Павлодар облысында жол ережесін бұзған 400 ге жуық жүргізуші жауапқа тартылды
Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Мәселен, Павлодар қаласында Назарбаев – Баймолдин көшелерінің қиылысында Нива автокөлігінің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп, өз өмірін, жолаушыларын және өзге де жол қозғалысына қатысушыларды қауіпке тікті.
Жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Жол қозғалысы қағидаларының ең негізгі талаптарының бірін сақтамау жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін, оның салдарынан адам шығыны болуы ықтимал.
"Сигналдың ауысуын аңғармай қалған жүргізушілер түрлі сылтау іздейді. Кейбірі "үлгеріп өтемін", – деп тәуекелге барады. Алайда тоқтатылған әрбір жүргізуші асығыс болғанын немесе мұқият болмағанын алға тартқанымен, бұл оны жауапкершіліктен босатпайды", – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бакибай Ахмедьянов.
Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері бағдаршамның тыйым салатын сигналына өткені үшін 400-ге жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Жамбыл облысында 155 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
19 Қаңтар 2026 10:51
Өскеменде жол қозғалысы ережесін бұзған азаматтар жауапқа тартылды
10 Мамыр 2026 16:02
Алматыда жол ережесін өрескел бұзған құқық бұзушылар жауапқа тартылды
09 Желтоқсан 2025 11:34
ШҚО да қаруды сақтау ережесін бұзған 20 ға жуық адам жауапқа тартылды
25 Сәуір 2026 17:00
Түркістанда көлік әйнегін қараңғылаған 200 ге жуық жүргізуші жауапқа тартылды
03 Маусым 2026 17:56
Көрілімдер:102
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 12:52 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















