Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

ОСК делегациясы Мажарстандағы парламенттік сайлауды халықаралық байқауға қатысты

ОСК делегациясы Мажарстандағы парламенттік сайлауды халықаралық байқауға қатысты

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Жұмыс сапары аясында Ортсайлауком басшысы Мажарстанның Ұлттық сайлау бюросының президенті Аттила Надьпен, Ұлттық сайлау комиссиясының президенті Роберт Шашваримен екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екі мемлекеттің ұлттық сайлау жүйесінің ерекшеліктері, алдағы екіжақты ынтымақтастық шаралары туралы талқылады.

— Нұрлан Әбдіров шетелдік әріптестеріне республикалық референдумның қорытындылары және жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары туралы жан-жақты ақпарат ұсынып, оларды алдағы Құрылтай депутаттарын сайлауға халықаралық байқаушы ретінде қатысуға шақырды. Атап өтетін жайт: тараптар арасындағы ынтымақтастық шаралары Қазақстан мен Мажарстанның сайлау органдары арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум аясында жүзеге асырылып келеді. Аталған меморандумға 2024 жылғы 14 маусымда қол қойылды, — делінген комиссия хабарламасында.

Фото: ОСК

Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Америка Құрама Штаттарының  сайлауға жәрдемдесу жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Дональд Палмермен, Хорватия, Латвия, Литва, Эстония, Түркия, Үндістан мемлекеттерінің орталық сайлау органдары басшыларымен және өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізіп, оларды алдағы уақытта Қазақстанда өтетін парламенттік сайлауға халықаралық байқау жүргізуге шақырды.

ОСК делегациясы Мажарстанның мемлекеттік ақпараттық саясат саласындағы бірқатар маңызды жобамен танысты. Атап айтқанда, деректерді қорғау және ақпарат бостандығы жөніндегі, медиа және ақпараттық коммуникация жөніндегі ұлттық органдардың өкілдері осы саладағы тәжірибелер, электоралдық науқан кезіндегі коммуникацияны басқару, ақпарат алмасу бойынша таныстырылым жасады.

Шетелдік байқаушыларға арналған жобалар таныстырылымында Ұлттық сайлау комиссиясы дауыс беруді ұйымдастыру тәртібі туралы баяндады. Халықаралық байқау бағдарламасы шеңберінде ОСК өкілдері Будапешт қаласында орналасқан № 020 сайлау учаскесінде болып, дауыс беру күніне дайындықтың соңғы кезеңдерімен танысты.

12 сәуірде, яғни сайлау күні ОСК делегациясы Будапешт қаласындағы бірқатар сайлау учаскелерінде болып, дауыс беру барысын, учаскелік сайлау комиссияларының жұмысы мен сайлаушылардың қатысу деңгейін байқады. Сондай-ақ, учаскелердің жабылуы мен дауыстарды санау процесіне қатысты.

Айта кетейік, Мажарстан парламенті — Мемлекеттік жиналыстың жаңа шақырылымын сайлау 2026 жылғы 12 сәуірде өтті. Оның құрамына 199 депутат кіреді. Мажарстан аралас сайлау жүйесін қолданады: бірмандатты округтер және ұлттық тізімдер бойынша. Мажарстанның сайлау жүйесіндегі ерекшелік — дауыс беру қағаз бюллетеньдер арқылы жүзеге асырылады, электрондық дауыс беру жүйесі қолданылмайды. Бұл сайлауға Мажарстан халқының 79,56 пайызы дауыс беруге қатысып, жоғары белсенділік көрсетті. 

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Сәуір 2026 17:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see117

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see116

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see115

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see113

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see111

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see111

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see110

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see109

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see109

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see108

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see108

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see108

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see107

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see105

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see105

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see103

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see103

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорынан 490 млрд теңге алған

15 Қазан 2026 05:52see102

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see102

Бірлік пен белсенділікті ұштастырған жоба

15 Қазан 2026 05:00see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары