Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Ойбай, жібере сал!

Ойбай, жібере сал!

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Осындай ми қайнатарлық ыстықта ұлан жолдың бойында ала таяғың шошандатып жол-көлік полициясының қызметкері тұр. Түріне қарасаң, жылағың келеді. Одан «мына аптап ыстықта неге тұрсың?» деп сұрағың келеді. Өйткені өн бойын тер басып кеткен. Қолындағы дәсорамалы малмаңдай су болыпты. Әлгі жол сақшысы дәсорамалын сығып қалғанда бір шелек тер жерге төгіледі.

Әне, ол жүк көлігін тоқтатты. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі Мәдениет институтын тауысқан ба, аса бір мейірмандылықпен мәдениетті жылы жымиып қолын алғанда жол сақшысының көзі жыпылықтап кетті. Оның бармақтарының арасында бір уыс теңге қалып кеткен еді. Жол сақшысы жүргізушіге бір ауыз тіл қатқан жоқ. Қолын шоқтай қарып бара жатқан теңгені көлігіне тыққыштап, өзімен өзі болып кетті.

Міне, ол тағы бір көлікке «тоқта!» деп белгі берді. Құйғытып келе жатқан көлік жол сақшысын қағып кете жаздап барып, зорға тоқтады.

– Әй, сен өзі, былай, ішіп алғаннан саумысың? Қане, құжаттарынды көрсет! – деп ақырды ол кабинадан созбалаңдап түскенге.

– Сен мені танымадың ба? Мен әкімдікте істейтін жауапты маман боламын. Ал сен мені негізсіз тоқтатасың. Бұ қалай? – деді тәлтіректеп тұрған жүргізуші.

– Көке! Әкімдікте істемек түгілі, одан да жоғары жерде істесеңіз де сізді жазалауға тура келеді. Өйткені рульге ішіп алып отыруға болмайды.

– Ненің болатынын, ненің болмайтынын мен саған көрсетейін.

Мас жүргізуші жол сақшысын ұрып жіберердей түйіліп келіп, жалт бұрылды. Жол сақшысы телефонымен әлдекімге хабарласып жатты.

– Жолдас бастық. Бір масты тоқтаттым. Өзі әкімдікте жұмыс істеймін дейді. Не істеу керек?

– Қарай гөр өзін? Дереу көлігін айып тұрағына жеткіз. Өзін бөлімге әкеліп тапсыр.

– Құп! Орындаймыз, басеке!

Жол сақшысы ішімдік ішіп көлік руліне отырған әкімдіктің әйдік қызметкерін тиісті орынға тапсырып, белгіленген жерге қайтып оралды. Міне, тағы бір тентекпен жағаласып тұр.

– Әй, мені білмейсің бе? Осыдан қара да тұр, көзіңе көк шыбын үймелетпесем, Біржан атым құрып кетсін! Мен қалалық прокуратурада жұмыс істейтін Біржан деген дөй қызметкермін. Сендейлердің талайын көргенмін, – деп дүрсе қоя берді көлік иесі.

Жол сақшысы тағы да бастығына жүгінді.

– Жолдас бастық! Мұнда біреу прокуратурадамын деп өкіреңдеп тұр. Не істейін?

– Прокуратурада істемек түгілі, одан жоғарысында болса да, аяма. Жазасын бер! Тәртіп керек, тәртіп!

– Құп, болады, жазалаймыз.

Тағы бір сағат өткенде жол сақшысы және бір күдікті көлікті тоқтатты.

– Жын қуғандай неге безектеп келесіз?

– Асығыс шаруам бар еді.

– Бүгінде кімнің асығыс шаруасы жоқ дейсің? Жол жүру ережесін бұздыңыз. Айыппұл төлейсіз.

– Мен Тәшім Тайлақ деген қалалық соттың судьясы боламын. Сенбесең, бастығыңнан сұра.

– Жолдас бастық! Мұнда Тәшім Тайлақ деген судья тұр. Сізді жақсы танимын дейді. Өзі рұқсат етілмеген жерде көлік жылдамдығын шамадан тыс асырды. Өзі ұрттап алаған ба, ауызынан арам қатқан иттің иісі шығады.

– Аяма! Жазала! Он бес тәулікке қамат.

– Құп болады, жолдас бастық!

Жол сақшысы тағы бір тентіреп жүргенді тосып алды. Қолында микрофоны бар бұл неме де удай мас еді. Көлігінен түскеннен жол сақшысын балағаттап, айтпаған сөзі қалмады.

– Ішіп алып көлік тізгіндегенсіз. Оның үстіне мемлекеттік қызметкерді балағаттап тұрсыз. Сізге шара көреміз, – деді жол сақшысы.

– Өлә! Маған шара көретін сен кім едің өзі? Білсең, Баха деген блогер мен боламын. Өзіңді бастығыңмен қосып қызметтеріңнен қууға шамам келеді. Тұр былай жолымнан. Тұмар сияқты аяққа оратылған осылардан-ақ көресіні көріп біттік қой. 

Блогер тас-талқан болып ашуланды. Жол сақшысы тағы да бастығына қоңырау шалды.

– Жолдас бастық! Мұнда біреу Баха деген блогер мен боламын деп бізді қырып-жойып барады. Не істеуім керек?

– Ойбай! Блогер болса, жолама, жібере сал. Ертең қыр соңымызға түсіп алып, бәле болар.

Блогер Баха жалғанды жалпағынан басып кетіп бара жатты. Жол сақшысы күннің астында быжып қала берді.

   Сабырбек ОЛЖАБАЙ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:74
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Тамыз 2026 03:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see124

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see122

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see121

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see119

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see118

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see118

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see117

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see116

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see116

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see116

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see116

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see116

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see115

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see115

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see114

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see113

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see113

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see113

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see113

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары