Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

Абыройы асқақтаған аудан

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

Олжас Бектенов онкология және биомедицина саласындағы жаңа технологияларды бағалады

Олжас Бектенов онкология және биомедицина саласындағы жаңа технологияларды бағалады

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Белгілі болғандай, Бектенов пациенттерге жоғары технологиялық ем түрлері көрсетілетін Ұлттық ғылыми онкология орталығының жаңа корпусының жабдықталуын да тексерді.

ҰҒОО – Қазақстандағы радиациялық онкология бойынша көшбасшы орталық. Мұнда жыл сайын 12 мыңға жуық диагностикалық зерттеу мен жедел ота жасау, 4 мың сәулелік және протондық терапия курсы, сондай-ақ 330-ға дейін ағзалар мен сүйек кемігін трансплантациялау сынды ем-шаралар жүзеге асырылады.

Пациенттерге барлық онкологиялық көмек тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі (ТМККК) және Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде ақысыз көрсетіледі. Аталған мақсаттарға мемлекеттік бюджеттен жыл сайын 170 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді. Онкологиялық көмекке арналған бюджет көлемі соңғы 3 жылда 6 есеге ұлғайды, оның ішінде инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, заманауи жабдықтармен жарақтандыру шығындары да бар.

Премьер-министрге Ұлттық ғылыми онкологиялық орталыққа "АЭХА-ның зәкірлік орталығы" (Anchor Center) мәртебесін алып беру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтылды, оны алған жағдайда орталық бүкіл Орталық Азия аймағы үшін радиациялық онкология және ядролық медицина саласындағы озық тәжірибені дамыту және таратуға арналған тірек алаңына айналмақ.

Радиациялық технологиялар орталығында обыр ауруын диагностикалауға (cоның ішінде ерте сатысында) және емдеуге арналған радиофармпрепараттар өндірісінің толық циклін игеру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі таңда "18-фтордезоксиглюкоза (18F-FDG)" радиофармпрепаратының өндірісі жолға қойылған. Ол ПЭТ/КТ және елімізде алғаш рет қолданылғалы отырған ПЭТ/МРТ диагностикасы үшін қажет. Таяу уақытта тағы 13 препарат шығару жоспарлануда, олардың бір бөлігі алғаш рет синтезделмек. Өндірісі өзімізде болғанының арқасында жылына 12 мыңға дейін зерттеу жұмысын жүргізу мүмкін болып отыр.

Сурет: primeminister.kz

Радионуклидтік терапия бөлімшесінде қалқанша безінің қатерлі ісігін емдеу үшін йод-131 негізіндегі препарат қолданылады. Пациенттер аталған радиофармпрепаратты қабылдағаннан кейін 5-7 күн оқшау жатқызылады. Бөлмелер АЭХА-ның талаптары мен стандарттарына сай жарақтандырылған. Биылғы 5 айда мұнда 80 адам емделді. Жалпы, бөлімше жылына 300-ден астам науқасты қабылдай алады.

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың радиофармпрепараттарды пайдалана отырып емделу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін 6 өңірлік орталықты біріктіріп желі құру жұмыстарын жүргізуде. "Сәулемен емдеуге арналған" осындай қосымша палаталар Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында ашылады.

Медициналық инфрақұрылымды аралау кезінде жасанды интеллект технологияларының енгізілуіне де назар аударылды. Сәулелік және протондық терапияда жасанды интеллектіні қолдану сау тіндерге өте аз әсер ете отырып, жоғары дәлдікпен емдеуге мүмкіндік береді. Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықта ЖИ технологияларына негізделген EDGE және ETHOS жүйелерін қоса алғанда, Varian желілік үдеткіштері бар 7 радиациялық онкология бункері жұмыс істейді.

Протонды терапия орталығы – Varian компаниясы жасап шығарған ProBeam 360 жүйесімен жарақтандырылған Орталық Азиядағы жалғыз орталық. Мұндай қондырғылар бүгінде әлемнің тек 24 елінде ғана жұмыс істеп тұр. Бұл терапия балаларды ми мен жұлын бойында, көру құрылымдарында және басқа да жерлерде жаңадан ісік пайда болған кезде емдеуге өте оңтайлы. Мұндағы жоғары дәлдікті екі КТ-симуляторы қамтамасыз етеді. Одан бөлек Қазақтанда алғаш рет МРТ-симулятор іске қосылды. Орталық жылына 1 мың адамға дейін емдеуге есептелген, оның ішінде шетелдік пациенттер де бар, бұл еліміздің медициналық туризм саласындағы әлеуетін нығайта түседі.

Гибридті операциялық залдарда дәрігерлер миға, жүрекке және тағы да басқа ағзаларға 350-ден астам жоғары технологиялық операциялар жасайды. Сонымен қатар кадрлардың біліктілігін үнемі арттырып отыру да – маңызды бағыт. ҰҒОО-ның 250-ден астам маманы әлемнің жетекші онкологиялық орталықтарында заманауи жабдықтармен жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған.

Сурет: primeminister.kz

Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігіне еліміздің барлық өңірлерінен келген онкопациенттерге озық емдеу әдістерінің барынша қолжетімді болуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Қазақстанда ядролық медицинаны одан әрі дамыту үшін қажетті жағдай жасауды тапсырды.

Премьер-министр қазақстандық ғалымдар, оқытушылар мен студенттер үшін ресурстық және оқу алаңына айналған NU-дың жаңа Биомедициналық зерттеу орталығының жарақтандырылу жағдайымен танысты. 5 600 шаршы метрден астам аумақта биомедициналық және клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізу үшін барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, геномика, молекулярлық биология, тіндік инженерия, регенеративті және трансляциялық медицина саласындағы зерттеулер үшін платформа бар.

Мұндағы басты ерекшелік – биология және фармакология саласында ғылыми зерттеулер жүргізілетін виварий. Технологиялық жарақтандыру деңгейі және халықаралық биоқауіпсіздік стандарттарын сақтау бойынша бұл нысанның аймақта баламасы жоқ.

NU президенті, профессор Вакар Ахмад қазіргі уақытта зертханалық жануарлармен жұмыс сапасын бағалаудың танымал жаһандық жүйелерінің бірі – AAALAC International аккредитациясын алу бойынша жұмыстар жүріп жатқанын хабарлады. Виварийдің ашылуы қазақстандық ғалымдарға отандық дәрі-дәрмектер өндірісінің желісін ұлғайту үшін зерттеулердің сапалы жаңа деңгейіне өтуге мүмкіндік береді.

Мұнда Премьер-министрдің назарына NU экожүйесінде дамып жатқан бірқатар ғылыми және технологиялық жоба ұсынылды. University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы, доктор Юрий Пя донорлық органдарды адам ағзасына барынша ұқсас жағдайда консервациялауға және ұзақ мерзім тасымалдауға арналған инновациялық ALEM құрылғысын таныстырды. Аталған технологияны енгізу еліміздегі трансплантологияның тиімділігін едәуір арттырмақ.

Сурет: primeminister.kz

National Laboratory Astana бас директоры, профессор Дос Сарбасов клиникаға дейінгі сынақтар мен жаңа дәрілік препараттарды әзірлеуге маманданатын Өңірлік фармацевтикалық орталық құру жоспары туралы айтты. Жобада Қазақстанда локализация деңгейі жоғары фармацевтикалық өндірісті дамыту үшін R&D-инфрақұрылымын қалыптастыру көзделген.

Премьер-министр сонымен қатар NU Медицина мектебінің қызметімен, ғалымдарының онкология, шеміршек регенерациясы, сынықтарды роботтандырылған емдеу, фармацевтикалық компоненттерді алу үшін қалдықтарды биологиялық жолмен өңдеу туралы және тағы да басқа зерттеулерімен танысты. Бұдан басқа, оның назарына NU технопаркі резиденттерінің медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыратын медициналық технологияларды әзірлеуге бағытталған жобалары ұсынылды.

Олжас Бектенов ғылыми-зерттеу жұмыстарының қазақстандық медицинаны және фармацевтиканы дамытудағы маңыздылығын атап өтіп, салалық министрліктерге озық отандық әзірлемелерді іс жүзіне асыру үшін барлық жағдайды жасауды тапсырды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қараша 2025 12:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

13 Шілде 2026 23:32see127

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

13 Шілде 2026 17:21see117

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

13 Шілде 2026 16:39see117

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

13 Шілде 2026 21:44see117

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

13 Шілде 2026 17:34see114

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

13 Шілде 2026 21:44see114

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see113

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see113

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

14 Шілде 2026 10:47see112

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see112

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see111

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

13 Шілде 2026 23:42see111

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see111

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

14 Шілде 2026 00:28see110

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

14 Шілде 2026 10:08see109

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

14 Шілде 2026 14:34see109

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see109

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

14 Шілде 2026 19:22see108

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

14 Шілде 2026 17:32see108

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

13 Шілде 2026 17:04see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары