Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Мысырда 13 қазан күні Газа бойынша бейбіт келісімге ХАМАС сыз қол қойылады

Мысырда 13 қазан күні Газа бойынша бейбіт келісімге ХАМАС сыз қол қойылады

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

ХАМАС деп танылған террористік ұйым соғысты тоқтату туралы келісімге қол қою рәсіміне қатыспайды. Бұл туралы олардың өкілдері 11 қазан күні кешке dpa агенттігіне мәлім етті.

— ХАМАС келісімге қол қою процесіне қатыспайды. Рәсімге тек делдалдар, сондай-ақ АҚШ пен Израильдің ресми өкілдері қатысады, — делінген хабарламада.

АҚШ пен Мысырдан бөлек, Қатар да келіссөздерге делдал ретінде қатысқан. Израиль мен ХАМАС арасында тікелей келіссөздер жүргізілмеген.

Шарм-эш-Шейхтегі Газа бойынша бейбіт саммит

11 қазан күні Мысыр Сыртқы істер министрлігі 13 қазанда Қызыл теңіз жағалауындағы Шарм-эш-Шейх курортты қаласында халықаралық «бейбіт саммит» өткізілетінін жариялады. Саммит барысында Газа секторындағы соғысты тоқтату туралы келісімге қол қою жоспарланған. Өткен аптада дәл осы қалада Израиль мен ХАМАС арасында алғашқы уағдаластыққа қол қойылған еді.

Мысыр СІМ мәліметінше, кездесуге АҚШ президенті Дональд Трамп пен Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сиси теңтөрағалық етеді. Саммитке шамамен 20 әлемдік көшбасшы қатысады. Олардың қатарында Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер де болады, деп хабарлайды AFP агенттігі. Сондай-ақ dpa агенттігі Германия канцлері Фридрих Мерцке де шақырту жіберілгенін мәлімдеді.

Уиткофф Тель-Авивте Трампқа алғыс айтуға шақырды

11 қазан кешке АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Тель-Авивтегі «Тұтқындар алаңында» өткен митингіде сөз сөйлеп, Газа секторында бітімге қол жеткізу жолындағы Дональд Трамптың күш-жігерін жоғары бағалады.

— Біз бәріміз президент Трампқа шексіз ризамыз, — деді Уиткофф.

Dpa агенттігінің хабарлауынша, алаңда шамамен 400 000 адам жиналған. Уиткоффпен бірге Трамптың қызы Иванка және күйеу баласы Джаред Кушнер де болды. Олар да Трамптың еңбегін атап өтті.

Алайда, Уиткофф сөз арасында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың рөлін ерекше атап өткенде, қошемет аясында жаппай наразылық дыбыстары естіле бастады, деп жазады dpa.

Израиль мен ХАМАС арасындағы келісім

10 қазан күні сағат 12:00–де Израиль мен ХАМАС арасында оқ атуды тоқтату режимі күшіне енді.

Трамп әзірлеген және екі тарап қолдаған Газа бойынша алғашқы жоспар мынадай негізгі шарттарды қамтиды:

қалған 48 израильдік тұтқын босатылуы тиіс;

жауап ретінде Израиль өмір бойына сотталған 250 палестиналықты және 2023 жылғы 7 қазаннан бері ұсталған шамамен 1700 адамды босатады;

Израиль армиясы Газада алдын ала келісілген шекаралық сызыққа шегінеді;

Газа секторына гуманитарлық көмек жеткізіледі.

Трамптың айтуынша, тұтқындарды босату рәсімі 13 қазанда өтеді және ол оған қатысуы мүмкін.

2023 жылғы 7 қазандағы ХАМАС шабуылы

2023 жылғы 7 қазанда ЕО мен АҚШ-та террористік ұйым деп танылған ХАМАС Израильге шабуыл жасады. Олар ракеталық соққы беріп, ел аумағына басып кіріп, Израиль тарихындағы ең ауқымды бейбіт тұрғындарға қарсы қанды шабуыл ұйымдастырды. Шамамен 1200 адам қаза тауып, 250-ге жуық адам тұтқынға алынып, Газаға әкетілді.

Кейін олардың бір бөлігі босатылды немесе айырбасталды, ал қалғандары қаза тапты.

Жауап ретінде Израиль ХАМАС-қа соғыс жариялап, Газа секторына әуе және құрлық шабуылдарын бастады. ХАМАС-тың бақылауындағы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 67 мыңнан астам палестиналық қаза тауып, 169 мыңнан астамы жараланған. Алайда бұл статистикада нақты санақ қалай жүргізілгені жайлы нақты дерек жоқ. Мысалы, қаза тапқандардың ішінде қанша исламист содыр болғаны белгісіз, сондай-ақ ауруханаларда табиғи себептермен көз жұмған палестиналықтар бұл статистикаға енген-енбегені де анық емес.

Қыркүйек айының соңында АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонға Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды шақырып, Газа бойынша бейбіт жоспарын ұсынған. Нетаньяху жоспарды қолдады. Қазан айының басында ХАМАС өкілдері де жоспардың кейбір тармағын қолдайтынын білдірді.

6 қазанда Мысырда Израиль мен ХАМАС арасында делдалдар арқылы алғашқы келіссөздер өткен.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:345
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2025 13:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see166

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see158

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see151

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see150

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see147

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see145

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see143

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see141

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see140

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see139

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see136

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see121

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see120

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see118

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see117

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see117

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see115

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see114

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see112

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары