Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Емханаларда ашық есік күні

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Qarmet ыстық мырыштау және полимерлі жабын кешені құрылысын бастады

Qarmet ыстық мырыштау және полимерлі жабын кешені құрылысын бастады

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Осылайша Қазақстан металлургиясы жаңа технологиялық деңгейге қадам басты. Қарағандыдағы кешен болат өндірісін арттырып, импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан компанияның болат өндіру дивизионын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасындағы басты бағыттардың бірі. 

Халықаралық тендердің қорытындысы бойынша Qarmet серіктесі ретінде Бельгияның инженерлік компаниясы John Cockerill таңдалды. Әлемдік деңгейдегі аталған компания ыстық және суық илек, үздіксіз мырыштау және полимерлі жабын жағу технологиялары саласында көшбасшы саналады. Оның жабдықтары Еуропа, Азия және Таяу Шығыстың ірі металлургиялық кәсіпорындарында қолданылады және өнім сапасын арттырып, өндіріс тиімділігін қамтамасыз етеді. 

Фото: Qarmet

Бүгінде Qarmet құрылымында жылына 592 мың тонна өнім шығаратын екі ыстық мырыштау желісі және 115 мың тонна өнім өндіретін полимерлі жабын желісі жұмыс істейді. Ал жаңа кешен іске қосылған соң, кәсіпорын жыл сайын 844 мың тонна мырышталған болат пен 254 мың тонна полимерлі жабынды болат шығара алады. Сондай-ақ өнімнің қалыңдығы мен ендік өлшемдері кеңейіп, нарықтың жаңа сегменттерін қамтуға жол ашылады. 

Жаңа өндірістік торап Qarmet кәсіпорнындағы технологиялық жаңғырудың өзегіне айналмақ. Ол құрылыс, машина жасау және инфрақұрылым салаларына арналған отандық, бәсекеге қабілетті әрі импортты алмастыратын өнім шығаруға мүмкіндік береді. Осылайша, Қазақстан ішкі нарықты заманауи мырышталған және полимерлі жабынды болатпен толық қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетін арттыра алады. 

Фото: Qarmet

Жобаның жалпы инвестициялық көлемі – шамамен 84 миллиард теңге. Кешеннің іске қосылуы 2027 жылға жоспарланған. Оның жүзеге асырылуы нәтижесінде шамамен 350 жаңа жұмыс орны ашылып, өндіріс көлемі мен өнім сапасы едәуір артады. 

Компания өкілдерінің айтуынша, бұл – тек жаңа жабдық орнату жобасы емес, отандық металлургияның болашағына бағытталған стратегиялық инвестиция. 

– Qarmet тұрақты даму мен жаңғырту стратегиясын кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеді. Біздің мақсатымыз – өндіріс қуатын арттырып қана қоймай, қазақстандық болат сапасын жаңа деңгейге шығару, - деп атап өтті кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

Фото: Qarmet

Осылайша елдің болат индустриясын сапалық жаңа деңгейге көтеріп, қазақстандық өнімді жаһандық нарықта бәсекеге қабілетті етуге бағытталған маңызды қадам жасалып отыр. Ыстық мырыштау және полимерлі жабын кешенінің құрылысы Қарағандының Қазақстан металлургиясының басты орталығы екенін тағы бір мәрте дәлелдей түсті. 

Айта кетсек, бұған дейін Qarmet металлургия комбинатын газдандырудың ауқымды бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асырылып келе жатқаны хабарланған болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:179
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қазан 2025 17:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see144

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see143

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see141

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see140

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see139

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see139

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see136

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see136

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see135

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see129

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see129

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see129

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see127

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see125

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see122

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see120

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see117

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see117

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see117

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары