Қазақстан Орталық Азиядағы шытырман оқиғалы туризмді дамытудың жаңа алаңына айналады
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Астанада Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаевтың Adventure Travel Trade Association (ATTA) Халықаралық шытырман оқиғалы туризм қауымдастығының бас директоры Шеннон Стоуэллмен ресми кездесуі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кездесу барысында тараптар шытырман оқиғалы және тұрақты туризмді дамыту мүмкіндіктерін, елдің әлеуетін бағалау үшін ATTA халықаралық сараптамасын тартуды, қауіпсіздік пен гидтерді даярлау мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанды Орталық Азиядағы шытырман оқиғалы туризмнің негізгі платформасы ретінде ілгерілетуді талқылады.
«Бүгінде туристер үшін бірегей тәжірибе: табиғат, мәдениет және белсенді бағыттар барған сайын маңызды болып келеді. Қазақстанның бұл бағытта әлеуеті зор. ATTA-мен ынтымақтастық бұл жұмысты гидтерді даярлаудан бастап шетелдік серіктестермен әріптестік орнатуға дейін жүйелі түрде жолға қоюға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев.
Кездесу аясында «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ғазизов пен ATTA бас директоры Шеннон Стоуэлл өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, өңірлердің туристік әлеуетіне сараптамалық бағалау жүргізуге, қазақстандық мамандарды оқытуға, шетелдік серіктестер үшін ақпараттық-таныстыру турларын өткізуге, сондай-ақ Қазақстанда ATTA-ның ірі халықаралық іс-шараларын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруға бағытталған.
ATTA зерттеуіне сәйкес, 2024 жылы жаһандық шытырман оқиғалы шығу туризмі нарығының көлемі 1,16 трлн долларға жетті. Бұл ретте халықаралық саяхатшылардың 67%-ы «Open to Adventure» санатына жатады, яғни олар табиғатты, мәдениетті және шытырман оқиғаларды қамтитын сапарларға қызығушылық танытады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:43
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Тамыз 2026 13:58 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















