарына барып, ақ аламанның дәмін татқанымыз бар. 

– Керлинг командалық спорт түрі дейміз. Осы орайда әр нөмірдегі ойыншының рөлін атап өтсеңіз. Мысалы, сіз көбінесе қай пози­цияда ойнайсыз?

– Командалық спорт түрінің ерекшелігі сол, өзің ғана емес, қасыңдағы үш адамның жауапкершілік жүгі тең. Ойын барысында әртүрлі жағдай болуы мүмкін. Мысалы, жан­ыңдағы адамның көңіл күйі болмаса, өзін жайсыз сезінсе, жігерлендіріп, қолдау білдіру маңызды. Жалпы, керлингте төрт позиция бар. Әр позицияның өзінше жүгі бар. Өз басым осы төрт позицияда да ойнап көрдім. Қай-қайсысы болса да оңай емес. Бірақ төрт­інші нөмірде ойнағанда он есе жауапкершілігің артады. Басқа позицияда қателік жіберуің мүмкін, бірақ төртінші нөмірде соңғы екі тасты лақтыратын болған соң қателік жіберуге құқығың жоқ. Сол себепті психологиялық түр­де ауыр. Жақында өткен барлық құрлық  чем­пионатында төртінші нөмірде ойнап, соңғы екі тасты лақтырдым. Қатты қобал­жығаным рас. Арқаңда команданың ұпайы мен елдің сенімі тұрғанда барыңды салуға тырысасың. 

– Айтқаныңыздай,  биыл күміс жүлдеге қол жеткізген бәсекеде қандай қиындықпен бетпе-бет келдіңіздер? 

– Жақында АҚШ-та өткен барлық құрлық чемпионатында ерлер мен әйелдер құрамасы финалға шығып, екеуі де күміс медаль алды. Бұл жарыс біз үшін маңызды әрі жауапты бәсеке болды. Күміс жүлдеге қол жеткізу жол­ында көптеген қиындықты бастан өткердік. Ең алдымен, бапкерсіз бәйгеге қатыстық. Өйт­кені биыл Азия ойындарына дейін Антон Батугин бізбен жұмыс істеп, бапкер болды. Батугинмен бірге өткен панконтиненталды ойында әйелдер үшінші, ерлер екінші орын алды. Бірақ аталған бапкер бізбен тұрақты жұмыс істей алмады. Бірде бар, бірде жоқ. Сондықтан қай спорт болмасын, тұрақты дайындайтын, команданың ыстық-суығына төзетін бапкер керек-ақ.  Қателікті дұрыстап, психологиялық көмек көрсетуі қажет. Өйт­кені аталған жарыста психологиялық қысым жоғары болды. Күн сайын бірнеше матч өткізу, мұзға бейімделу, қарсыластың деңгейіне төтеп беру қиындау болды. Бірақ бәріміз бір-бірімізге сендік, командалық рухты жоғалтпадық. Әр ойыннан тәжірибе жинап, соңына дейін күрестік.

– Иә, Азия ойындары кезінде «бапкерсіз, мұзсыз қалсақ та, жеңіске жетуге барымызды сал­дық» деп жазғаныңыз есімізде. Бұған не себеп сонда елдегі инфрақұрылым дұрыс емес пе? 

– Өкінішке қарай, елдегі керлинг инфра­құрылымы толық дамыды деп айта алмаймыз. Расымен, биыл Азия ойындары кезінде бап­керсіз, мұз айдынынсыз қалып, үлкен қиын­дық­қа тап болдық. Соған қарамастан, сегіз ойынның бесеуінде жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алдық. Әрі қарай үшінші орынға таласып, сол жолда барымызды салдық. Ең өкініштісі, біз енді дамып, нәтиже көрсете бастаған тұста керісінше қаржылай қолдау мен жарысқа қатысу мүмкіндігі азайып кетті. Әрине, мұның барлығы ұзақ уақыт бойы алға жылжу болмаған соң болғанын түсінеміз. Бірақ содан бері біршама өзгеріс бар. Қазір керлинг­пен айналысатындар саны көбейді. Жастар белсенді әрі нәтижеге жұмыс істеп жатыр. Ал­тын алуға, барған жерінен бос қайтпауға тырысады. Сондықтан бізге сенім артып, тағы да қолдау білдірсе дейміз. Себебі  осы спорт десе ішкен асын жерге қоятын, еңбекқор спортшы көп. Қанша жылдан бері түрлі жарысқа қатысып келеміз. Десе де, әлі күнге бірінші орын бұйырмай тұр. Бірақ барлық ойыншының көздегені сол, алтын медаль алып, өзін дәлелдегісі келеді. Ал алтынға қол жеткізу үшін керлингке арналған мұз айдыны, құрал-жабдық керек. Спортшылар айдынның қашан босайтынын күтіп тұрмай, емін-еркін жаттықса дейміз. Білікті бапкер келіп, әлемдік аренада жаңа белеске көтерілуді қалаймыз. 

– Бапкерсіз қалған соң онлайн бапкердің қызметіне жүгінгендеріңізді білеміз. 

– Иә, бізде бір емес, бірнеше онлайн бапкер бар. Бірақ олар өздерінің қалауымен, қызығушылығымен бізге кеңес беріп, ақыл айтады. Соның бірі – Артур Али, Ресейдегі әйелдер құрамасының бапкері. Соңғы рет панконтиненталды ойында ақылын айтып, бізге көп көмек берді. Одан кейін Эмиль Гореев бар. Ол керлинг жайлы жақсы біледі, бізге көмектесіп тұрады. Негізі, оларға қалай алғыс білдірсек те аз. Аталған онлайн бапкер­лер болмаса, бізге қай жерден қате жібергені­мізді айтып, демейтін ешкім жоқ.

– Алда ақ Олимпиада ойындары келе жатыр. Болашақта ұлттық құраманың керлинг­тен лицензия алуға мүмкіндігі бар ма?

– Былай қарасақ, құраманың Олимпиада жолдамасын иеленуге әлеуеті жетеді. Бірақ бұған жету үшін қыруар еңбек пен қолдау керек. Керлингте рейтинг жүйесі бар. Ақ Олимпиадаға жолдама алу үшін әлемдік рей­тинг­те жоғары ұпай жинау керек. Мысалы, тұра­қты түрде халықаралық турнирге қатысып, тиісті ұпай аласыз. Әсіресе, әлем чемпиона­тында үздік үштікке ену керек. Қазір Қазақстан құрамасының әлеуеті өсіп келе жатыр. Ойын деңгейі, тәжірибе, командалық өзара түсіністік жақсарған. Алайда жарысқа жиі қатысуға мүмкіндік жоғы, тұрақты мұз айдыны болмауы –  басты кедергінің бірі. Егер алдағы екі жылда қолдау күшейсе, тұрақты оқу-жаттығу жиыны өтіп, халықаралық жарысқа қатысу, демеуші табу жағынан мәселе шешілсе, Олимпиадаға жолдама алу нақты мақсатқа айналады деп ойлаймын. 

– Мақсат деп қалдыңыз, өзіңіз алда қандай биікті бағындырсам дейсіз? 

– Спортта алға қойған бірнеше мақсатым бар. Алдымен халықаралық турнирлерден алтын алқалап, ақ Олимпиадаға жолдама алсам деймін. Олимп шыңын бағындырып, Әнұранды әуелеткім келеді. Одан кейін кер­лингтің елімізде Еуропадағыдай танымал спорт түріне айналуына үлес қосу ниетім бар. Бапкер атанып, мықты әрі бәсекеге қабілетті керлингшілерді тәрбиелесем деймін.

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:105
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 12:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see164

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see155

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see149

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see147

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see146

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see145

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see143

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see141

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see139

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see138

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see137

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see134

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see127

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see119

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see118

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see116

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see115

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see114

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see112

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары