Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Парасатты президент: Мен парасатты адаммен кездестім

Парасатты президент: Мен парасатты адаммен кездестім

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Reuters хабарламасына сілтеме жасаған Aikyn.kz Ақ Үйдегі кешегі сыйластық атмосферасының себептерін талдайды. Кездесудің Ақ Үй таратқан нұсқасында президент те, жаңа сайланған әкім де жақсы ойлар айтады.

Бірнеше ай бойы өзара ауыр айыптаулармен алмасқан АҚШ президенті Дональд Трамп пен Нью-Йорктің жаңа мэрі Зохран Мамдани кеше (21 қараша) Ақ Үйдегі кездесуде бір-біріне күлімдеп, мақтаулар айтқан. Елдің ең ірі қаласындағы қылмысқа қарсы күрес пен тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру бағытында ынтымақтасуға уәде берген.

Республикашыл миллиардер мен жас демократиялық социалист кеше саяси қарсылас болып, иммиграциядан бастап экономикалық саясатқа дейін әртүрлі мәселелерде жиі қақтығысып келген. Алайда алғашқы жүздесуден-ақ олардың ортақ тіл тапқаны анық болды.

Aikyn.kz екі апта бұрын Дональд Трамп пен жаңа сайланған Зохран Мамдани арасындағы келіспеушіліктер мен Нью-Йорктегі саяси көңіл-күйлердің америкалық қоғамға таралуы туралы «Жаңа идеялар ұсына алатын, жас әрі тың саясаткердің пайда болуы – шабыттандырады» және «Президенттің дипломатиядағы кезекті жеңісі, елдің беделін өсіретін сәтті қадам» атты екі материал жариялады.

https://aikyn.kz/293956/zhan-a-ideyalar-u-syna-alatyn--zhas--ri-tyn--sayasatkerdin--payda-boluy---shabyttandyrady

https://aikyn.kz/294078/ibrahim-kelisimine-k-osylu---k-azak--prezidentinin--diplomatiyadag-y-kezekti-zhen-isi--eldin--bedelin-osiretin-s-tti-k-adam

34 жастағы Нью-Йорк штатының депутаты Зохран Мамдани 79 жастағы президент Трамптың жанында тұрған кезде, Трамп оған жымиып, қолынан қағып, ілтипатын білдірді. Бұған дейін Трамп оны «коммунист әрі антисемит» деп суреттеген болатын.

«Біз әлдеқайда көп мәселеде келісімге келетін сияқтымыз. Бізді біріктіретін ортақ нәрсе бар. Біз сүйікті қаламыздың гүлденгенін қалаймыз», – деді Трамп жеке кездесуден кейін Сопақша кабинетке кірген журналистер мен видео-операторлардың алдында. 

Бұған дейін Трамп шетелдік мемлекет басшыларын кейде ыңғайсыз жағдайға қалдыратын немесе ашық сынайтын Сопақша кабинеттегі кездесулерге қарағанда, бұл кездесу оның сол күні жасаған «өте жылы өтеді» деген болжамынан да асып түсті. Екі түрлі буынға жататын нью-йорктіктер өз саясаттарына қатысты жаңа бастамаларын жариялаған жоқ. Дегенмен олардың бұл кездесуі күтпеген кәсіби қарым-қатынастың басталуына негіз болғандай.

«Президенттің бойында мен шынымен бағалаған нәрсе – біз кездесуде келіспеушіліктерді емес, ортақ мақсатты, яғни нью-йорктіктерге қызмет етуді алға шығардық», – дейді Мамдани.

Журналистер олардың бір-біріне айтқан ауыр сөздерін еске салғанда, екеуі де күліп жіберді. Фото Reuters сайтынан алынды. Авторлығы: Jonathan Ernst

Reuters/Ipsos сауалнамасына сәйкес, америкалықтардың небәрі 26%-ы Трамптың өмір сүру құнына қатысты саясатын тиімді деп санайды. Ал осы айдың басында өткен сайлауда жалпыхалықтық деңгейде жеңіске жеткен көптеген демократтардың бірі болған Мамдани жалдау ақысын тоқтату, тегін автобустар мен тегін балабақша уәде еткен еді. Бұл республикашылдар үшін биылғы ең көңілсіз сайлау түндерінің бірі болды, әрі Трамп бұндай жеңілісті еске салатын саясаткерді қуана қарсы алады деп ешкім күткен жоқ еді.

Көп жылдар бойы Нью-Йорктің құрылыс саласында аты шыққан Трамп қаланы 1 қаңтардан бастап басқаруға кірісетін Мамданидің тұрғын үй құрылысына шақыруын естігенде жігерленіп қалды. Трамп сонымен қатар былтырғы президенттік сайлауда өзіне дауыс берген көптеген нью-йорктіктердің кейін Мамданиға дауыс бергенін білгенде қатты қуанды.

«Президент Трампқа дауыс берген сайлаушылармен сөйлескенімізде, олар ең алдымен өмір сүру құны туралы айтатын», – деді Мамдани.

Инфляция мен қолжетімділік мәселелеріне көп көңіл бөліп отырғанын айтқан Трамп бұл пікірдің қисынды екенін атап өтті: «Оның кейбір идеялары менікімен сәйкес келеді. Оның жұмысының сәтті болуы, мені қуантатынын болады», – деді ол.

4 қарашада Мамдани қоғамдық сауалнамада сенімді түрде алға шыққаннан кейін, Трамп Нью-Йоркті федералдық қаржыландырудан шет қалдырамын деп қорқытты. Мамдани болса қала тұрғындарының 40%-ын иммигранттар құрайтын Нью-Йоркте федералдық иммиграциялық бақылауды күшейту туралы Трамптың уәдесін жиі сынайтын еді.

Кездесуге дейін бірнеше апта бұрын Трамп Мамданиді «радикалды солшыл есі кеткен», коммунист және «еврейлерді жек көретін» адам деп атаған.

Мамдани коммунизмді емес, скандинавия үлгісіндегі демократиялық социализмді қолдайды. Израильдің ашық сыншысы болғанымен, ол көптеген беделді еврей саясаткерлерінен қолдау алды. Жаңа әкімшілігіне еврей текті мамандарды, соның ішінде Нью-Йорк полиция комиссары Джессика Тишті шақырды және антисемитизмді бірнеше рет қатаң айыптады.

Соған қарамастан, жеке кездесуден кейін бір сағатқа жетпей-ақ Трамп баспасөздің өткір сұрақтарынан Мамданиді қорғауға бірнеше рет араласты. Журналистер олардың бір-біріне айтқан ауыр сөздерін еске салғанда, екеуі де күліп жіберді.

«Маған одан да жаман атаулар тағылған. Сондықтан бұл онша қорлау емес. Бірақ біз бірге жұмыс істей бастағанда, оның пікірі өзгереді деп ойлаймын», – деп жымиды Трамп.

Журналист Мамданиден әлі де Трампты фашист деп санай ма деп сұрағанда, Трамп әзілімен араласып: «Жарайды, жай ғана «иә» деп қоя салсаң болады. Түсіндіргеннен гөрі осы оңай», – деп Мамданиға жымиып, қолын екі рет қақты.

Дональд Трамп сонымен қатар Угандада туған және Нью-Йорк тарихындағы бірінші мұсылман мэр болған Мамданиді оған бағытталған исламофобиялық шабуылдардан да қорғады. Журналистердің бірі Трамптан жанында тұрған адамның «джихадист» емес пе екенін сұрады.

«Жоқ, ондай емес. Мен парасатты адаммен кездестім», – деді Трамп Мамданиге қарап.

Кейбір саясаткерлер мен талдаушылар экрандағы бұл достыққа аң-таң болды. Бірқатар республикашылдар Трамптың жағымды пікірін естігенімен, Мамданиге әлі де сенбейтіндерін айтуда.

«Бұл өзі қалай болды?» – деп жазды Мичиганнан сайланған демократ конгрессмен Рашида Тлаиб Трамп пен Мамдани арасындағы жылы сәттердің видеосын бөлісіп.

Бұған дейін Трамп Нью-Йорк тұрғындарын Мамданиге дауыс бермеуге шақырып, оның сайлануы қаланы құрдымға кетіреді деп ескерткен еді. Консервативті медиа Нью-Йоркті қылмыс жайлаған қала ретінде көрсеткісі келгенімен, ол АҚШ-тағы ең қауіпсіз мегаполистердің бірі саналады. Ал Трамп бірінші президенттік мерзімінен кейін Манхэттеннен кетіп, Флоридаға қоныс аударған болатын.

Журналист Трамптан өз туған қаласына, енді Мамдани басқаратын Нью-Йоркке оралу мүмкіндігін қарастыра ма деп сұрады. «Иә, оралар едім. Әсіресе осы кездесуден кейін», – деді Трамп.

Жоғары мәртебелі қонақтарын президент Трамп Ақ Үйде осылай қарсы алады:

Ақ Үйдегі кездесуден алатын сабақтар

Бұндай көпшілік күтпеген жылы жүздесу шынымен президент Трамптың өзін қалай ұстайтынын жаңаша көрсетті. Мамданимен «достасуы» оны тек тәжірибелі саясаткер емес, сонымен бірге жағдайды тез бағалап, стратегия ауыстыра алатын адам ретінде танытты. 

Трамп пен Мамданидің күтпеген жылы кездесуінде Ақ Үй басшысының бірнеше жаңа қыры көрінді. Ол – саяси қарсыласымен ортақ мүддені жылдам табу қабілеті, прагматизм мен саяси инстинктің мықтылығы. Қоғамдық пікірге қарсы жүрмей, Нью-Йорк тұрғындарының таңдауын сыйлап, бұрынғы қатал риторикасын жұмсарту арқылы өз имиджін де жақсартты.

Трамп Мамданиге қарсы қойылған сұрақтарға әзілмен жауап беріп, оны «рационалды адам» деп қорғады. Бұл Трамптың жеке қарым-қатынаста икемді, эмоцияны басқара алатын көшбасшы екенін байқатады. Тәжірибелі саясаткер қоғамдық көңіл-күйді дәл сезіп, электоралдық сигналдарға тез бейімделе алатынын тағы дәлелдеді. 

Ақ Үйдегі жылы кездесуде екі саясаткер де өздерін тактик әрі саяси стратегиялары мықты көшбасшылар екенін көрсетті. Екінші жағынан, кездесу америкалық истеблишменттегі жоғары саяси мәдениет пен қоғаммен байланыс технологиясының үздік нәтижесі деп ойлаймыз. Бірақ бұл жерде бір мәселе анық байқалды. Кешегі қарсыластар қоғам мен мемлекет мүддесін биік қою арқылы, электоратқа ұнауға болатынын жақсы түсінетін саяси ойыншылар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Қараша 2025 13:07
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see158

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see143

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see139

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see138

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see132

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see128

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see128

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see127

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see126

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see126

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see124

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see124

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see124

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see123

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see122

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see121

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see119

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see117

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see112

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары