Павлодар облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам мерт болды
Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Ведомство мәлім еткендей, қайғылы оқиға 11 қазан күні «Омбы–Майқапшағай» автожолының Қызылқоғам ауылынан 3 шақырым жерде болған.
— Алдын ала мәлімет бойынша «ВАЗ-2110» маркалы автокөліктің жүргізушісі қолайсыз ауа райы жағдайында көлікті басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, — делінген хабарламада.
Полиция департаменті осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында жол қозғалысына қатысушыларға жол жүру ережелерін қатаң сақтауды, жылдамдық режимін төмендетуді, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде абай болуды және көлік құралының техникалық жағдайын үнемі қадағалап отыруды ескертеді.
Осыдан бұрын Павлодарда жол апатынан жүргізуші қаза тауып, төрт жолаушы жарақат алғанын жазған едік.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:112
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Қазан 2025 11:33 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















