Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Емханаларда ашық есік күні

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Павлодарда бір топ аққу қыстап қалды

Павлодарда бір топ аққу қыстап қалды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Павлодар қаласындағы Усолка өзенінде бір топ аққу қалып қойды. Қала тұрғындары күздің қара суығына қарамастан айдында жүзген аққуларды суретке түсіріп, әлеуметтік желілерге жаппай жариялап жатыр. Алайда табиғат қорғаушылары киелі құстардың қыстап қалуына алаңдаулы. Су беті толық қата бастаса, аққулардың қорек табуы қиындауы мүмкін. 

Өзенде баяу жүзген он аққу қыстың жақындағанын ұмытып кеткендей. Қала тұрғыны Дәулет Зәкәриянов Усолка өзенінің жағасына күн сайын серуенге шығады. Жыл құстарының ішінде үйректердің қыстап қалатынын білемін. «Аққулардың оңтүстікке ұшпауын алғаш көруім», - дейді. 

Дәулет Зәкәриянов, қала тұрғыны:

- Бірнеше жылдан бері қарап жүрмін, енді мен осындай жағдайды бірінші рет көріп тұрмын. Менің ойымша олар бір себептен жылы жаққа ұша алмай қалды. Балалапандары қалды ма? Әлде біреуі ауырып қалды ма? Олар сыңарын тастамайды ешқашан. Сондай ұша алмай қалған ба екен? Обал. 

Құстардың күнделікті тіршілігін бақылап жүрген орманшылар «өзен суы жылы, қорек мол. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ», - деп отыр. 

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Қыс мезгілінде аққулардың жылы жаққа ұшпай қалып қалатын сәттері бірлі жарым кездесіп тұрады екен. Бірақ осылай тобымен қалуы алғаш рет. «Күн күрт суытып, өзенге мұз қатып қалса, онда құтқару шараларын қолға алуға тура келеді», - дейді мамандар.

Аждар Жүсіпов, Орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы:

- Бұл – Қызыл кітапқа енбеген сыбырлақ аққулар. Он аққудың төртеуі – балапан. Оларға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Біз күн сайын келіп, құстарды бақылап, тексеріп отырамыз. Усолка өзені толық мұз болып қатып қалғанда, әлсіреп немесе мертігіп қалғандары болса, оларды қамқорлыққа аламыз. 

Биология ғылымдарының докторы, профессор Қанат Ахметов, аққуларды биыл тек Усолка өзенінен емес облыс аумағындағы шағын тоған көлдерден де кездестіріпті. Айтуынша, құстардың солтүстік өңірді таңдауының бірнеше себебі бар.

Қанат Ахметов, биология ғылымдарының докторы, профессор:

- Енді осы құс қана бізде қалды деп айтуға болмайды. Мен кеше мысалы, басқа құстарды да көрдім. Осы Павлодардың маңайында. Су қатқан жоқ, судың маңайындағы құстар кездесе береді. Оның үстіне жалпы глобалдық процестерді де ешкім бүгіндері жоққа шығармайды. 

Құстардың мінез-құлқына қарап, «қыс жылы болады» деп болжам жасап жатқандар бар. Синоптиктердің мәліметі де осы пікірге сәйкес келеді. 

Ирина Анохина, «Қазгидромет» орталығы Павлодар филиалының бөлім басшысы:

- Алдын ала болжам бойынша қараша айы жылы болады. Алғашқы аяздар желтоқсанның ортасында басталуы мүмкін. Ұзақ мерзімді болжамдар бойынша, биылғы қыс әдеттегіден жылы өтеді деп күтілуде. Орташа ауа температурасы көпжылдық мөлшерден 1–2 градусқа жоғары болады. 

Естеріңізде болса, былтыр Екібастұздағы көмір кенішінен табылған бірқазандар құтқарылған еді. Сондай-ақ қанаты сынған аққу да қамқорлыққа алынған. Орманшылар киелі құстарға бұл жолы да қауіпсіз орын табылатынына сенімді.   

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Дәулет Қошқарбаев, Марат Игіліков 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:124
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қараша 2025 15:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see127

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see125

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see120

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see115

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see115

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары