Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Оксана Тарабрина: Қазақ халқының дархан пейіліне ризамыз

Оксана Тарабрина: Қазақ халқының дархан пейіліне ризамыз

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қайсыбір ұлт өкілінен қазақ халқы жайлы сұрай қалсаңыз, ең алдымен оның бауырмалдылығын, кеңпейілділігін, қонақжайлығын ерекше атап өтеді. Бұл – ғасырлар бойы түрлі ұлт пен ұлысты жатсынбай, бауырына басып, сайын даласындай кеңпейілімен құшақ жая қарсы ала білген халқымыздың кеңдігі мен кемелдігінің, даналығы мен даралығының айғағы. Жеріміздің кеңдігімен қатар пейіліміздің кеңдігі, ынтымақ пен татулыққа негізделген тірлігіміз – әлемге үлгі боларлық құндылық.
Алғыс айту күні – осындай асыл қасиеттерді дәріптейтін, тағдыр тоғыстырған түрлі этнос өкілдерінің қазақ халқына деген ризашылығын білдіретін ерекше мереке.

Қазақтай шуақты шаңырақтың астында кереге болып жайылып, уық болып шаншылған ұлттардың бірі – орыс халқы. Олар ұлты басқа болғанымен, өздерін осы елдің төл перзентіндей сезініп, қазақ халқының салт-дәстүрі мен рухани құндылықтарына терең құрметпен қарайды. Қазақ тілін меңгеріп, ұлттық тағамдарды әзірлеп, дәстүрлерді дәріптеп, ел ішіндегі бейбітшілік пен келісімге өз үлесін қосып келеді.
Осындай татулық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп отырған отбасылардың бірі, 19 түрлі ұлттың ортақ мекеніне айналған Атырау облысы, Махамбет ауданының тұрғындары – Тарабриндер әулеті.

1950 жылы Бақсай ауылында дүниеге келген Владимир Тарабрин Мәскеу қаласында Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң ПМК құрылыс мекемесінде краншы болып еңбек жолын бастайды. Жылдар бойы адал еңбек етіп жүрген шағында тағдыр оны өмірлік серігі Райса Павловнамен табыстырады. Чувашия Республикасының Чебоксары қаласынан сылақшы мамандығын меңгеріп келген Райса Павловна екеуі шаңырақ көтеріп, екі қыз, бір ұл тәрбиелеп өсірді. Өкінішке қарай, отағасы Владимир осыдан жеті жыл бұрын дүниеден өтті.

Алғыс антологиясы: Мереке мәні неде?

Тарабриндер отбасындағы тұңғыш қыз Оксана 1972 жылы дүниеге келген. Бүгінде есімі бөлек демесеңіз, қазақ тілінде еркін сөйлейтін, қазақы болмысты бойына сіңірген жан. Ол О.Шонаев атындағы орта мектепті тәмамдап, Чебоксары қаласындағы жоғары оқу орнында техник-электрик мамандығын игерді. Еңбек жолын туған жері Махамбет ауданында бастап, 1993 жылы Д.Төленов атындағы мектеп-гимназияға физика-математика лаборанты болып жұмысқа қабылданды.

– Балабақшада орыс тобында, мектепте орыс сыныбында білім алсақ та, айналамыздағы жандардың басым бөлігі қазақтар болды. Қазақ балаларымен бірге ойнап өскен соң тілді үйрену қиынға соқпады. Қыздарым да қазақ тілінен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындар алды. Біз қазақ ұлтымен сіңісіп кеттік. Қонақжайлық, үлкенге құрмет көрсету сияқты қасиеттерді бойымызға сіңірдік. Ұжымда да мені өзге ұлт деп бөлмей, өз қыздарындай қабылдады. Қазақ халқының дархан пейіліне ризамыз, – дейді Оксана.

2001 жылдан бері мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып келеді. 28 жасында Николай есімді азаматпен шаңырақ көтеріп, екі қыз тәрбиелеп өсірді. Үлкен қызы Виктория Алматы қаласында жоғары білім алып, қызметке орналасқан. Кенже қызы Дарья – Атырау университетінің студенті.

Алғыс айту мерекесі Алматы облысында да кең көлемде аталды

Тарабриндер әулетінің қазақ халқымен туыстық байланысы екінші қыздары Наташаның махамбеттік Руслан есімді азаматқа тұрмысқа шығуымен нығая түсті. Бұл – ұлттар арасындағы достықтың туыстыққа ұласқан жарқын көрінісі. Өмірге үш перзент әкеліп, бүгінде немере сүйіп отыр. Руслан өмірінің соңына дейін аудандық ветстанцияда еңбек етті. Ал Наташа 2002 жылдан бері Д.Төленов атындағы орта мектепте іс жүргізуші болып қызмет етеді.
Отбасының кенжесі Олег те туған жерінде еңбек етіп жүрген азамат. Әскери борышын өтеп, слесарь мамандығын меңгерген ол бүгінде адал еңбегімен ел игілігіне үлес қосып жатыр.

Алғыс айтуға асығайық!

Алғыс айту күні – осындай тағдырлар тоғысынан туған достық пен ризашылықты еске алатын мереке. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген халқымыздың нақылы Тарабриндер секілді отбасылардың өмірінен айқын көрінеді. Олар қазақ жерін Отаным деп танып, еліміздің өсіп-өркендеуіне аянбай еңбек етіп келеді.
Тәуелсіз еліміздің басты жетістіктерінің бірі – татулық пен келісім. Бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан түрлі ұлт өкілдерінің қазақ халқына деген алғысы мен ризашылығы – бейбіт өмірдің айғағы.

Соңғы жаңалықтар

Иранда жүрген қазақстандықтар елге қалай оралады?

Оқиға • Бүгін, 10:47

Мемлекет басшысы Босния және Герцеговинаның Төралқа Төрағасын құттықтады

Президент • Бүгін, 10:30

Иран аятолла Хаменеидің қазасын растады: елде 40 күндік аза тұту жарияланды

Әлем • Бүгін, 10:16

Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа уәде еткен автокөлігін табыстады

Қоғам • Бүгін, 10:04

Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:57

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыс елдерінің көшбасшыларына қолдау жеделхаттарын жолдады

Президент • Бүгін, 09:40

1 наурызда Қазақстан жолдарындағы ахуал қандай?

Ауа райы • Бүгін, 09:30

Мемлекет басшысы ел азаматтарын Алғыс айту күнімен құттықтады

Президент • Бүгін, 09:05

Мемлекет басшысы Президент әлем біріншілігінде тамаша өнер көрсеткен Кристина Шумекованы құттықтады

Президент • Кеше

Тарихи жетістік: Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова әлем чемпионатында 3 алтын, 1 күміс жеңіп алды

Спорт • Кеше

«Абайға құрмет»: Семейде Рәміздер алаңының құрылысы басталды

Аймақтар • Кеше

«Елімай» футбол клубына демеуші табылды

Футбол • Кеше

Алматыда IV Орталық Азия Неврологиялық форумы аяқталып келеді

Аймақтар • Кеше

«Созылмалы пәтерлер»: Жамбылда 16 мың адам тіркелген пәтерінде ешқашан тұрмаған

Аймақтар • Кеше

«Тобыл» Суперкубок иегері атанды

Футбол • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:143
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Наурыз 2026 11:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see143

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see136

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see134

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see132

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see132

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see131

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see129

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see129

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see128

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see128

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see124

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see117

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see117

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see116

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see114

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see112

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары