Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Павлодарлық жасөспірім ешкі өсіріп, сүтінен табыс тауып отыр

Павлодарлық жасөспірім ешкі өсіріп, сүтінен табыс тауып отыр

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Тимур Павлодар қаласының іргесіндегі Мичурин ауылында тұрады. Бала шақтан малсақ болып өскен жасөспірімнің өзі үшін таңсық — ешкі өсіру ісін қолға алғанына 3-4 жылдай уақыт болған.

Бүгінде жас фермердің өнімін сатып алушылардың алды кәдімгідей қалыптасып қалған көрінеді.

Кішкене кезінен үй жануарларына үйірсек екенін байқаған әкесі Жасұлан баласын мал шаруашылығына баулу керек екенін ерте түсіндім дейді.

Фото: Жасұлан Рүстемов

— Осыдан төрт жыл бұрын болуы керек, әкем Тимурға құлын сыйлады. Балам оның айналасынан шықпай қойды. Кейін Мичуринде «Жас тұлпар» атты кемпинг құрып, келушілерге жылқыға мініп серуендеп қызметін ұсына бастадым. Байқаймын, бұл кәсіпті көрген Тимур де ізденіп, өз алдына бір іс бастамаққа әрекеттеніп жүр. Бір күні сиыр өсірудің шығынын, оның сүтінен түсетін табысты есептеп отыр. Зеңгі баба тұқымын ұстау, оны жем-шөппен қамтамасыз ету аса қымбатқа түсетінін түсіндірдім. Әрі малдың да малы болады. Оны жайлаймын деп жүріп оқыстан жас балаға тұяғы тиіп кете ме деп жүрексіндім. Сондықтан ешкіден баста деген ұсыныс айтты, — дейді Жасұлан Рүстемов.

Ешкі жарықтық өсімтал жануар. Өзге түлікке қарағанда тез көбейіп, кез келген жағдайға бейімделіп кетеді. Азықты да көп талғай бермейді.

Жоңышқа, сұлы, арпа, түрлі шөп қоспасын және сәбіз бен қызылша берсең жеткілікті. Оның үстіне ешкі сүтінің майлылығы 4,6 — 9 пайыз. Құрамы жағынан ана сүтіне жақын, асқазан ауруларына, аллергияға қарсы таптырмас ем.

Фото: Жасұлан Рүстемов

Тимур ғаламтордан ешкі бағудың қыр-сырын, одан сүт сауып, өңдеу жолдарын үйреніп алады. Ешкінің «заанен» тұқымы сүтті әрі тез көбейгіш келеді екен. Таңдау соған түсіпті. Сөйтіп әкесі мен ұлы алғашында төрт бас ұрғашы ешкі мен бір текені Петропавл қаласынан сатып әкеледі.

2022 жылы көктемде оған қора-жай тұрғызып, ешкі сауатын орын әзірлейді. Заанен ешкілерінің бағасы қымбаттау болады екен. Оның ерекшелігі сүтінде. Бір ешкі үш-төрт литр сүт береді. Сонымен қатар, егіздеп төлдейді. Жалпы ешкі сүті жүректің жұмысына жақсы әсер етеді дейді мамандар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Козье молоко Павлодар (@milk_koza_pvl)

В2 және В12 дәрумендеріне, аминқышқылдарға бай, бүйрек пен бауырдың жұмысын реттеп, холестериннің деңгейін түсіреді. Сиыр мен ешкі сүтінен жасалған өнімдер құрамы жағынан ұқсас болғанымен, ешкі сүтінен дайындалған тағамдар жылдам әрі толық қорытылады.

Ағзаны ақуызбен байытады, сол себепті емшектегі сәбилерге және қатты ауырған сырқаттарға береді. Ешкінің еті де жеңіл.

Әуел баста бизнес идеясын ойластырғанда жас фермер заанен ешкілері беретін сүттің иіссіз келетінін әрі одан ірімшік жасауға болатынын негізге алыпты. Яғни сүтті жас балаларға да беруге болады.

Фото: Жасұлан Рүстемов

Қазақстанда дами қоймаған ешкі шаруашылығын Кереку жерінде өркендетсем деген бала арманы бүгінде ақиқатқа айналып үлгерді. Қазір Тимурдің шаруашылығында 48 ешкі бар.

— Жануарларға ерекше күтім керек. Оларға түрлі аурулардың алдын алатын екпе жасатып, дәрумендер беремін. Еркелеткенді жақсы көреді. Үнемі сылап-сипап жүрсең, сүтті де жақсы береді екен. Таңертең ерте тұрып, әуелі олардың алдына жемшөбін жеткіземін. Ал сабақтан келген соң сауылған сүттен ірімшік пен жұмсақ сүзбе дайындаймын. Инстаграмда парақша ашқанмын, адамдар сол жерден тапсырыс беріп жатады. Онлайн-тапсырыстарды уақытылы орындауға тырысамын, — дейді жас кәсіпкер.

Фото: Жасұлан Рүстемов

Тимур — отбасындағы екі баланың үлкені. Өз кәсібіне мұқият қарап отырған жасөспірім қазіргі күні Павлодардағы № 16 мектеп-лицейінде 10-сыныпта білім алып жүр.

Әкесі Жасұланның ойынша, жас ұрпақтың барлығы IT-мамандықты немесе ақпараттық салаға қажет кәсіпті таңдауы міндетті емес. Ауыл шаруашылығына да болашақ кадрлар қажет. Сондықтан ұлың бұл бағытқа қазірден баулып жүр.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Козье молоко Павлодар (@milk_koza_pvl)

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:106
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қаңтар 2026 18:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары