Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

Құрылтайда фракцияның негізгі бағыттары талқыланды

Орталық Азиядағы шетел инвестициясының 68% ы Қазақстан экономикасында шоғырланған

Орталық Азиядағы шетел инвестициясының 68% ы Қазақстан экономикасында шоғырланған

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

151,3 млрд доллар. Бұл саннан Қазақстанның экономикалық саясатының әлеуетін де көруге болады. Ол үшін дербес экономика ретінде инвестиция тарту тарихы ұқсас елдердің көрсеткішін Қазақстанмен салыстырып көрейік. Инвестиция тарту тарихы ұқсас елдер деп 1991 жылы Қазақстанмен бірге мемлекеттілігін қалпына келтірген 14 республиканы айтып отырмыз.

Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми статистикасына сүйенсек, 2024 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 291,5 млрд доллар болған. Сонда экономикадағы шетелдік капитал елдің жалпы ішкі өнімінің 51,9 пайызына тең деген сөз.

UNCTAD есебі бойынша, Ресей экономикасында жинақталған ТШИ 2024 жылы шамамен 216 млрд доллар болған. Бірақ теріскейдегі көршіміздің экономикасы әлдеқайда ірі – 2024 жылы ЖІӨ көлемі 2,17 трлн доллар болды. Сондықтан шетел капиталының Ресей экономикасындағы үлесі шамамен 10 пайыз деңгейінде. Қазақстанның ЖІӨ көлемі Ресейден 7,5 есе, жинақталған шетел инвестициясының көлемі 1,4 есе аз болып шығады.

Посткеңестік кеңістіктен Еуропа Одағына сәтті интеграция жасаған үш ел бар – Эстония, Латвия, Литва. Эстонияда жинақталған ТШИ елдің ЖІӨ-нің 73,9 пайызына, Латвияда 55,2 пайызға, Литвада 40,9 пайызға тең. Бұл үш елдің жалпы ішкі өнімін қоссақ, шамамен 171,4 млрд доллар болады. Ал экономикасындағы ТШИ-дің қосындысы – 97,5 млрд. Салыстырсақ, Қазақстанда бұл көрсеткіштер тиісінше 291,5 млрд доллар және 151,3 млрд доллар.

Орталық Азиядағы 4 көрші мемлекеттің жиынтық ЖІӨ 2024 жылы шамамен 215 млрд доллар болған. Ал экономикада жинақталған тікелей шетел инвестициясының көлемі 69,3 млрд долларға жеткен. Салыстырсақ, төрт елдің экономикасын бірге алғанның өзінде, жинақталған шетел капиталы Қазақстандағы көрсеткіштен екі еседен астам төмен болып шығады. Басқаша айтсақ, Орталық Азияда жұмыс істеп тұрған шетелдік инвестицияның 68,6 пайызы Қазақстанда шоғырланған.

Инфографика: Kazinform

КСРО-дан бір кезеңде бөлініп шыққан елдерде инвестициялық динамика қалай өзгергенін UNCTAD есебіндегі 2000, 2010 және 2023 жылдардың көрсеткіштерінен көруге болады.

Инфографика: Kazinform

Біріншіден, тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында Қазақстан Балтық елдерінен айтарлықтай алда болмаған.2000 жылы Қазақстан экономикасында жинақталған тікелей шетел инвестициясының көлемі 10,1 млрд доллар болды. Бұл Эстониядағы көрсеткіштен шамамен 3,9 есе, Литвадан 4,4 есе, Латвиядан 4,8 есе ғана көп еді. Ресейдің көрсеткіші бұл уақытта 32,2 млрд доллар болып, Қазақстаннан шамамен 3,2 есе жоғары тұрды. Ал Орталық Азиядағы басқа елдерде инвестиция көлемі өте төмен болды: Түрікменстанда 1,8 млрд доллар, Өзбекстанда 0,7 млрд доллар, Қырғызстанда 0,4 млрд доллар, Тәжікстанда 0,2 млрд доллар ғана еді.

Екіншіден, 2010жылғақарайҚазақстандағыинвестициякөлемікүртөсті. 2010 жылы ел экономикасында жинақталған ТШИ 63,4 млрд долларға жетті. Бұл Эстониядағы көрсеткіштен шамамен 3,9 есе, Литвадан 4,8 есе, Латвиядан 6,1 есе көп болды. Осы кезеңде Ресейде де шетел инвестициясының көлемі өте тез өсіп, 336,3 млрд долларға жетті, яғни, Қазақстаннан 5,3 есе жоғары болды. Орталық Азияда да инвестиция көлемі артқанымен, айырмашылық сақталды: Түрікменстанда 18,5 млрд доллар, Өзбекстанда 3,2 млрд доллар, Қырғызстанда 2 млрд доллар, Тәжікстанда 1,6 млрд доллар болды.

Үшіншіден, 2023 жылға қарайҚазақстан посткеңестік кеңістіктегі негізгі инвестициялық орталықтардың біріне айналды. 2023 жылы Қазақстан экономикасында жинақталған шетел капиталы 157,6 млрд долларға жетті (2024 жылғы көрсеткіштен 2,6 млрд доллар көп). Бұл Эстониядағы көрсеткіштен 5,1 есе, Латвиядан 6,7 есе, Литвадан 4,8 есе көп болды. Ресейде бұл көрсеткіш 255 млрд доллар деңгейінде қалып, Қазақстаннан шамамен 1,6 есе ғана жоғары болды. Геосаяси жағдай, санкциялар Қазақстан мен Ресей арасындағы айырмашылықты айтарлықтай қысқартты. Ал Орталық Азия елдерімен айырмашылық одан әрі ұлғайды: Қазақстандағы инвестиция көлемі Өзбекстаннан 10,5 есе, Түрікменстаннан 3,7 есе, Қырғызстан мен Тәжікстаннан 40 еседен астам көп болды.

UNCTAD есебінде мемлекеттердің өзге елдерде жұмыс істеп тұрған инвестициясының жиынтықтары да көрсетілген.

2000 жылы Қазақстанның шетелдегі инвестициясы өте аз болды – шамамен 0,7 млрд доллар ғана. Ресейде бұл көрсеткіш Қазақстаннан ондаған есе жоғары еді.

2010 жылы Ресейдің сыртқы инвестициясы күрт өсіп, 368 млрд долларға жетті. Қазақстанда бұл көрсеткіш 4,9 млрд доллар болды. Осы кезеңде Эстонияның сыртқы инвестициясы Қазақстанмен шамалас деңгейге жақындады. 2023-2024 жылдары Қазақстанның шетелдегі жинақталған инвестициясы 17-18 млрд доллар деңгейіне жетті. Бұл Балтық елдерінің кейбірімен салыстырғанда жақын болғанымен, Ресеймен айырмашылық өте үлкен күйінде қалды – 20 еседен астам аз.

Инфографика: Kazinform

2024 жылы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет тікелей шетел инвестициясының нетто ағыны бойынша теріс көрсеткіш тіркеп, кері сальдо шамамен -2,6 млрд доллар болды.

- Бұл төмендеу жаһандық тұрақсыздық, геосаяси тәуекелдер және ірі трансұлттық компаниялар белсенділігінің төмендеуімен байланысты болды. Негізгі себеп – компаниялардың бұрын қайта инвестицияланған пайданы дивиденд ретінде шетелге шығарып алуы, сондай-ақ ірі жобалардан капиталдың қайтарылуы, - деп жазылған есепте.

Осылайша, Қазақстан Орталық Азиядағы шетел инвестициясын тартудың негізгі орталығы болып қала береді. Дегенмен инвестиция құрылымы ел экономикасының әлі де капитал импорттаушы екенін көрсетеді: 2024 жылы Қазақстан экономикасында жинақталған тікелей шетел инвестициясы 151 млрд доллардан асса, қазақстандық компаниялардың шетелдегі инвестициясы шамамен 18 млрд доллар деңгейінде ғана болды. Яғни елге келген шетел капиталы сыртқа салынған инвестициядан шамамен 8-9 есе көп.

Инвестиция көлеміндегі айырмашылық Қазақстан экономикасының өңірдегі ауқымын көрсетеді. Экономика көлемі, нарық сыйымдылығы және институционалдық ортаның салыстырмалы тұрақтылығы елге халықаралық капитал тартуға мүмкіндік беріп отыр. Нәтижесінде Қазақстан Орталық Азиядағы инвестициялық белсенділік шоғырланған негізгі экономикалық орталықтардың бірі ретінде қалыптасқан. Бұл факторлар экономиканың ұзақ мерзімді тұрақтылығына ықпал ететін алғышарттарды қалыптастырып, өндіріс, инфрақұрылым және қызмет көрсету секторларының дамуына әсер етеді.

2025 жылдың қарашасындағы ресми мәлімет бойынша, Қазақстан жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) бойынша ТМД елдері арасында көшбасшыға айналды. Халықаралық валюта қоры елдегі көрсеткішті 14,77 мың доллар деп бағалаған. Бұл деңгей Ресейден (14,26 мың доллар), Грузиядан (9,57 мың доллар), Армениядан (8,86 мың доллар), тіпті салыстырмалы түрде Қытайдан (13,69 мың доллар) да жоғары.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:156
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Наурыз 2026 16:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see161

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see158

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see156

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see155

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see154

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see153

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see151

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see149

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see143

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see139

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see137

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see136

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see134

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see128

Беларусь БАҚ тары Рыбакинаның US Open дегі жетістігіне алаңдаулы

09 Қыркүйек 2026 10:31see126

Астана көші қон қызметінің бұрынғы басшысы Ербол Махметов ұсталды: ҰҚК түсініктемесі

09 Қыркүйек 2026 12:35see123

Қазақстанда ирригация каналдарын механикалық тәсілмен тазалау қарқыны артып келеді

09 Қыркүйек 2026 11:44see121

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды

09 Қыркүйек 2026 23:44see118

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен Мемориалы өтеді

09 Қыркүйек 2026 23:06see114

Құрылтайда фракцияның негізгі бағыттары талқыланды

10 Қыркүйек 2026 04:11see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары