Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Әлемдегі ұйқысыз қалалар қыруар қаржы тауып отыр

Әлемдегі ұйқысыз қалалар қыруар қаржы тауып отыр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Әлемде ұйқы жоқ.

Күн ұясына батып, көз байланған шақта мегаполистерде тіршілік қыз-қыз қайнайды. Адам ақшаға құнықты ма әлде заманның талабы осы ма, әйтеуір түнде де ұйықтамайды. Алып шаһарлар кейінгі кезде белең алған “түнгі экономиканың” арқасында қыруар қаржы тауып жатыр. Дүниежүзілік экономика форумының деректеріне қарасақ, былтыр түнгі уақыттағы экономика айналымы 3-4 трлн долларға жуықтады. Оның қатарында туризм, сауда-саттық, ойын-сауық бар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыны да Нью-Йорк, Мәскеу, Париж секілді «ешқашан ұйықтамайтын», күні-түні қонақтарының игілігі үшін жұмыс істейтін қалаға айналдыруды тапсырғанын айтты. Осы тұста әлемдік тәжірибе не дейді?

Қытайда түнгі сауда қызып тұр

Қытайда түнгі экономика, әсіресе, пандемия кезінде қарқын алды. Ол қалалардың даму жоспарына ресми енгізілген мемлекеттік стратегия. Кеш қарайса да, Бейжің, Чэнду, Гуанчжоу, Шанхай сынды ірі мегаполистер дамыл таппайды. Саудагер, суретші, музыканты бар - жұрт жаппай көшеге ағылады. Мұнда жарық шоулары, концерттік бағдарламалар - іздегеннің бәрі табылады. Көршілес елде сондай-ақ түнгі базарлар кең тараған. Өйткені мұнда халықтың жартысы сауда-саттықты кешкі не түнгі уақытта жасайтын көрінеді. Былтыр Қытайдағы түнгі экономика кірісі 7 трлн долларға жетті.

Цюань Пин, түнгі базар менеджері:

- Қаламыз мәдени, гастрономиялық, музыкалық аймақтарды қамтитын 5 аймаққа бөлінген. Мұнда саудагерлер мен кәсіпкерлер түрлі тағамдар, кітап, ойыншық, қажеттінің бәрін ұсынады. Сатып алушылар бізге қайта оралуы үшін барымызды саламыз. 

Билік түнгі экономиканы ынталандыру үшін жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Түнгі 12-ден кейін жұмыс істейтін дәмхана, дүкендерге субсидия бөледі. Саудагерлердің емін-еркін жұмыс істеуі үшін рұқсат беруді жеңілдеткен. Жарықтандыру, қауіпсіздік және қоғамдық көлік қызметіне инвестиция құяды. Тіпті кейбір мегаполистер «түнгі экономика» менеджері қызметін енгізген. Олар аудандардың кеш батқаннан кейінгі тыныс-тіршілігіне жауап береді.   

Вэй Сян, Қытай әлеуметтік ғылымдар академиясы бизнес-мектебінің профессоры 

- Бейжіңнің түнгі экономикасы 2022 жылдан бері айтарлықтай өсті. Ірі қалалардан бөлек қала маңындағы елді мекендерде де өсім байқалады. Алайда түнгі экономиканы дамытудың әлеуеті кең. Уақытты тиімді өткізуге бағытталған шараларды қолға алған жөн. 

«Түнгі экономика» қарқынды дамып келеді

Қытай ғана емес, әлемнің 80-нен астам қаласында қаланың түнгі өміріне жауапты менеджерлер қызмет етеді. Кешкі 6 мен таңғы 6 аралығындағы өндірістік, әлеуметтік және мәдени қызметтің кең ауқымын қамтитын бұл тенденция экономикалық тұрғыдан құндылығын дәлелдеді. Нью-Йоркте қас қарайған кездегі туризм, сауда-саттық жалпы экономикаға жыл сайын 35 миллиард доллар құйып, 300 мың жұмыс орнын қамтамасыз етеді. Ал Лондонның жыл сайынғы кірісі - 26 миллиард фунт стерлинг. Бұл қаланың ЖІӨ-нің шамамен 8%-ы. Сарапшылардың айтуынша, алдағы он жылда түнгі туризмнің әлемдік нарығы үш есе ұлғаяды.

Кореан Рейнольдс, Бостонның түнгі қала менеджері:

- Егер біз түнгі уақыттағы экономикаға қолдау көрсетпесек, жалпы экономика құлдырайды. Түнгі экономиканың маңыздылығы күндізгіден кем емес. Егер түнде балаңыз ауырып қалып, үйде қажетті дәрі табылмаса, оны қайдан аласыз? Міне осының бәрі түнгі экономиканың құрамдас бөлігі. Ол өміріміздің 24 сағат бойы сапалы болуын қамтамасыз етеді.

Иә, түнгі экономика тек туризм және ойын-сауықпен шектелмейді. Әлемде әрбір бесінші адам түнгі уақытта  ауысыммен жұмыс істейді. Көп жағдайда олар үшін толыққанды жағдай жасалмайды. Мәселен, жеткізу қызметі не қоғамдық көлік қолжетімсіз болуы мүмкін. Осы себепті Нью-Йоркте тауарды тек түнгі уақытта жеткізетін қызмет түрі енгізілген. Бұл түнде жұмыс істейтін азаматтар үшін ыңғайлы.

Түнгі қала қауіпсіздігі басты назарда

Дубай Парсы шығанағында түнгі экономика көрсеткіштері бойынша көшбасшы. Мұндағы туристер бір кеште кем дегенде 1200 дирхам жұмсайды. Бұл шамамен 165 мың теңге. Осылайша жыл сайын мегаполис 7 миллиард дирхамнан астам табысқа кенеледі. Парсы шығанағындағы елдердің климаты да түнгі экономиканың дамуына ықпал етіп отыр. Күндіз ауа температурасы жоғары болған соң, жұрт әлеуметтік өмірін кешкі уақытқа ысырады. Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Кувейтте Рамазан айында түнгі уақыттағы белсенділік екі есе артады. Бұл мемлекеттер қоғамдық қауіпсіздікке баса мән береді. Интеллектуалды бейнебақылау жүйелеріне, жарықтандыруға қомақты қаржы жұмсайды. 

 Осы тұста Амстердамның тәжірибесін айта кеткен жөн. Мұнда қала қауіпсіздігіне тек полиция жауапты емес, тәртіпті күзетуге қоғам болып атсалысады. Мәселен, қас қарайғанда халық көп жиналатын алаңға арнайы «көше күзетшілері» шығады. Тұрғындар арасында қандай да бір жанжал туындап жатса, олар медиаторлық тәсілмен дауды реттейді. Бұдан бөлек тұрғындарға жол көрсетіп, қоғамдық тәртіпке жауап береді. 2012 жылы енгізілген жобаның нәтижесі көп күттірмей тиімділігін дәлелдеді. Үш жыл ішінде тұрғындар тарапынан шағымдар 40 пайызға, ал ішімдік салдарынан туындайтын жағымсыз жағдайлар 20 пайызға азайды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:112
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қаңтар 2026 08:31
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see163

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see153

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see151

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see151

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see149

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see147

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see143

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see142

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see139

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see137

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see133

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see133

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see128

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see124

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see124

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see123

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see122

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see122

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see118
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары