Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Өскеменде экологиялық арнайы рейд жүргізілді

Өскеменде экологиялық арнайы рейд жүргізілді

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Өскемен қаласында экологтар ауаның ластануына қатысты бақылау бағытын қайта қарады.

Көпшілік ойлағандай, атмосфераны ірі зауыттар ластап жатқан жоқ. Мамандардың мәліметінше, жылына ауаға 160 мың тонна зиянды заттар таралады. Оның тек 50 мыңы кәсіпорындарға тиесілі. Ал қалғаны автокөліктен шығатын түтін мен жер үйлердегі пештен шығатын қалдықтар. Бұл шығарындылардың адам денсаулығына қаншалықты қауіпті екенін экологтар жаңа мобильді зертхананың көмегімен анықтауда. Қазір мамандар арнайы рейд жүргізуді бастап кетті.

Өскемен тұрғындары жиі тыныс алу қиындап, қалың түтін шаһарды басып жатады деп шағымданады. Әсіресе, желсіз күндерде жағдай ушыға түседі. Мұндай кезде зиянды шығарындылар ауада таралмай, жиналып қалады. Өткен жылы метеоқолайсыз 112 күн тіркелген.

Любовь Золотилова, Өскемен қаласының тұрғыны:

- Қазір ауаның лас екені рас. Көк түтін жиі қаланың үстін тұмшалайды. Бірақ бұл түтін неден екенін, оның қаншалықты зиян екенін біз білмейміз. Өйткені біз эколог емеспіз.

Сондықтан тұрғындар ең алдымен зауыттарды кінәлайды. Ал экологтар бұл кәсіпорындарды үнемі тексеріп отырамыз дейді. Көбінесе заңбұзушылықтар анықталмайды. Мамандардың айтуынша, мәселе тек өндіріс орындарында ғана емес. Жылына бөлінетін 158 мың тонна зиянды заттың тек үштен бірі ғана зауыттардың үлесіне тиесілі.

Аружан Мұсаханова, ШҚО Экология департаментінің баспасөз хатшысы:

- Ал қалғанының бәрі автокөлік пен жеке сектор. Автокөлік жеке сектордан екі есе көп саналады. Ол 92 мың тоннаға қарай. Ал жеке сектор 14 мыңға жуық болды жылына.

Осыған байланысты экологтар рейд барысында тек өндірістік аймақтарды ғана емес, жеке секторды да қамтып отыр. Қазіргі таңда олардың техникалық мүмкіндіктері де артқан. Жуырда департамент жаңа мобильді зертхана алып, оны пайдалана бастады.

Фархат Кнасилов, ШҚО Экология департаменті зертхана жетекшісі:

- Ең жоғары көрсеткіш Меновное ауданында тіркелді. Ауаның ластану деңгейі текше метріне 700 миллиграмға дейін жетті. Бұл – РМ 2,5 деп аталатын ұсақ қатты бөлшектер бойынша анықталған көрсеткіш.

Бұл шаң тозаң өкпеге еніп, қан айналымы арқылы бүкіл ағзаға тарайды. «Ұзақ уақыт онымен тыныстаған жағдайда жүрек-қан тамырлары аурулары туындауы мүмкін»,- дейді мамандар.Сондай-ақ пештен шығатын түтіннің де қауіпті екені айтылды. Енді жергілікті билік жеке секторды кезең-кезеңімен орталық жылу жүйесіне қосуды жоспарлап отыр. Бұл үшін шағын қазандықтар салу көзделген.

Азат Қасымов, Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

 - Бірінші кезеңде Экологиялық кодекс талаптарына сәйкес жұмыс жүргізіледі. Одан кейін қаржыландыру мәселесі қарастырылады. Құрылыс Шығыс кентінде, 22-шағын ауданда және Сол жағалауда жоспарланып отыр.

Егер жоба тиісті келісімдерден өтіп, қаржы бөлінсе, құрылыс тіпті биыл басталуы мүмкін. Ал әзірге қоғамдық көліктерден шығатын зиянды қалдықтарды азайту мақсатында 12 электробус сатып алу жоспарланып отыр.

Авторлары: Рүстем Қайратұлы, Анель Есенбердина, Жігер Бабақанов 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:192
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 13:34
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see120

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see115

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see114

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары