Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Жастар неге шетелге кетеді?

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Өскемендегі игі істер

Өскемендегі игі істер

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бүгінде Өскемен жаңа кейіпке еніп келеді. Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қолдауымен қаланы абаттандыру, көгалдандыру, жолдарды жаңарту, қоғамдық көлікті дамыту, табиғи аумақтарды сақтау және тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Жасыл қалаға бастар жол

Шаһардың экологиялық ахуа­лын жақсарту мен жасыл қорын көбейту – қала дамуының маңызды бағыттарының бірі.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында биыл Өскемен аумағына 20 мыңға жуық көшет отырғызу жоспарланған. Оның 9 мыңға жуығы қазірдің өзінде егілді. Бұл – қаланың жасыл желегін көбейтіп қана қоймай, тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған нақты қадам.

Сонымен қатар Өскеменнің жасыл қорын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін дендроло­гия­лық жоспар әзірленуде. Жасыл желектерді түгендеу, жел рау­ша­нын ескеру және әр ағаш туралы мәліметті электрондық паспорт­қ­а енгізу арқылы қаладағы ағаш­тарды бірыңғай цифрлық жүйеде есепке алу көзделген. Яғни енді шаһардың әр ағашы цифрлық жүйеде тіркелген экожүйенің бір бөлігіне айналмақ.

Табиғи аумақтарды дамыту жұмыстары да жалғасуда. «Ше­шек» экобағын абаттан­дырудың екінші кезеңі басталмақ. Мұнда жаңа демалыс орындары, спорт алаңдары мен автотұрақтар салынып, аумақ одан әрі көгал­дандырылады.

Ал Ертістің сол жағалау­ын­дағы 21 гектардан астам аумақты қамтитын «Қайың тоғай» эко­бағын дамыту бойынша дайын­дық жұмыстары жүргізілуде. Негізгі мақсат – табиғи ланд­шафт­ты сақтай отырып, қала тұрғындары серуендеп, тыны­ғып, табиғат аясында уақыт өт­кізе алатын экологиялық кеңіс­тік қалыптастыру.

Қаланың экологиялық ахуа­лы қоғамдық көлікті жаңғырту­мен де тікелей байланысты. Кей­­інгі жылдары Өскеменде қоғамдық көлік паркін жаңарту қарқын алды. Қала тасымал­дау­шылары 250-ден астам қоғамдық көлікті жаңартты.

Биыл тағы 44 автобус, 15 ша­ғын автобус және 27 электробус сатып алу жоспарланған. Қазір қоғамдық көлік паркінің 85 пайызы жаңартылды.

Бұл бағыттағы маңызды қа­дам­ның бірі – электробустарды енгізу. Өскеменге 12 электробус жеткізілді. Экологиялық таза көліктің қала көшелеріне шығуы атмосфералық ауаға түсетін жүктемені азайтып, қоғамдық көліктің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар көлік желісі тұрғындардың қажеттілігіне қа­рай кеңейтілуде. Ахмер ауыл­ында №223 және №255А жаңа автобус бағыттары сынақ режи­мінде іске қосылды. Тұрғын­дардың сұранысы расталған жағдайда, бұл маршруттар тұрақ­ты желіге енгізіледі. 

Бұл жай ғана жаңа бағыттар­дың ашылуы емес, яғни қала мен оның шеткі аудандары арасын­дағы байланыс жақсарып, адам­дардың жұмысқа, мектепке және басқа да әлеуметтік нысандарға қолжетімділігі артады.

Жаңарған жолдар

Қала тұрғындары үшін күнде­лікті жайлылық, ең алдымен, сапалы жолдан басталады. Осы бағытта да Өскеменде ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр.

Биыл облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қолдауымен қа­лада 60 шақырым жолды орташа жөндеумен қамту көзделген. Бұл өткен жылғы 42,2 шақырыммен салыстырғанда едәуір жоғары көрсеткіш.

Жалпы, бөлінген қаржы ая­сында 69 учаскеде 67,9 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Бүгінде 42 учаскеде 43,5 шақы­рым жол жөнделіп, жоспардың 64 пайызы орындалды. Тағы 10 учаскеде 11,4 шақырым жолда жұмыс жүргізілуде.

Согра ауданында 6,4 шақы­рым асфальт жабыны жаңар­тылды.

Жолдардың жағдайын жақ­сар­ту үшін шұңқырларды жөндеу де қатар жүргізілуде. Жыл соңы­на дейін 41 825 шаршы метр жол жамылғысындағы шұңқырларды жөндеу көзделген. Қазір оның 35 571 шаршы метрі, яғни 85 пайы­зы орындалды.

Сондай-ақ 70 учаскеде 47 ша­қырым жолға қиыршық тас төсеу және 9 учаскеде 4,7 шақырым жаяу жүргіншілер жолын абат­тандыру жоспарланған.

Қаладағы жайлылық жолмен ғана өлшенбейді. Осыған байла­нысты қатты тұрмыстық қалдық­тарға арналған 80-100 контей­нерлік алаңға жаңа қоршаулар орнату, ірі көлемді қалдықтарды жинауға арналған 20 алаңды бетон қоршаулармен жабдықтау және көшелерге 1 499 жаңа жа­рық нүктесін орнату көзделген.

Мұның бәрі – тұрғындардың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін өзгерістер.

Өскеменнің жаңа мүмкіндіктері

Шаһарда апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді кезең-кезеңімен бұзу жұмыстары жал­ға­­су­да. Биыл бұзу жоспарына 6 үй енгізілген.

Сонымен қатар Әуезов даң­ғылы мен қаланың басқа да орта­лық көшелеріндегі көппә­терлі тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту жұмыстары жүр­гі­зіліп келеді. Бұл Өскеменнің сырт­қы келбетін жаңартып, тарихи қалыптасқан қалалық ортаны заман талабына сай етуге мүм­кін­дік береді.

Қаланың өзгеруі жаңа инвес­тициялық жобалардан да көрі­неді. Өскеменде туризм, қонақүй бизнесі және іскерлік инфра­құрылымды дамытуға бағыттал­ған бірнеше ірі жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Luncin International ком­паниясы 12 млрд теңге инвес­тиция көлемімен бес жұлдызды қонақүй салуды жоспарлауда. Қазір жоба бойынша жер учас­кесін таңдау және келісу жұмыс­тары жүргізілуде.

Ал Славский жағалауындағы VK Tower көпфункционалды кеш­енінің құрамында Hilton Gar­den Inn Oskemen төрт жұл­дызды қонақүйі бой көтермек. Azimut Capital ЖШС жүзеге асыратын жобаның инвести­ция­лық көлемі 17 млрд теңгені құ­рай­ды. 2026-2028 жылдарға жос­парланған кешен құрамында қонақүйден бөлек бизнес-орта­лық пен ойын-сауық орталығы болады.

22 қабатты ғимаратта Hilton Garden Inn қонақүйінің 150 нөмірі орналасады. Жобалау жұмыстары жүргізіліп, сыртқы инженерлік желілер бойынша құжаттар мем­лекеттік сарапта­маға жолданған.

Сол жағалауда «ПРИЧАЛ» ЖШС-ның 10 млрд теңгелік қон­ақ­үйлер салу жобасы да жос­парланған. Жоба жүзеге асқан жағдайда 120 жаңа жұмыс орны ашылады.

Ал AURORA RESIDENCE жоб­а­­сы аясында қонақүй-мей­рам­хана кешенін, SPA-орталық пен абаттандырылған серуендеу аймағын салу көзделген. Ныс­анда 70 қонақүй нөмірі және 500-600 орындық мейрамхана болады.

Бұл жобалардың барлығы Өскеменнің туристік және іскер­лік әлеуетін арттыруға, қала эко­номикасына жаңа серпін беруге бағытталған.

Қорыта айтқанда, Ертістің қос жағалауындағы қала бүгінде өзінің жаңа келбетін қалып­тас­тырып келеді. Тарихын сақтай отырып, жаңаруға ұмтылған Өскеменнің басты байлығы – оның табиғаты, сәулеті немесе инфрақұрылымы ғана емес, осы қаланы көркейтуді мақсат еткен еңбекқор халқы.

Айна ХАСАН

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:64
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Тамыз 2026 05:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see154

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see153

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see152

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see150

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see149

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see148

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see141

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see135

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see132

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see132

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see132

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see129

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see126

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see126

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see125

Жастар неге шетелге кетеді?

27 Тамыз 2026 13:10see123

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see122

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see120

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see120

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары