Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Қарағанды облысындағы көпқабатты үйлер орталық жылу жүйесіне қосылды

Қарағанды облысындағы көпқабатты үйлер орталық жылу жүйесіне қосылды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қарағандының Шахтёр ықшам ауданындағы көпқабатты үйлер 35 жылдан соң орталық жылу жүйесіне қосылды.

Бұған дейін тұрғындар үйлерін көмірмен және электр қуатымен жылытып келді. Бұл қолайсыз, қымбат әрі қауіпті болатын. Енді тұрақты жылу бар, көмір сатып алмайды. 

Любовь Ботова бұл үйде 35 жылдан бері тұрады. Алғашында пәтер пешпен жылытылды, кейінгі 20 жыл электр қуатын пайдаланып келді. Ай сайын тоққа кемі 30 мың теңге төлепті. Электр желісі шамадан тыс  жүктемеге шыдамай, жиі ақау шығып, жылусыз отырған кездер де болған. Орталық жылу жүйесіне қосылғалы бұл қиындықтар артта қалды, - дейді зейнеткер.

Любовь Ботова, қала тұрғыны:

- Өте қиын болды. Отын таусылған кезде, от жағу үшін орындықтарды, тіпті ауладағы сәкілерді сындыратынбыз. Көбі пәтер ішіне пеш салып алды. Жағдайы келгендер үйін тоқпен жылытты. Ал қазір орталық жылу жүйесі қосылғалы жағдай жақсарды. Жылу тұрақты беріліп тұр.

Бұрын Шахтёр ықшам ауданының халқы пеш жағып, отынды жоғарғы қабатқа таситын. Қазір мұндағы көпқабатты 59 үй, яғни 1000-нан астам пәтер түгел орталық жылу жүйесіне қосылған. Әр үйдің жертөлесіне жылу қалыпты берілуін бақылайтын автоматтандырылған жабдық орнатылған. Орталық желіге қосылу үшін тұрғындар 15 жылға пайызсыз несие рәсімдеді. Пәтерге шаққанда айына орта есеппен 7-8 мың теңге төлейді.

Гамзат Ысқақов, Ә.Бөкейхан ауданы ТКШ бөлімінің бас маманы:

- Қазіргі таңда бұл аталған үйлер орталықтанджырылған жылу жүйесіне қосылып, жылумен қамтамассыз етілген. Балалар үйі мен мектеп келесі жылға қалдырылды. Оған қаржы облыстық бюджет тарапынан бөлініп, келесі жылы қосылатын болады.

Алайда өңірде орталық жылу жүйесіне қосылмаған көпқабатты үйлер өте көп. Мысалы, Қарағандыдан 15 шақырым жердегі мына Фин елді мекенінде тұрғындар пәтерін көмірмен, немесе электр қуатымен жылытып отыр. Көптеген отбасылар жылдар бойы пеш жағудың машақатын тартып келеді. Жергілікті билік алдағы бірнеше жылда мұнда газ тартуды жоспарлап отыр.

Әйгерім Тілеубердинова, қала тұрғыны:

- Бізде жылу жүйесі электр қазандық, көршілерімізде пеш. Көмір тасып, күл шығарады. Ыңғайсыз енді, көбісі жұмыс істейді. Суық болады, кешке қарай бір-ақ жағады пешті. Бізде электр қазандығы, ыңғайлы бірақ айына ақшасын көп төлейміз.

Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының өзінде 1747 көпқабатты тұрғын үй бар. Соның 1683-і орталық жылыту жүйесіне қосылған. Қалғанының мәселесі кезең-кезеңімен шешілмек. Сондай-ақ алдағы жылдары темір-бетон зауытының маңы мен Новоузенка елді мекеніндегі үйлерге газ тарту жоспарланып отыр.

Авторлары: Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Аман Хамит

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:200
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 18 Қараша 2025 19:48
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see138

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see120

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see118

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары