Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Қаржы министрлігінің жаңа IT шешімдері кәсіпкерлердің жүктемесін азайтады

Қаржы министрлігінің жаңа IT шешімдері кәсіпкерлердің жүктемесін азайтады

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қаржы министрлігінің цифрлық трансформациясындағы негізгі бағыттардың бірі – халық пен бизнеске жайлы әрі қолжетімді мемлекеттік сервистерді арттыру. Ұзақ жыл азаматтарға бір-бірімен байланысы жоқ порталдармен жұмыс істеуге тура келді: мемлекеттік сатып алу ісінде, электронды шот-фактураларды жазып беру қызметінде, салық және кедендік декларацияларды тапсыру саласында, сол секілді салықтарды төлеу мен қаржы есептілігін тапсыру бағытында. Әр жүйе дербес қызмет еткендіктен бұл навигацияны қиындатып, қызмет алушылар уақыт жоғалтатын.

2024 жылы министрлік негізгі цифрлы жүйелерді ауқымды түрде жаңартуға кірісті. Бұл біртұтас, түсінікті және жайлы цифрлы ортаны құруға жол ашты. Мұнда барлық қызмет бірізді логикалық кеңістікте жұмыс істеп, мемлекеттік сервистердің ашықтығы мен танымалдығы заманауи талаптарға сай болды.

Тиісті қызметтерді орталықтарудағы негізгі бастамалардың бірі – Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті. Бүгінде бұл платформа тәжірибелік мақсатта іске қосылған және ведомствоның негізгі мемлекеттік қызметтерін біріктіреді.

Бірыңғай жеке кабинет арқылы пайдаланушылар:

мемлекеттік сатып алуға қатыса алады; салық және кеден декларацияларын тапсыруға мүмкіндік беріледі; шот-фактураларды жазу жолға қойылады; салықтарды төлеуге мүмкіндік алады; қаржы есептілікті тапсыра алады.

Демек, іскер азаматтар барлық негізгі қаржы және есеп беру процесіне арналған озық интерфейске ие болады. Бұл мемлекеттік органдармен өзара байланысуға жұмсалатын уақытты үнемдеп, әкімшілік жүктемені азайтады.

Сонымен қатар министрлік жасанды интеллект технологияларын дамытуға баса мән беріп келеді. Перспективалы шешімдердің бірі – ЖИ бизнес-көмекші жобасы. Ол қазір жетілдіріліп жатыр. Бұл құрал барлық кезеңде кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді: бизнестің идея сатысынан бастап оны нақты жүзеге асыруға дейін.

Аталған жүйеде қарастырылатын негізгі функционалдардың бірі – болашақ кәсіпке арналған ұтымды таңдау. Тиімді таңдалған жер – бизнестің табысты болуындағы маңызды фактор: бұл сату деңгейін, бәсекеге қабілетті ортаны және болашақ операциялық шығындарды анықтайды. Ал қате таңдау кіріс пен бәсекелестік қабілетін төмендетіп, шығындардың өсуіне әкелуі мүмкін.

ЖИ-көмекші мемлекеттік ақпараттық ресурстармен интеграцияланған және сенімді деректердің ауқымды жиынтығын талдауға қауқарлы: аудандардың экономикалық белсенділігі, сұраныс құрылымы, жұмыспен қамту деңгейі, бәсекелестік орта, салалардың даму серпіні. Осы мәліметтерге сүйене отырып, тиісті алгоритмдер көзделген кіріс мөлшерін, рентабельдікті және тәуекелдерді болжап, әр локацияға дайын ұсыныстар жасай алады.

Аталған тетікті пайдалану қабылданатын шешімдердің сапасын едәуір жақсартып, бастапқы кезеңдегі қателіктерден сақтануға көмектеседі және ШОБ деректерге бағдарланған тәсілдің жаңа стандартын қалыптастырады.

Цифрлы жаңғыртудың келесі кезеңі проактивті қызметті жолға қоюмен байланысты. Мәліметтердің жинақталуына байланысты мемлекеттік жүйелер кәсіпкерлердің қажеттіліктерін автоматты түрде анықтап, оларға тиісті мемлекеттік қолдау шараларын, жеңілдетілген бағдарламалар мен маңызды хабарламаларды ұсынатын болады. Яғни, іскер азамат қажетті қызметті іздеп сабылмайды, керісінше «қызмет пайдаланушыны өзі табады» моделіне басымдық беріледі.

Мемлекеттік сервистерді интеграциялау, Бірыңғай жеке кабинетті құру мен ЖИ шешімдерін дамыту – отандық жаңа цифрлы экожүйені қалыптастыруға септігін тигізеді. Осы арқылы мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тиімді, жылдам және технологиялық тұрғыда заманға сай болады. Өз кезегінде кәсіпкерлер сенімді және саналы өсімге мүмкіндік беретін тың тетікке қол жеткізеді.

Владлен БАЛАН,

«Электрондық қаржы орталығы» АҚ Талдау және ЖИ дамыту жүйелерін цифрландыру департаментінің директоры

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:202
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 19 Қараша 2025 17:13
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see138

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see120

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see118

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары