Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Орал қаласында жаңа музей ғимаратын салу қажеттілігі туындады

Орал қаласында жаңа музей ғимаратын салу қажеттілігі туындады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Музей директоры Жантас Сафуллиннің мәлім еткеніндей, облыстың бас мұражайы орналасқан ғимарат 1879 жылы шығыс-мавритандық стильде бой көтерген.

Жантас Набиоллаұлының сөзіне қарағанда, Орал қаласындағы ХІХ ғасырдағы ғимараттарды Санкт-Петербордан арнайы шақырылған архитектор Иван Андреевич Тец салған.

Фото: БҚО тарихи-өлкетану музейі

Тецтің қолынан шыққан ең сәнді тарихи ескерткіштердің бірі бастапқыда орыс-қырғыз мектебі ретінде қызмет еткен. Осында қазақ балалары білім алған.

- Ғимарат жақсы сақталғанымен, музейге тарлық етіп тұр. Қазіргі таңда жәдігерлер саны 200 мыңнан асады. Бұлардың бәрінің каталогын жасау, халыққа қолжетімді ету жұмыстың бір парасы болса, жәдігерлерді сақтаудың өз тәртібі бар. Ғимарат санитарлық, температуралық, ылғалдылық режиміне, өрт қауіпсіздігі ережелеріне сай болуы керек. Кеңес дәуірінде музейге жапсарлас салынған қосымша ғимарат та стандартқа сәйкес келмейді, - дейді Ж.Сафуллин.

Фото: БҚО тарихи-өлкетану музейі

Оның айтуынша, күні бүгін музейдің сегіз залында 1 800-дей экспонат қойылған, бұл жәдігерлердің 1 пайызына да жетпейді. Оған қоса Орал қаласында басқа музейлер шашыраңқы орналасқан. Солардың кейбірінің басын қосса, дұрыс болар еді.

- Президентіміз биыл Қызылордада өткен Ұлттық құрылтай кезінде сонда жаңадан ашылған тарихи-өлкетану музейіне тоқталып, музей ісін басқа да өңірлерде дамыту жөнінде тапсырма берді. Сондықтан Орал қаласында 190 жылдық тарихы бар облыстық музей үшін жаңа ғимарат салу өте өзекті болып тұр. Алдымен қолайлы жер таңдау, жақсы жобасын жасау керек. Себебі жас ұрпақты музей арқылы тәрбиелеу үшін жаңа технологияны, жасанды интеллектіні енгізуіміз қажет. Жаңа ғимарат болса, жәдігерлерді сақтау мәселесі де біржола шешілер еді, - деді музей директоры.

Фото: БҚО тарихи-өлкетану музейі

БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Қуанышбек Мұханғалиев жаңа музей ғимаратын салу ісі ойда бар екендігін жеткізді.

- Әуелі 2027 жылы облыстық мемлекеттік архив ғимаратын салу жоспарда тұр. Қазіргі кезде соған дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Орал қаласының бас жоспары бекітілгеннен кейін қай жерде қандай ыңғайлы орын бар, болашақта музей тұрғызу мәселесін де қарастыратын боламыз, - деді Қ.Мұханғалиев.

Облыстық тарихи-өлкетану музейіне 1984-2008 жылдары басшылық еткен сала ардагері Сара Танабаеваның нақтылауынша, орыс-қазақ мектебі болып тұрған кезінде ғимаратта Мұхамед-Хафиз Мырзағалиев, Тәттіғали Қожанов сынды мемлекет қайраткерлері оқыған.

Фото: БҚО тарихи-өлкетану музейі

1975 жылы облысқа Мұстақым Ықсанов басшы болып келгеннен кейін сол кісінің қолдауымен тарихи ғимаратқа күрделі жөндеу жасалып, 1980 жылы 20 тамызда музейдің алғашқы экспозициясы ашылды.

- Музейге жаңа ғимарат өте қажет. Бірақ оның орнын алыстан іздеудің қажеті болмас. Өйткені тарихи ғимаратты сақтап қалу да маңызды. Менің ойымша, музей ауласындағы екі қабатты қосалқы ғимаратты бұзып, орнына үш қабатты етіп жаңасын салса, дұрыс болар еді. Сосын тарихи ғимаратпен галерея сияқты етіп арасын заманауи технологияға сәйкестендіріп жалғауға болады. Ал облыстық мемлекеттік архив жаңа орынға көшкен жағдайда соның ғимараты музей қорын сақтау үшін таптырмас орынға айналар еді, - деді Сара Есқайырқызы.

Фото: БҚО тарихи-өлкетану музейі

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда көне кітап, қолжазбаларды жинау қолға алынғанын жазған едік.

Сондай-ақ Жантас Сафуллин Орал қаласында Ғұмар Қараш атындағы музей ашылса, дұрыс болатыны жөнінде айтты.

Оралда «Қазақстан» газетінің 115 жылдығына орай көрме ұйымдастырылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:170
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Сәуір 2026 14:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see154

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see152

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see152

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see142

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see138

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see136

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see132

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see127

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see126

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see126

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see125

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see125

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see125

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see125

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see122

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see121

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see121

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see120

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see120

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see120
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары