Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Бишімбаев ісінен кейін танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті

Аптаның ең әсерлі фотосуреттері: Reuters ұсынған 6 үздік кадр

Президент Қасым Жомарт Тоқаев Сириус Роза Хутор фестиваліне қатысушыларды құттықтады

Таяу Шығыстағы шиеленіс күшейді: АҚШ пен Иран өзара соққы алмасты

Бірінші сыныпқа қабылдау: ата аналар нені білуі керек?

Үкімет Астанаға 16 миллиардтан астам қаражат бөлді олар неге жұмсалады

Вьетнамда туристік катердің апатқа ұшырауынан 15 адам көз жұмды

Алматыда күмәнді әрекет нашақорды полицияға ұстап берді

Бәрін қазып тастады Астана циркінің маңында не болып жатыр

Ұшақта турбуленттілік дерлік сезілмейтін қатар аталды

Altai Fest: полицейлер Қатонқарағайда 50 мыңнан астам адам жиналған фестивальден үйге аман есен қайтудың тәртібін түсіндірді

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады

Алматы тауларында 4 турист жолдан адасып кетті

Games of the Future 2026: Астанаға 35 елден мыңға жуық спортшы келе жатыр

Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді

Көкшетауда қазақ әнін үйде тыңдаңдар деп шаштаразда ұрыс шығарған әйел жауапқа тартылды

АҚШ пен Иран бір бірінің нысандарына соққы бере бастады

Футболдан ӘЧ 2026: Роналдуға қарағанда Мессидің жолы болды

Ресей әскері жаңа Герань 4 дронын көрсетті

АҚШ Иранға қарсы соққылардың үшінші кезеңін бастағанын мәлімдеді

Міржақып Әулиеатадан неге қапаланып қайтты?

Міржақып Әулиеатадан неге қапаланып қайтты?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Коллаж: Зылиха Қыдырбай, EQ

Репрессияға дейінгі жылдары ұлт қайраткерлерінің ағартушылық бағыттағы жұмыстары баспасөзбен тікелей байланысты болғаны белгілі. Бұл әсіресе, 1905 жылғы қанды жексенбіден кейін айқын біліне бастады. Халықтың көкірек-көзін ашып, азаттық идеяларын насихаттау мақсатында қазақ даласында да алғашқы қарлығаштар қанат қақты. Дәл осы кезеңде алашордашылар қатарында Міржақып Дулатұлы Ахмет Байтұрсынұлымен бірге «Қазақ» газетінің құрылтайшысы атанды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Орынборда бірқатар басылымдарда жұмыс істеген Міржақып 1925 жылы алғашқы жала жабылғаннан соң сол кезеңдегі ел астанасы Қызылордаға ауысқан болатын. Осында жүріп ол Еңбекші қазақ (қазіргі Егемен Қазақстан) газетінде редактордың әдеби жәрдемшісі қызметін атқарады. Ал сол жылдары аталған басылымның бас редакторы Ғаббас Тоғжанов еді. 1927 жылы газеттің 27 қараша күні шыққан санында «Еңбекші қазақ басқармасы» деген атаумен 14 адамның суреті жарияланған. Солардың қатарында редактор мен оның әдеби жәрдемшісінен бөлек, Ахметсафа Жүсіпұлы, жазушы Бейімбет Майлин, партия бөліміне жауапты Әбдірахман Айсарин, Кеңес құрылысы бөлімінің басшысы Ілияс Ахметов, ретушер Мәжит Дәулетбаевтар да бар.

Жамбылдан жолданған хат

Міржақыптың немере қарындасы Ботагөз Асқарқызы қалдырған естеліктерде ақын «Еңбекші қазақ» редакциясында істеп жүргенінде Қазақстанның тұс-тұсынан көптеген хат алып, бәріне қалдырмай жауап жазып отыратын болған. Осындай оқырман хаттарының бірі әулиеаталық Жұмыр Есмурзин есімді азаматтан келген. Ол өзін таныстыра келе:

«Мен Қостанай облысы, Наурызым ауданында туып-өстім, руым – сүгір-арғын, осы кезде Әулиеатада адвокат қызметін атқарамын. Сізді сыртыңыздан жақсы білемін, енді жүздесіп танысқым келеді. Мүмкіндік болса осы жаз айының демалысына үй ішіңізбен осында келсеңіз, күтуге біз дайынбыз», деп Міржақыпты Жамбылға шақырады.

Міржақып үйіндегі бұйымдар

Көп ұзамай Әулиеатаға келген Міржақыпты хат иесі күтіп алып, қала іргесіндегі Ақбұлым ауылында қонақ еткен. Бұл оқиға Гүлнар Міржақыпқызының «Шындық шырағы» кітабында Ботагөз атынан баяндалады. Ағасымен бірге келген немере қарындасы сол кезеңдегі жай-күйі келіскен Әулиеатадағы ахуалды былай суреттейді:

«Мойынқұм, Шу өлкелерін тұтас алып жатқан қалың ел – дулаттардың атамекені. Шайқорық жайлауларының иесі – атақты бай, үйсін-жаңабай руынан шыққан белгілі Тұяқбай. Тұяқбай сексеннен асқан кезі, көрмекке сүйкімді, қызыл шырайлы, толық келген, жүріс-тұрысы өте ширақ кісі еді. Ол кісінің сегіз әйелі барын естігенде, біз таңғалғанбыз. Сегіз әйелі сегіз ауыл, Тұяқбай жиырма үш жасар өте сұлу тоқалымен осы Ақбұлымда тұрды. Тұяқбай ауылымен іргелес кісі – Қалыбай Танкин. Қалыбай ертеректе өзінің туған жері Торғайдан туыстарына өкпелеп Әулиеатаға көшіп келіп, сол елге сіңіп кеткен арғын. Ол кісіні Қалекең дейтінбіз. Қалекең елуді еңсерген кісі, тапал, толық денелі болатын. Шу өлкесінің атақты болысы Бұралқымен бажа еді. Қалекең дәулетті, төрт түлігі сай, ел ішінде сыйлы, беделді кісі. Біздің үш үйді өзінің қарамағына алып, күнара саба-саба қымыз, бір-бір қойды үйдің сыртына байлаттыратын. Дулатовтың Әулиеатаға келуі ел ішінде тез тарап сәлем беруге, танысуға келушілердің саны өте көп болып кетті. Солардың ішінде есте қаларлықтай әсер қалдырған Дербіс атты жаңабай-үйсін. Әулиеатаның атақты байы Дербіс елінде ұзақ жылдар болыс болған, жасы алпыстан асқан ұзын бойлы, семіздігінен денесін өзі көтере алмай, салт атқа мінбей, тек пар ат жеккен арбаға кісілер көрпемен көтеріп отырғызғанын көрдік».

Ашаршылыққа дейін қала орталығындағы Атшабар базары адам көп жиналатын орындар қатарында болған. Міржақып отбасымен осында болып, қаланы аралаған.

«Ақбұлымнан қала он екі шақырым, фаэтонға мініп, лезде қалаға жеттік, бұл қаланың тұрғындары көпұлтты: қазақ, қырғыз, өзбек, татарлар, дұнғандар, орыстар. Үйлерінің көбі саманнан соғылған, қызыл кірпіш үйлері де жетерлік. Әр үйдің қора, бақтары мәуеге тұнып тұр», дейді қарындасы естелігінде.

Әулиеатадағы жылқы зауыты

Міржақыптың мұндағы сапары тек базар аралап, сауда жасаумен ғана шектелген жоқ. Жанына жылқыны серік еткен жігіттің сабазы мұнда да жергілікті қамысқұлақтыларды көрмей кете алмады. Елі таныған ерді алыс-жақыннан іздеп келген бай-манаптар Алаш арысына арнап, күндіз-түн ойын ойнатты, той жасады. Алайда сол кезеңде-ақ, қазақ даласына даңқы таныла бастаған жылқы зауытын көру ақынның басты мақсаттарының бірі болса керек. Осы сапарынан кейін ел астанасына барып, «Әулиеатадағы жылқы зауыты» деген атпен мақала жазған Міржақып зауытты Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылының маңы деп көрсетеді де:

« ...Әулиеата зауыты қалаға 7-8 шақырым жерде. Өзінің салдырған үйі, қора-қопсысы бар, орманы, жері, шабындығы бар. Бұл зауытта ағылшын, түрікпен, ағылшын-араб, қарабайыр сықылды жақсы тұқымның әрқайсысы табылады. Бұл тұқымдарды зауыт осы кезде өршітіп отыр. Зауыттың жылқысы казір 500-ге тарта бар көрінеді. Зауыт әр тұқымды бірімен-бірін араластырып келеді. Мәселен мұнда әкесі ағылшын иә түрікпен, анасы қазақы бие болған будандары да бар. Бір тұқымның өзді өзін де асылдандырып, бағу-қағудың арқасында жүзіктің көзінен өткендей қылып қойғанын көрдік. Бағу жағынан келгенде, біздің қазақ өз көзімен көрмесе, айтқанға нанбастай дәрежеде күтетін көрінеді...», деп зауыттың тыныс-тіршілігімен таныстырып өтеді.

Алаш арысы мен Абсентті не байланыстырады?

Бұл деректердің еліміздегі бірден-бір мемлекеттік жылқы зауыты статусын иемденіп, Абсенттей Олимпиада чемпионын шығарған Луговой жылқы зауытына тікелей қатысы бар. Сондықтан әңгімемізді әріден тарқатсақ. Жамбыл жерінде алғашқы асылдандыру орталығы XIX ғасырдың аяғында-ақ пайда болған. Мұның басты себебі патшалық Ресей әскерін атпен қамтамасыз ету еді. Осы мақсатта 1884 жылы мемлекеттік жылқы зауыттары басқармасының бастығы, граф И.И.Воронцов-Дашковтың бұйрығымен Торғай, Орал облыстарына, Бөкей ордасына, кейінірек қазақ жерінің басқа да аймақтарына мамандар жіберіледі. Осыдан соң Торғай облысында үш зауыт, Әулиеата мен Алматыда бір-бір асылдандыру орындары ашылды.

Осылайша қазақ жері әскери жылқы өсірудің жаңа базасы есебінде мемлекеттік жобалар мен жоспарларда, баспасөзде көп айтыла бастады. Еліміздің жылқы шаруашылығы – Ресей үшін қаншалықты маңызды болғанын мына деректен-ақ байқауға болады.

Міржақыптың беймәлім суреті

1883 жылы мемлекеттік жылқы зауыттары бас басқармасының өтінішімен төре тұқымынан шыққан Ахметсұлтан Жантөрин көлемді очерк жарияланады. Очеркте қазақ жерінің ауа райы, жылқының бағылымы, жайылымдық жерлері, басқа түліктермен салыстырғандағы үлес салмағы, саны, Еуропа мемлекеттеріндегі жылқы санымен салыстырғандағы пайыздық мөлшері секілді мәселелер қамтылған. Ол экономист-маман ретінде жылқы түлігінің пайдасын, үлес салмағын ұтымды көрсетіп, Орынбор облысында 1879 жылғы санақ бойынша 1,8 миллион жылқы болса, бүкіл қазақ жерінде 4 миллионнан асу керек деп шамалайды. Қазақи тұқымның ерекше шыдамдылығы мен төзімділігі туралы жазылған 20-дан астам зерттеушілердің мақалаларына сүйене келіп, қазақ жылқысы салт мініске арналған тұқым болып қалу керектігін дәлелдейді. Осы межені орындау мақсатында Әулиеатада ашылған зауыт әуелі Жамбыл ауданында орналасқан. Көнекөз қариялардан сұрастыра келе, зауыттың қазіргі Қарой ауылдық округі, Сұлутөр елді мекенінің маңында болғандығын білдік.

«Ауылымыздың маңайында асылдандыру орталығы болғаны рас. Ол жер Владимир Маслов деген көпестің шаруашылық жайы болған. Онда 2 000-ға жуық құс, 1 000-ға тарта шошқа, 200-дей мүйізді ірі қара мен жылқы малы ұсталған. Шаруашылықта қызметкерлерге арналған 15-20 шақты үй болған. Кеңес өкіметі орнап, кәмпеске басталған уақытта жер иесі бір түнде қашып кеткен деп еститінбіз. Содан оның иелігі мал ұстау орынына айналған. Зауыт Луговойда қайта құрылғанға дейін мұнда маршал С.Буденныйдың өзі келіп, жылқыларды таңдап көретін. Жарамайтынын ет комбинатына жіберіп, таңдаулысын алып қалып отырған. Кейіннен жылқы зауыт жабылып, Луговойда қайта ашылған уақытта бұл жер көкөніс кеңшары болды», дейді Сұлутөр ауылының ақсақалы Абай Мазалиев.

Обалы не керек, ақсақалдың айтуынша, мұндағы В.Масловтан басқа да көпестердің ел мен жерге жасаған жақсылығы көп болған. Жергілікті халық ұзақ жылдар солардың еккен тал-дарағының, бау-бақшасының қызығын көруіндей-ақ көрген. Кейіннен ағаштар оталып, жақын маңайда тек Алаш арысы атап өткен Бесағаш ауылының тұрғындары ғана тал-дарағын кестірмей сақтап қалған. Қарияның сөзінше, Сұлутөр ауылы әуелде Бесағаш округінің құрамында болған екен. Сондықтан Міржақып деректерінде жылқы зауытының орналасқан аумағы осылай көрсетілген.

Міржақыпқа арман болған арғымақ

Міржақып зауытқа барысымен қарсы алған жылқылардың атбегісі осындағы арғымақ айғырлардың атқорасы – жеке-жеке бөлме болатындығын, қырдағы байлардың жүз үйінен артық екендігін айтып масаттана мақтанған. Ол аттарды жақындап көруге рұқсат сұрайды. Зауыт бастығы «аттар қазір демалып жатыр» деп жолатпайды. «Ақсүйектердің» тұруын күтеді. Мезгілі болғанда қоралар ашылып, әр бөлмеден көздері оттай жанған, шиыршық атып, көкке қарап тұрған, суреттей сұлу жануарларды көреді. Бастық олардың әрбірінің әкесін атап, енесімен таныстырады.

«Мынау – Пасманның баласы» деп, темір қаракөк дөненді көрсетті. «Біз көк дөненнің қасынан кеткіміз келмеді», дейді Міржақып.

«Сұлулығына көзіміз тоймады. Қасымыздағы бір атқұмар жігіт: «Шіркін-ай, мұны ұрлар ма еді» деп жіберді. «Тек, олай деме» дей алмадық. Көк дөненде өзіміздің де ойымыз бар еді». Мұнан соң басқа бөлмеде жатқан жирен қасқа дөненнің қасына келдік. «Мұның әкесі – ағылшын, шешесі – қазақ биесі» деп таныстырды. Бұл да мінсіз сұлу екен, тұрғызып көрмек болып едік, «Қойыңыз, тимеңіз, мазасын алмаңыз» деп зауыт бастығы без-без етті. Бұл не деген күтім, бұл не деген жануарға жанашырлық!», деп тамсанған Міржақып.

Тамсанған да, бұларды бағып-күту тәжірибесімен танысқан. Суды, жемді қаншадан, қай мезгілде беретінін, бойларын қалай сергітетінін, қанын қалай таратып, қалай тазалайтынын, қалай жуындыратынын білген. Кейіннен өз мақаласында қазақтың жылқыны асылдандыруға ден қоймайтындығын, асыл тұқымнан гөрі жергілікті жылқылар мықты болады деп келеке қылатындығын сынай жазған Міржақып халықтың шаруашылығы да ғылымға негізделсе деген ойды ортаға тастайды. Ал, оған сол кезеңдегі жұртшылықтың ахуалы жететіндігін мынадай деректермен дәлелдей түседі.

«Әулиеата елі – малды, қазақты ел. Ас-той, көкпар, бәйге дегенің бұл елде әлі қалған жоқ. Сентябрь туысымен мұнда үлкен-үлкен астар болады. Бұл елде бәйге аты аса қадірлі. Асты бұл ел бәсекемен береді, бірінен бірі асырмақ болады. Бас бәйге 5 мың сом, 3 мың сом, ия, пәлен жүз қой тігуші екінің бірінен табылады. Тек малы болсын, ия атағы болсын. Сексенге келіп өлген кемпіріне желігіп ас беріп, ат шаптыртып жатқанын көрдік», дейді М.Дулатов.

Аймақтың сол кезеңдегі табысы Түркістан автономиясы құрамында алдыңғы қатарда болғандығын Жамбылда қызмет атқарған Алаш арысы Сұлтанбек Қожановтың партиялық «Ақ жол» газетінің 1924 жылғы 17 тамыздағы санындағы мәліметі де растай түседі. Ол жер дауы мәселесінде арандатушыларға берген жауабында: «Түркістаннан жиналатын салықтардың 43 процентін қазақтар төлейді. 1923 жылы 14 миллион сом салықтың 6 миллионы қазақтардан жиналған. Мұнда Әулиеата уезінің үлесі мол. Ол – астықты өңір, мал шаруашылығы дамыған аймақ», деп сол кезеңдегі оңтүстіктегі жерді талан-таражға салғысы келген көрші ағайындарға жауап қатады.

Алаш арысы Әулиеатадан неге құлазып қайтты?

Тарихшылардың айтуынша, Алаш арысы Әулиеатадан көңілді аттана қоймаған. Оған өз халқының көрсетілген құрметі аздық еткен жоқ. Тек, ағасы Асқардың қызы Ботагөздің Бұралқы болыстың баласы Мұстафамен бірге қашып кетуі жанына батса керек.

«Бұралқы болыс Сұлтанбекұлы өз дәуірінде Әулиеата жерінде танымал адамдардың бірі болған. Мойынқұм өлкесінде Ағашақ болыстығын он сегіз жыл басқарып, еліне қамқорлық жасаған азамат ретінде танылған. Оның Ташкенде оқитын тұңғыш баласы Мұстафа Әулиеатаға тәжірибе ретінде май, сыр шығаратын өндірісте практикада жүрген уақытында Танкиндер әулеті арқылы Ботагөзбен танысып, екеуі көңіл жарастырып қашып кетеді. Міржақыпқа осы жайт оңай тимеген еді, өйткені оның қарындасы бұл уақытта қазақтың суретші қызы Ләтипа Қожықованың інісімен сөз байласып қойған болатын», дейді Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығы директорының орынбасары, тарихшы Мадияр Ералыұлы.

Бұралқы баласы Мұстафа да тегін адам емес еді. Ол кейіннен қазақтан шыққан тұңғыш агроном ретінде танылған. Ташкентке кеткеннен кейін бір жылдан соң екі жас Міржақыптың кешірімін алады. Ұзақ жылдар қуғын-сүргіннен аман шығып, Абай мұраларын, Сәбит Мұқановтың «Ботагөзін» орысшаға аударады, қазақ тілінің түсіндірме сөздігін жазады. Алайда, соңғы еңбегі аяқсыз қалады.

Міржақып Жамбыл жерінен аттанған соң жаламен ұсталғанша ел астанасы – Қызылордада қызметін жалғастырды. Осында жүріп бүркеншік атпен ел тағдырына қатысты түрлі мақалалар жариялап тұрды. Ол бас сұққан жылқы зауыты ашаршылықтан кейінгі жылдары Сұлутөр ауылынан Т.Рысқұлов ауданы, Көгершін ауылындағы Сұлутөр тауының баурайына көшіріліп, Абсент арқылы әлемге танылды. Бүгінде бірнеше үш дүркін Олимпиада жүлдегері болған жылқыны, оның әкесі Арабпен (Қазбек) Кеңес Одағының маршалы Г.Жуков Жеңіс парадын қабылдағанын бәрі біледі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:64
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Шілде 2026 15:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Бишімбаев ісінен кейін танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті

11 Шілде 2026 18:07see113

Аптаның ең әсерлі фотосуреттері: Reuters ұсынған 6 үздік кадр

12 Шілде 2026 22:09see111

Президент Қасым Жомарт Тоқаев Сириус Роза Хутор фестиваліне қатысушыларды құттықтады

12 Шілде 2026 12:41see110

Таяу Шығыстағы шиеленіс күшейді: АҚШ пен Иран өзара соққы алмасты

12 Шілде 2026 12:47see110

Бірінші сыныпқа қабылдау: ата аналар нені білуі керек?

11 Шілде 2026 17:44see110

Үкімет Астанаға 16 миллиардтан астам қаражат бөлді олар неге жұмсалады

13 Шілде 2026 09:14see110

Вьетнамда туристік катердің апатқа ұшырауынан 15 адам көз жұмды

11 Шілде 2026 21:31see109

Алматыда күмәнді әрекет нашақорды полицияға ұстап берді

12 Шілде 2026 16:58see109

Бәрін қазып тастады Астана циркінің маңында не болып жатыр

13 Шілде 2026 09:02see108

Ұшақта турбуленттілік дерлік сезілмейтін қатар аталды

13 Шілде 2026 12:23see107

Altai Fest: полицейлер Қатонқарағайда 50 мыңнан астам адам жиналған фестивальден үйге аман есен қайтудың тәртібін түсіндірді

12 Шілде 2026 17:59see106

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады

12 Шілде 2026 20:32see105

Алматы тауларында 4 турист жолдан адасып кетті

13 Шілде 2026 11:47see105

Games of the Future 2026: Астанаға 35 елден мыңға жуық спортшы келе жатыр

12 Шілде 2026 11:00see102

Таразда адвокаттың көлігіне оқ атылды: полиция не дейді

13 Шілде 2026 12:30see101

Көкшетауда қазақ әнін үйде тыңдаңдар деп шаштаразда ұрыс шығарған әйел жауапқа тартылды

12 Шілде 2026 09:41see101

АҚШ пен Иран бір бірінің нысандарына соққы бере бастады

12 Шілде 2026 10:05see101

Футболдан ӘЧ 2026: Роналдуға қарағанда Мессидің жолы болды

12 Шілде 2026 09:27see100

Ресей әскері жаңа Герань 4 дронын көрсетті

11 Шілде 2026 19:41see99

АҚШ Иранға қарсы соққылардың үшінші кезеңін бастағанын мәлімдеді

12 Шілде 2026 11:39see99
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары