Қарбызды қашан жеген дұрыс вице министр кеңес берді
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 14 шілде – Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қарбызды тұтынуға ең қауіпсіз мерзімді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, ерте сатылымға шығатын қарбыздардың басым бөлігі жылыжайда өсіріледі немесе шетелден әкелінеді.
"Бізде қарбызды тұтынудың қауіпсіз кезеңі – шілденің соңы мен қыркүйек айы аралығы. Осы уақытта қарбыз табиғи жолмен піседі, артық тыңайтқыштар мен түрлі қоспалар қолданылмайды. Сондықтан дәл қазір, әсіресе балаларға қарбыз жеуге кеңес бермейміз", – деді Сұлтанов үкіметтегі брифингте.
Ол шетелден әкелінетін барлық өнім міндетті түрде фитосанитарлық бақылаудан өтетінін айтты. Алайда өнімнің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі де маңызды.
"Кей жағдайда өнім өсіру кезінде түрлі химиялық заттар шамадан тыс қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайда олардың қалдықтары адам денсаулығына қауіп төндіреді. Сондықтан бұл бағытта санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатырмыз", – деді вице-министр.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:76
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Шілде 2026 14:50 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















