Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Болашақ дипломаттар Қазақстанды зерттеуде

Мүгедек әкесін ұрып келген азамат алты жылға сотталуы мүмкін

Мәулен Әшімбаев: Бір палаталы Парламент өкілдік демократияны нығайту жолы

Полиция Шымкентте қаза тапқан студент қыздың отбасы жариялаған деректерге жауап берді

Таяу Шығыстағы қызыл таң

Алматылық неше спортшы қысқы Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алды

ЖИ және заң: Жұртшылық жаңа талапты біле ме?

Жаңа технологиялар болашақтың кепілі

Дін және цифрландыру: Қазақстанда Imam AI іске қосылады

Ауызашарда және сәресіде (ауыз бекіткенде) оқылатын дұғалар толық мәтіні

Әкесін ұрып өлтірген азаматқа прокурор 6 жыл 2 ай жаза сұрады

Діни басқарма жанынан Ислам қаржысы секторы ашылады

Десте дәріс: Эстетика есте жүрсін

Қазақстанда биыл шамамен 2,6 ГВт жаңа электр қуат көзі іске қосылады

Алматының ғылыми өндірістік қуаты зор

Қазақстан биатлоннан Әлем кубогы кезеңінде ерлер эстафетасында бақ сынайды

Қазақстан дипломының халықаралық мәртебесі артады

Қазақстан әлемдегі ең мықты паспорттар рейтингінде өз орнын жақсартты

Есірткі қылмысын еңсеретін жоспар

Павлодар облысында тұрғын үйде өрттен екі бала қайтыс болды

Өлген адамдарды емдеген : Үкіметте медициналық сақтандырудағы сорақы фактілер жарияланды

Өлген адамдарды емдеген : Үкіметте медициналық сақтандырудағы сорақы фактілер жарияланды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мемлекет басшысының бюджет тәртібін күшейту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

2025 жылғы 18 желтоқсанда Премьер-министр Олжас Бектенов Қаржы министрлігіне бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру мақсатында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қызметін талдау туралы тапсырма берді.

Талдау қорытындысы бойынша қаржы министрі Мәди Такиев бюджеттік шығыстардың өсуіне қарамастан (2026 жылы осы мақсаттарға арналған шығыстар 2,4 трлн теңгені құрайды, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 1 трлн теңгеге артық) Қордың тиімділігі артпай тұрғанын баяндады. Бұл ретте 2020 жылдан бері жинақталған инвестициялық табыс 588 млрд теңгені құрады, оның ішінде тек 2025 жылдың өзінде 195,9 млрд теңге болған. Талдауға көрсеткендей, қаражаттың едәуір бөлігі қор активтерінде жинақталады және медициналық қызмет көрсетуге жұмсалмайды.

Қаржы министрлігі жүргізген медициналық қызмет көрсетудің ақпараттық жүйелерінің IT-аудиті бірқатар жүйелі заңбұзушылықты анықтады:

– жалған пациенттерді тіркеу (контингент тіркелген кезде 1 мың адам болғанмен, іс жүзінде медициналық қызметке 500-і жуық жүгінеді, алайда төлем бүкіл контингент үшін жүргізіледі);

– азаматтарға өздеріне тән емес медициналық қызметтерді көрсету;

– МӘМС және жұмыс берушілердің ерікті медициналық сақтандыру қаражаты есебінен бірдей қызметтерді қосарлана қаржыландыру;

– қысқа мерзімде медициналық қызметтердің «әдеттен тыс» көп көлемін көрсету;

– қайтыс болған азаматтарға қызмет көрсету;

– балаларға күніне мыңнан астам дәрі-дәрмектерді жазып беру және т. б.

Қаржы министрі Мәди Такиев нақты сандар мен мысалдар келтірді:

1. Жекеменшік клиника бір күнде 1 442 пациент қабылданған, ал бір күнде орташа есеппен 24 адамға дейін қабылданды (6 сағаттық жұмыс күнінде 1 пациентке 15 минут). Сол клиникада басқа дәрігер бір айда 4 832 науқасты қабылдаған (Астана қаласы);

2. Бір маманда бір айда 1 713 емдеу жасаған жағдай тіркелген, жекелеген күндері – тәулігіне 300-400 тексеру жасаған (Астана қаласы).

3. 996 қайтыс болған пациентке медициналық қызмет көрсетудің 3 640 оқиғасы анықталды, мысалы 2023 жылы қайтқан адамды 2025 жылы қабылдауға жазған (қайтыс болғаннан кейін 2,5 жыл өткен соң).

4. 1,8 млрд теңгеге пациенттің жынысына сәйкес келмейтін скринингтердің 769 446 жағдайы тіркелді. Мәселен, 768 827 ер адам әйел ауруларына (жатыр мойны обырына)  скринингтен, 619 ер адам маммограммадан өтті деп көрсетілген. Тек бір аудандық ауруханада осындай 11 123 жағдай анықталды (Алматы облысы).

5. Балаларға арналған дәрілік заттарды жүйелі түрде жалған тіркеудің 68 717 жағдайы нақтыланды. Диксимид препараты бойынша екі балаға 126 мың жазба тіркелген, яғни әрқайсысына 63 мың реттен есептен шығарылған (Жетісу облысы);

6. Бір пациентке бір тәулік ішінде дәрі-дәрмектерді есептен шығаруған 2 872 жағдай белгілі болды. Балалар ауруханасында осындай 179 жағдай анықталды: 88 мың бірлік дәрі-дәрмек есептен шығарылды, бұл ретте пациенттер стационарда 1 күнге жетпейтін уақыт қана болған (Астана қаласы) және тағы басқа деректер бар.

Талдау қосарланған қаржыландырудың кең таралған екі жағдайын анықтады. Біріншісінде – жекеменшік медициналық ұйымдардың жұмыс беруші тарапынан ерікті медициналық сақтандыру бойынша және МӘМС қорының қаражаты есебінен бір мезгілде төлем алуы болса, екінші жағдайда – бір науқастың бір мезетте екі медициналық ұйымның базасында қатар тіркелуі.

Сондай-ақ салық органдары медициналық ұйымдар басшыларына қатысты камералдық бақылау жүргізіп, олардың табыстары мен сатып алған мүліктеріне талдау жасады. Нәтижесінде 2024-2025 жылдар аралығында 1 465 басшы 5 мыңнан астам жылжымайтын мүлік объектісін сатып алғаны, ал 912 адамның 1 416 автокөлік иеленгені анықталды. Жекелеген басшылардың әрқайсысы 52-ден 124-ке дейін жылжымайтын мүлік объектісін және 14-тен 24-ке дейін автокөлік сатып алған.

Сонымен қатар Қор мен Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінің, сондай-ақ нормативтік-құқықтық базасының шашыраңқылығы атап өтілді. Пациенттер мен медициналық ұйымдар бойынша бірыңғай деректер қорының болмауы қолданыстағы нормативтік базаның көп жағдайда халыққа медициналық көмек көрсетудің түпкі нәтижесіне емес жекелеген ұйымдардың (МӘМС, «СК Фармация») қызметтеріне байланыстырылуына алып келді.

Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы, жарақтандырылуы және кадрлық талаптары бастапқы расталғаннан соң одан кейінгі бақылау іс жүзінде жүргізілмейді. Бақылаудың алдын алу тетіктері құрылмаған, бұл медициналық ұйымдардың ТМККК және МӘМС құралдарын мақсатсыз пайдалануды дер уақытында болдырмауға мүмкіндік бермейді.

Жүйеде үнемдеуге ынталандыру жолға қойылмаған: үнемделген қаражатты бюджетке қайтару құралдары қарастырылмаған. Тиімділікке емес, қаражатты игеруге деген мотивация орныққан.

Тариф белгілеуде де белгілі бір проблемалар анықталды. Жүйеде 3 мыңнан астам тариф қолданылады, бұл медициналық қызметтерді әкімшілендіру мен бақылауды едәуір қиындатады.

*****

Қорытындылай келе Премьер-министр Олжас Бектенов келесідей тапсырмалар берді:

- Қаржы министрлігі барлық айтылған деректерді бойынша материалдарды процестік шешімдер қабылдауы үшін құқық қорғау органдарына берсін;

- барлық қаржы ағындарын бақылау үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігінің қарамағына берілсін;

- Қаржы министрлігі жүйелерінің базасында денсаулық сақтау жүйесінің барлық бизнес-процестерін толық цифрландыру қамтамасыз етілсін;

- ӘМСҚ активтерін орналастыру және инвестициялық табыс алу жөніндегі инвестициялық стратегияның параметрлерін қайта қарау арқылы негізсіз қаржыландыру тоқтатылсын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:56
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қаңтар 2026 18:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Болашақ дипломаттар Қазақстанды зерттеуде

15 Қаңтар 2026 09:46see111

Мүгедек әкесін ұрып келген азамат алты жылға сотталуы мүмкін

15 Қаңтар 2026 09:57see109

Мәулен Әшімбаев: Бір палаталы Парламент өкілдік демократияны нығайту жолы

15 Қаңтар 2026 10:06see108

Полиция Шымкентте қаза тапқан студент қыздың отбасы жариялаған деректерге жауап берді

16 Қаңтар 2026 00:38see107

Таяу Шығыстағы қызыл таң

15 Қаңтар 2026 05:30see107

Алматылық неше спортшы қысқы Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алды

16 Қаңтар 2026 00:36see106

ЖИ және заң: Жұртшылық жаңа талапты біле ме?

15 Қаңтар 2026 16:27see106

Жаңа технологиялар болашақтың кепілі

15 Қаңтар 2026 19:53see106

Дін және цифрландыру: Қазақстанда Imam AI іске қосылады

15 Қаңтар 2026 20:18see106

Ауызашарда және сәресіде (ауыз бекіткенде) оқылатын дұғалар толық мәтіні

14 Қаңтар 2026 23:32see106

Әкесін ұрып өлтірген азаматқа прокурор 6 жыл 2 ай жаза сұрады

14 Қаңтар 2026 22:38see105

Діни басқарма жанынан Ислам қаржысы секторы ашылады

15 Қаңтар 2026 13:19see104

Десте дәріс: Эстетика есте жүрсін

15 Қаңтар 2026 13:19see104

Қазақстанда биыл шамамен 2,6 ГВт жаңа электр қуат көзі іске қосылады

14 Қаңтар 2026 22:33see104

Алматының ғылыми өндірістік қуаты зор

16 Қаңтар 2026 07:52see104

Қазақстан биатлоннан Әлем кубогы кезеңінде ерлер эстафетасында бақ сынайды

15 Қаңтар 2026 18:26see104

Қазақстан дипломының халықаралық мәртебесі артады

15 Қаңтар 2026 12:22see103

Қазақстан әлемдегі ең мықты паспорттар рейтингінде өз орнын жақсартты

15 Қаңтар 2026 12:34see103

Есірткі қылмысын еңсеретін жоспар

16 Қаңтар 2026 07:52see103

Павлодар облысында тұрғын үйде өрттен екі бала қайтыс болды

15 Қаңтар 2026 13:46see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары