Қарсы бағытқа шығып, апаттық жағдай туғызған: Атырауда той кортежі тоқтатылды
Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Атырауда полиция қызметкерлері Ықылас мешітінің маңында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған той кортежін анықтады. Өзге жүргізушілерге қауіп төндірген үш автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Оқиға 16 қазанда түскі уақытта болған. Тексеру барысында 18, 20 және 22 жастағы (2008, 2006 және 2004 жылы туған) жүргізушілердің қарсы бағытқа шығып, жолда апаттық жағдай туғызғаны белгілі болды. Кортеж құрамындағы Toyota Camry көлігінің жүргізушісі қауіпті маневр жасаса, Lada Granta және екі Lada Priora автокөлігі де жол тәртібін өрескел бұзған.
Тәртіп сақшылары бірқатар әкімшілік заңбұзушылықты тіркеді. Атап айтқанда маневр жасау қағидаларын бұзу, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалану, автокөліктердің техникалық талаптарға сай болмауы.
Сонымен қатар Lada Priora көліктерінің бірін жүргізу куәлігі жоқ азамат басқарған. Полиция бұл автокөлікті жүргізуге рұқсат берген иесін де әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Тәртіп сақшылары той немесе қуанышты оқиғалар жол ережелерін бұзуға құқық бермейтінін ескертеді. Жолдағы қауіпті маневрлер мен құжатсыз көлік басқару адам өміріне тікелей қауіп төндіреді.
Бүгін, 15:03
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:43
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2026 17:30 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















