Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

Қазақ өзбек ынтымақтастығы ықтимал қатерлерді бірлесе еңсеруге қауқарлы сарапшы

Қазақ өзбек ынтымақтастығы ықтимал қатерлерді бірлесе еңсеруге қауқарлы сарапшы

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сөз басында сарапшы атап өткендей, кейінгі жылдары Қазақстан мен Өзбекстан жоғары деңгейдегі диалогты дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді.

- Мұндай белсенділікке елдердің Орталық Азия аймағының болашағына қатысты ортақ ұстанымы мен өзара сенімге негізделген ынтымақтастығы өзек болып отыр. Қазақстан мен Өзбекстан жеке-дара әрекет етуге қарағанда, бірлесу - жетістікке жол бастайтынын жақсы түсінеді. Бұл өз кезегінде экономикалық ілгерілеу, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін жедел әрі сапалы шешуге мүмкіндік береді, - деп тоқталды Равшан Назаров.

Саясаттанушының пікірінше, екі ел арасындағы интеграция процесін үдету жолында ортақ тарих пен ежелден қалыптасқан мәдени-гуманитарлық байланыстар да ерекше рөл атқарады.

- Әлемдегі геосаяси жағдай елдерді бірлесе әрекет етуге, сенімді серіктестерді іздеуге итермелеп жатыр. Тиісінше, бұл Қазақстан мен Өзбекстан серіктестігінің аса өзекті бола түскенін айғақтайды. Екі ел арасындағы прагматизм мен өзара құрметке негізделген ынтымақтастық кез-келген ықтимал қауіп-қатерді бірлесе еңсеруге қауқарлы, сондай-ақ алға жылжуға сеп болатын қозғаушы күш саналады, - деп пікір қосты сарапшы.

Равшан Назаров атап өткендей, қос мемлекеттің түрлі салаларды дамытуға қатысты бастамалары мен мүдделері бір-бірімен ұштасып жатыр. Атап айтқанда, Қазақстан мен Өзбекстанның энергетика және көлік-логистика секторларындағы әлеуеті мол. Сәйкесінше, елдер осы мүмкіндікті пайдалана отырып, үкіметтік деңгейде тығыз әрекет етуге ден қойып жатыр.

- Екі тараптың да транзиттік дәліздер мен логистика саласындағы әлеуеті зор. Дегенмен ол толық пайдаланылып жатқан жоқ. Біздің елдеріміздің аумағы арқылы өтетін Еуропа мен Азияны байланыстыратын басты жолдарды дамыту экономикалық өсімнің өзегі бола алады. Қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа логистикалық хаб құру және жүк тасымалы процесін оңтайландыру үшін цифрлық технологияларды енгізуге ерекше назар аудару қажет, - деп мәлім етті Равшан Назаров Kazinform тілшісінің сауалына жауап бере отырып.

Оның сөзінше, көлік дәліздерін бірлесіп дамыту транзиттік әлеуетті арттырып, логистика шығындарын қысқартуға мүмкіндік береді.

- Жүктерді бақылауға арналған бірыңғай цифрлық платформа құру, кедендік рәсімдерді оңтайландыру және стандарттарды үйлестіру - біздің транзиттік дәліздердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, - деп түйіндеді Равшан Назаров.

Еске салайық, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Өзбекстанның негізгі сауда серіктестерінің үштігінде қалды. Қамтылып отырған кезеңде ресми Ташкент Астанаға 1 млрд доллардың тауарын экспорттап, 2,4 млрд доллардан астам сомаға өнім импорттаған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанда қазақстандық капиталмен жұмыс істейтін компаниялар қатары көбейді. Атап айтқанда, жарты жылдың ішінде біздің ел Өзбекстанда 116 кәсіпорын ашты. Осылайша, қазір ресми Ташкентте қазақстандық капиталмен жұмыс істейтін компаниялар саны 1 157-ге теңелді.

Сондай-ақ, таяуда өткен Қазақстан мен Өзбекстанның бизнес-форумы барысында қос елдің кәсіпкерлері құны 71 млн доллар болатын келісімшартқа қол қойды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:207
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қараша 2025 21:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see151

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see149

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see147

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see145

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see132

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see129

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see129

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see129

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see128

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see127

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see127

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see123

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see121

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see121

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see120

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see119

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see118

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see118

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see118

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары