Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Мұрагерліктің қандай міндеті бар?

Мұрагерліктің қандай міндеті бар?

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Заңгер Алмаз ОТАРОВ жауабы:

– Көп адам мұра туралы естісе, бірден пәтер, көлік, ақша деп ойлайды. Расында, мұра кей жағдайда мате­риалдық тұрғыдан үлкен көмек болуы мүмкін. Бірақ менің тәжірибемде материалдық байлық­тан бө­лек мәселе өте көп. Себебі ол тек активтерден ғана емес,­ қарыздар мен міндеттемелерден де тұрады.

Мысалы, марқұмның атына тіркелген пәтер, жер, көлік, депозит немесе зейнетақы жинағы бар болса, мұрагер соның бәріне иелік ете алады. Сонымен қатар егер оның төленбеген несиесі, коммуналдық қарызы немесе айыппұлы болса, сол да мұраға кіреді. Бұл мұрагер байлыққа да, қарызға да ие болады дегенді білдіреді. Көп адам осыны ескермейді. Кейін нотариус­та рәсім­деу кезінде немесе банкпен есеп айырыс­қанда мәселе туындайды.

Заң бойынша, мұрагер өзіне тиген мүліктің құнына тең мөлшерде жауап береді. Егер адамнан 20 млн теңгеге бағаланған пәтер қалса, ал оның берешегі 15 млн болса, мұрагер бұл қарызды толық өтейді. Егер қарыз 25 млн болса, ол тек пәтердің құны, яғни 20 млн теңгеге дейін ғана жауап береді. Қалған бөлігі есептен шыға­рылады. Бұл – әділдік қағидатына сай жасалған норма.

Кейде адамдар «маған тек ақшасы керек, ал кепілдегі пәтері мен көлігі қажет емес» деп ойлайды. Бірақ заң бойынша мұра бөлшектенбейді. Егер мұраны қабылдасаңыз, бәрін бірге қабылдайсыз. Актив те, қарыз да сіздің иелігіңізге өтеді. Сондықтан шешім қабылдар алдында марқұмның барлық мүлкін және мін­деттемесін нақты білу маңызды.

Тағы бір жиі кездесетін жағдай – мұрагердің асығыстықпен шешім қа­былдауы. Адам қайтыс болған сәттен бас­тап 6 ай ішінде шешім қабылдау керек. Осы уақыт аралығында мұрадан бас тартуға немесе оны қабылдауға болады. Егер бұл мерзім өтіп кетсе, мұрагер өз құқығын тек сот арқылы қалпына келтіре алады. Бірақ ол үшін дәлел қажет. Мысалы, шетелде болғаны, ауырып қалғаны немесе қайтыс болған туысы туралы кеш хабардар болғаны себеп бола алады.

«Мұраның құрамына не кіреді?» деген сұрақ та жиі қойылады. Мұраға үй, пәтер, көлік, жер, тұрмыстық техника, бағалы заттар, бизнес үлесі, тіпті банк шотындағы ақша мен зейнетақы жинақтары да кіреді. Әйткенмен, көп адам білмейтін бір нәрсе бар: марқұмның банк алдындағы қарызы да мұрамен бірге өтеді. Яғни адам несиесін өтемей өмірден өтсе, оны мұрагер өтеуге тиіс.

Тағы бір маңызды жайт – несие­ге есептелетін өсімпұл мен па­­­йыз да мұра­­герге жүктеледі. Себебі адам қай­тыс болған соң 6 ай ішінде мұра­гер­лік рәсімделмеген­ше, банк несиеге па­­йыз есептеуді жалғас­тыра береді. Сол себепті, мұрагер мұраға кіріскенше, қарыз да өсіп кетуі мүмкін. Мұндайда банкпен келіссөз жүргізіп, есепті нақ­тылап алу қажет.

Мұрагердің мойнына өтпейтін мін­деттер де бар. Мысалы, алимент төлеу немесе моральдық шығынды өтеу міндеті мұра­герге өтпейді. Өйткені бұл – адамның жеке жауапкершілігі. Адам қайтыс болған сәттен бастап мұндай міндеттер бірден тоқтатылады. Қарапайым тілмен айтқанда, мұра тек байлық емес, ол үлкен жауапкершілік. Мұрагер болу дегеніміз – басқа адамның мүлкімен бірге оның өмір бойы жинаған қаржылық тарихын да қабылдау. Сондық­тан шешім қабылдамас бұрын эмоцияға емес, есепке сүйену керек.

Жеке кеңесім – ең алдымен марқұмның барлық активі мен қарызын тексеріп алу қажет. Егер оның несиесі болса, банкпен байланысып, нақты қарыз сомасын анықтау керек. Сонда ғана сіз неге ие болып жатқаныңызды, қандай жауапкершілікті мойныңызға алғаныңызды толық түсінесіз. Мұрагерлік туралы заң қарапайым болып көрінгенімен, ішінде өте маңызды қаржылық және құқықтық ерекшеліктер бар.

Дайындаған –

Елігімай ТӨҢКЕР,

«Egemen Qazaqstan» 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:213
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қазан 2025 08:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see122

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see119

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see118

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see117

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see116

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see115

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see115

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see114

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see114

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see114

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see114

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see113

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see113

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see112

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see112

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see111

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see111

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see111

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see110

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары