Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Қазақ қытай арасындағы визасыз қатынас жемісін берді

Қазақ қытай арасындағы визасыз қатынас жемісін берді

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Қазақстан мен Қытай арасында визасыз қатынас орнағалы барыс-келіс артты, деп хабарлайды 24KZ. Шекара қызметінің мәліметіне қарағанда кейінгі екі жылда қос ел арасында 3 миллионнан астам адам қатынады. Инвестиция көлемі күрт өсіп, сауда-саттық бұрын-соңды болмаған рекордқа жетті. Қарым-қатынас пен іскерлік байланыс жаңа деңгейге көтерілді.

Осы айда өзара визалық талаптардан босату туралы қазақ-қытай үкіметаралық келісіміне 2 жыл болды. 2023 жылы қабылданған шешім қазір нақты жемісін беріп жатыр. Талай кедергі жойылып барыс-келіс артты. Статистикаға сәйкес былтыр Қазақстанның 661 мың азаматы Қытайға келіп кетсе, бұл жақтан 675 мың адам біздің елге барып қайтқан. Дені орта және шағын кәсіп иелері.

Шахрат Нұрышев, ҚР Қытайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

- Биылғы мәлімет бойынша, шекара қызметінің мәліметі бойынша 1 қаңтардан бастап Қазақстанның 840 мыңнан астам азаматы Қытайға келіп кетті. Дәл сол мезгілде Қытайдың 870 мың азаматы Қазақстанға барып қайтты. Тағы да қарасаңыз, айырмашылық үлкен емес. 70 есе артық халық санын есептегенде бұл айырмашылық өте кішкентай.

Бүгінде әуе қатынасы айтарлықтай кеңейді. Қазір Қазақстан мен Қытай арасында 15 бағыт бойынша аптасына тұрақты түрде 86 рейс қатынайды. Оның ішінде Астана, Алматы, Шымкенттен Қытайдың 7 қаласына тікелей рейстер бар. Әсіресе Үрімжідегі «Тянь-Шань» халықаралық әуежайы арқылы қатынас белсенді. Соңғы екі жылда мұнда 179 мың жолаушы тіркелген. Олардың 118 мыңы Қазақстан азаматтары.

Ван Вэй, Үрімжі шекаралық бақылау бекетінің қызметкері:

- Виза талаптарынан өзара босату туралы келісімінен кейін халықаралық әуе қатынасы артты. Қазақстан қалалары мен Үрімжі арасында рейстер жиіледі. Қазір екі ортада аптасына 50 рейс тұрақты түрде қатынайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 43% көп. Ал жолаушылар саны 25% артып отыр.

Экономикалық байланыс күшейді. Әсіресе орта және шағын кәсіпкерліктің тынысы ашылды. Сауда-саттық өсіп рекордтық көрсеткішке жетті. Тек алғашқы жылдың өзінде көрші елмен 43 миллиардтан астам долларға сауда жасалса, биыл 10 айда 40 млрд долларға жуықтады. Әлі алда 2 айдың қорытындысы бар.

Шахрат Нұрышев, ҚР Қытайдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

- Орталық Азиядағы визасыз режимді енгізу бойынша бірінші келісім болды. Бізден кейін көршілес мемлекеттер де дәл осындай келісімдерге қол қоюды қолға алды. Қазақстан мен Қытайдың арасындағы қарым-қатынастардың биік деңгейін ескере отырып, осы келісімді одан әрі іске асырып, біздің Қазақстан халқының мүддесіне, пайдасына асырамыз деп ойлаймын.

Қазақстан мен Қытай достық, тату көрші және стратегиялық серіктестікті нығайтуға ерекше мән беріп келеді. Осының арқасында биыл жарты жылдың өзінде көрші мемлекеттен тартылған инвестиция көлемі 1,1 млрд АҚШ долларға жетті. Ал теміржол арқылы тасымалдан жүктің көлемі биыл 35 млн тоннаға жетеді деген болжам бар.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Мадияр Ерсайын

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:196
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қараша 2025 14:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see142

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see140

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see139

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see139

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see138

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see137

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see137

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see136

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see136

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see135

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see133

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see132

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see131

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see123

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see123

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see122

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see121

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see120

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары