Моноқалаларда дәрігер жетіспейді
Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Медицина саласында қордаланған мәселелер көп. Соның бірі - маман жетіспеушілігі.
Мәселен, Шығыс Қазақстан облысындағы шағын қалаларда дәрігер тапшы. Әсіресе Риддер, Алтай мен Серебрянскдегі медициналық мекемелерге маман жетіспейді. Жалпы облыс бойынша 150 дәрігердің орны бос тұр. Моноқалаларға жас мамандардың барғысы жоқ. Себебі баспанамен қамту және әлеуметтік төлемдер мәселесі өзекті. Ал шағын қалалар «Дипломмен ауылға» бағдарламасына енбей қалған. Сондықтан, өңір дәрігерлері мемлекеттік жобаға өзгеріс енгізуді сұрап отыр. Олар бұл мәселені Парламент мәжілісінің депутаты Ұлықбек Тұмашиновке жеткізді.
Ұлықбек Тұмашинов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Менің ойымша, бұл мәселені шешеміз. Шынымды айтсам, моноқалаларды ұмытып кеткендей болдық. Біз бұл сұрақты фракция отырысында көтереміз. Үлкен Нарын болсын, Алтай болсын - айырмашылығы болмауы керек. Егер біз жас, білікті, болашағы бар дәрігерлерді тартқымыз келсе, моноқалаларды да осы бағдарламаға енгізуіміз керек.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:68
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қаңтар 2026 14:55 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















