Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысы білім саласының бірқатар қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

Су добынан Қазақстан құрамасы Грекияда шеберлігін шыңдауда

Анасын үш жасар қызының көзінше өлтірді: Атырауда алғашқы сот отырысы белгіленді

Сүю деген тек әдемі сөздер айту емес : Динара Сәтжан ұлына кеңес берді (видео)

Қарағандыда жұмысшыны топырақ басып қалды: құтқару сәттерінің кадрлары

Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді

Франкфурт әуежайында өлімге әкелетін инфекцияның көзі іздестірілуде

Instagram жаңа функцияны іске қосты

Түркияның әскери оқу орындарын тәмамдаған алты жас маман Ұлттық ұлан сапына қосылды

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Қазақстанда мектептің оқу бағдарламасына жаңа курстар енгізіледі

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

Тұңғыш рет білім саласына айрықша мән берілді Тоқаев жаңа Конституция туралы

Төтенше жағдайлар министрлігі мекемелеріндегі қызметкерлердің еңбек өтілі қалай есептеледі: ережелер бекітілді

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

Үнемі күйзелісте жүретін кертартпа адамның болашағы бұлыңғыр Тоқаев

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

Алматыда ақ ұнтақ салынған пакетпен полицейлерді арандатпақ болған ер адам ұсталды

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Перизат Қайраттың Mercedes і полицияға берілді жаңа мәліметтер

Перизат Қайраттың Mercedes і полицияға берілді жаңа мәліметтер

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Бұған дейін Перизат Қайратқа тиесілі болған және аукционға шығарылған қымбат Mercedes көлігі Астана полициясына берілді. Жағдайды Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.

Бұған дейін Перизат Қайратқа тиесілі болған және аукционға шығарылған қымбат Mercedes көлігі Астана полициясына берілді. Жағдайды Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді.

Көлік неге сатылмады?

Астана қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті редакцияның сауалына берген жауабында сатылымға дейін мүлік міндетті түрде алдымен веб-портал арқылы мемлекеттік заңды тұлғаларға ұсынылатынын хабарлады. Тек осы кезеңде өзгеге берілмеген жағдайда ғана ол басқа тәсілмен өткізілуі мүмкін.

Перизат Қайраттың көлігіне қатысты жағдайда сатудан көрі мемлекеттік органға беруге басымдық берілді.

Өтінімдерді қарау қорытындысы бойынша, 2026 жылғы 7 сәуірдегі хаттамаға сәйкес, Астана Полиция департаменті сауда-саттық жеңімпазы болып саналды.

Енді 15 жұмыс күні ішінде шешім ресми түрде ресімделіп, бұл мүлік ведомство теңгеріміне бекітілуі, яғни полицияның пайдалануына берілуге тиіс.

Осылайша, Mercedes-Benz S 450 елордалық департаменттің иелігіне өтті.

Автокөлікке салынған тыйым және сот тарихы

Еске сала кетейік, аукцион кезеңінде-ақ лоттың сипаттамасында көлікке тыйым салынғаны туралы хабарланған болатын. Бұл шешім Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2024 жылғы 19 қарашадағы қаулысымен санкцияланған.

sauda.e-qazyna.kz сайтынан скриншот

Кейін, 2025 жылғы 25 шілдеде елорданың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Перизат Қайраттың ісі бойынша үкім шығарды, оның аясында мүлікті тәркілеу мүмкіндігіне байланысты шараларды сақтау мәселелері де қаралды.

"Қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес, мүлікке салынған тыйымды алу немесе қалдыру мәселелерін сот үкімді орындау кезінде шешеді", - деп хабарлады ведомство.

Көліктің жай-күйі

2026 жылғы 18 наурыздағы бағалау есебіне сәйкес, автокөліктің техникалық жағдайы жақсы.

"Құжатта жөндеу қажеттілігі туралы қосымша ақпарат көрсетілмеген", - деп түсіндірді департамент өкілдері.

Люкс санатты көліктің нақты қандай мақсатта пайдаланылатыны туралы нақты жауап берілмеді. Сонымен қатар департамент мүлік мемлекеттік органға берілгеннен кейін оны әрі қарай пайдалану тәртібі қолданыстағы ережелер мен уәкілетті органдардың шешімдері аясында айқындалатынын атап өтті.

Сондай-ақ департамент мұндай әкімшілік шешімдерге белгіленген тәртіппен шағым түсіруге болатынын еске салды.

Қайраттан тағы не тәркіленді?

2025 жылдың қыркүйегінде Қаржылық мониторинг агенттігі Перизат Қайраттан тәркіленген мүліктің аукционға шығарылатынын хабарлады.

Бұл жерде активтердің үлкен жиынтығы туралы сөз болып отыр: Vela Village коттедж қалашығындағы жеке үй, Akbulak Riviera, Sensata Plaza, Highvill Ishim Gold және "Көк Жайлау" тұрғын үй кешендеріндегі бірнеше пәтер мен тұрақ орындары.

Сондай-ақ 2024 жылы шыққан Mercedes-Benz S450 көлігін қоса алғанда, Lexus LX 600, Mercedes-Benz EQE и Haval H6 GT секілді қымбат автокөліктер тәркіленген. Одан бөлек гүл кәсібіндегі 100 пайыздық үлесі мен қолма-қол 22 мың АҚШ доллары мемлекетке берілген.

Тәркіленген заттардың арасында брендтік бұйымдар да бар: әлемге әйгілі маркалардың күннен қорғайтын көзілдіріктері, аяқ киімдері мен аксессуарлары.

Перизат Қайраттың ісі

Перизат Қайрат - қазақстандық қоғам қайраткері және кәсіпкер. Үш жыл бойы ол Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қайырымдылық қорын басқарған.

2024 жылдың қарашасында Қайрат 1,5 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл қаражат су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналғаны айтылды. Бірақ тергеу нұсқасы бойынша, қаражаттың бір бөлігі Қайраттың жеке шығындарына - элиталық жылжымайтын мүлік, автокөліктер мен саяхаттарға жұмсалған.

Қор қаражатын қолма-қол ақшаға айналдыру үшін Қайрат туыстарын тартқан. Іс бойынша оның анасы Ғайни Алашбаева да сыбайлас ретінде өткен.

2025 жылдың наурызында оның Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоры сот шешімімен жойылды.

16 шілдеде іс бойынша жәбірленушілер сотқа әлеуметтік желідегі жарнамаға сеніп, қайырымдылық көмек көрсетуге шешім қабылдағандарын айтты. Сондай-ақ сотта тергеу амалдары барысында тәркіленген мүліктің тізімі оқылды.

Нәтижесінде Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның анасы Гайни Алашбаева 7 жылға сотталды.

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Сәуір 2026 15:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысы білім саласының бірқатар қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады

26 Тамыз 2026 15:23see147

Су добынан Қазақстан құрамасы Грекияда шеберлігін шыңдауда

26 Тамыз 2026 13:39see145

Анасын үш жасар қызының көзінше өлтірді: Атырауда алғашқы сот отырысы белгіленді

26 Тамыз 2026 16:46see143

Сүю деген тек әдемі сөздер айту емес : Динара Сәтжан ұлына кеңес берді (видео)

26 Тамыз 2026 22:37see137

Қарағандыда жұмысшыны топырақ басып қалды: құтқару сәттерінің кадрлары

26 Тамыз 2026 11:41see133

Қорғаныс министрлігі алғашқы әскери дайындық пәніне қатысты өзгерісті түсіндірді

26 Тамыз 2026 21:39see132

Франкфурт әуежайында өлімге әкелетін инфекцияның көзі іздестірілуде

26 Тамыз 2026 18:14see130

Instagram жаңа функцияны іске қосты

26 Тамыз 2026 16:47see130

Түркияның әскери оқу орындарын тәмамдаған алты жас маман Ұлттық ұлан сапына қосылды

26 Тамыз 2026 11:59see129

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see128

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see128

Қазақстанда мектептің оқу бағдарламасына жаңа курстар енгізіледі

26 Тамыз 2026 15:12see128

Оралда Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өрт кезінде екі баланы құтқарды

27 Тамыз 2026 13:10see127

Тұңғыш рет білім саласына айрықша мән берілді Тоқаев жаңа Конституция туралы

26 Тамыз 2026 14:24see127

Төтенше жағдайлар министрлігі мекемелеріндегі қызметкерлердің еңбек өтілі қалай есептеледі: ережелер бекітілді

26 Тамыз 2026 16:19see126

​Мемлекеттік аппараттағы өзгерістер: Президент бірнеше шенеунікті қызметінен босатты

27 Тамыз 2026 14:11see125

Үнемі күйзелісте жүретін кертартпа адамның болашағы бұлыңғыр Тоқаев

26 Тамыз 2026 15:16see125

Атыраудағы WeDrink қоймасынан 21 адам эвакуацияланды, олардың ішінде тоғыз бала бар

27 Тамыз 2026 14:10see123

Алматыда ақ ұнтақ салынған пакетпен полицейлерді арандатпақ болған ер адам ұсталды

26 Тамыз 2026 11:44see123

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see121
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары