Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

Қазақстан құрамасының сегіз мүшесі де IOAI 2026 олимпиадасында медальға ие болды

Қазақстан құрамасының сегіз мүшесі де IOAI 2026 олимпиадасында медальға ие болды

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Астанада жасанды интеллект бойынша IOAI 2026 халықаралық олимпиадасы аяқталды. Қазақстан құрамасының сегіз мүшесі де екі алтын, екі күміс және төрт қола медаль алып, жүлдеге ие болды.

Олимпиададағы үздік нәтижелердің бірін қазақстандық Даужан Бекетов көрсетті. Ол IOAI 2026 абсолюттік рейтингінде екінші орын алды.

Сурет: Kaspi.kz

Ортада: олимпиаданың 500 қатысушысы арасында екінші орын алған Даужан Бекетов

Олимпиада Астанада 2-8 тамыз аралығында өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен жасанды интеллект саласындағы ең мықты жас мамандарды жинады. IOAI 2026 бас серіктесі Kaspi.kz болды.

Сурет: Kaspi.kz

Kaspi.kz Қазақстанда жасанды интеллектті белсенді дамытып келеді. Биыл компания толығымен қазақстандық команда әзірлеген Kasper жеке AI-көмекшісін таныстырды.

Мұндай технологиялар Қазақстанда алдағы уақытта да жасалуы үшін елге талантты бағдарламашылар, инженерлер мен зерттеушілер қажет. Сондықтан Kaspi.kz жас IT-мамандарды, спорттық бағдарламалау, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік бойынша жарыстарды қолдайды, Қазақстанның Спорттық бағдарламалау федерациясымен ынтымақтастық орнатып, ұлттық құраманы халықаралық жарыстарға дайындауға көмектеседі.

Сурет: Kaspi.kz

"Технология жасағанда, ең алдымен өзіңе: "Мен қандай керемет технология жасадым?" деген емес, "Бұл технология басқа адамдардың өмірін қалай өзгертеді?" деген сұрақ қою керек. Технологияны технология үшін емес, адамдар үшін жасау қажет. Сонымен қатар адамның құндылықтары да аса маңызды — жақсы мен жаманды ажырата білу және технологияны басқа адамдардың өмірін жақсарту үшін пайдалану керек. Елдің болашағы жас әрі талантты балалардың жетістігіне байланысты. Біз үнемі білім алып, дамып, өзгелерге үлгі болып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі өзі сияқты талантты жастармен танысып жүрген балаларды қолдағымыз келеді. Болашақ дегеніміз осы". Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі

Халықаралық олимпиадалардағы жетістіктің артында қатысушылардың таланты мен орасан еңбегі ғана емес, бірнеше айға созылған дайындық, жаттықтырушылардың жұмысы, оқу-жаттығу жиындары және халықаралық жарыстарға қатысу тәжірибесі тұр.

Сурет: Kaspi.kz

Ұлықбек Османов пен Жәнібек Қасымхан, IOAI 2026 қола жүлдегерлері

Сурет: Kaspi.kz

"Бүгінде Kaspi сияқты технологиялық алпауыттар тек өздері туралы ғана ойламайды. Компания үлкен финтех және e-commerce платформасын құрды, енді бүкіл нарықты, тұтас индустрияны дамыту қажет. Сондықтан бизнестің мұндай іс-шараларға қатысуы және қолдау көрсетуі — қоғам алдындағы жауапкершілік. Соның арқасында индустрия дамып, жаңа стартаптар мен жаңа идеялар пайда болады. Бұл тек Қазақстанда емес, бүкіл әлемде жүзеге асады, оған қазақстандық оқушылар мен жастар да өз үлесін қосып келеді". Бағдат Мусин, Қазақстанның Спорттық бағдарламалау федерациясының президенті

IOAI 2026 тек жарыс қана емес, түрлі елдерден келген талантты оқушылар, ғалымдар, әзірлеушілер мен сарапшылардың басын қосқан алаңға айналды. Қатысушылар жаңа зерттеулерді талқылап, білім және идеяларымен бөлісті, кәсіби байланыстар орнатты. Жас қатысушылар үшін бұл технология мен оның болашағына қызығушылық танытатын халықаралық қауымдастықтың бір бөлігі болуға мүмкіндік.

Сурет: Kaspi.kz

"Менің ойымша, ертеңгі күнді ойлайтын компаниялар осындай іс-шараларға қатысады. Өйткені олар зерттеулерге барынша жақын. Біріншіден, бұл — әлемнің ең мықты таланттарының назарына ілігу мүмкіндігі. Екіншіден, жаһандық жасанды интеллект саласының дамуына өз үлесін қосуға жол ашады". Әнуар Аймолдин, IOAI Халықаралық ғылыми комитетінің мүшесі

Осындай ауқымдағы халықаралық олимпиаданы Қазақстан өте қысқа мерзім ішінде өткізе алды. Дайындыққа небәрі төрт ай уақыт кеткен.

Сурет: Kaspi.kz

"Олимпиаданы Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданған сәттен бастап жергілікті компаниялар бірден қолдау көрсете бастады. Реакция өте жылдам болды. Қазақстан бұл олимпиаданы небәрі төрт айдың ішінде ұйымдастыра алды. Бұл шынымен таңғаларлық нәтиже". Елена Маринова, IOAI Халықаралық кеңесінің негізін қалаушылардың бірі әрі төрағасы

Қазақстанның Спорттық бағдарламалау федерациясы серіктестерімен бірге ұлттық құрама мүшелерін ынталандыру туралы шешім қабылдады.

Бас серіктес Kaspi.kz және бриллиант демеуші Freedom Holding Corp. қолдауымен жүлдегерлерге мынадай сыйақылар беріледі:

алтын медаль — 6,5 млн теңге (1500 АЕК баламасы); күміс медаль — 4,3 млн теңге (1000 АЕК); қола медаль — 2,2 млн теңге (500 АЕК).

Ұлттық құраманың тәлімгерлері жүлдегерлерді дайындағаны үшін 2 млн теңгеден алады.

IOAI 2026 аяқталды, алайда қазақстандық бағдарламашылардың, зерттеушілердің және жасанды интеллект саласы мамандарының жаңа буынын даярлау жалғасады.

Сурет: Kaspi.kz

Бүгінгі олимпиада қатысушылары ертең жаңа технологиялар мен өнімдерді жасайды. Қазақстан құрамасының IOAI 2026 олимпиадасындағы сегіз медалі елімізде әлемнің ең мықтыларымен бәсекеге түсе алатын жас мамандардың бар екенін көрсетті. Kaspi.kz үшін Қазақстанда технологиялар жасау және елдің технологиялық дамуын алға бастайтын таланттардың жаңа буынын қалыптастыруға үлес қосу маңызды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:70
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Тамыз 2026 18:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see151

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see149

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see144

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see142

Астана тұрғыны қызғаныштан бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған

25 Қыркүйек 2026 03:34see125

Полина Иванова Азия ойындарында сырықпен секіруден қола жүлдеге ие болды

25 Қыркүйек 2026 22:06see125

Әділет партиясы мен Іскерлік кеңес мүшелері әскери қызметшілердің отбасыларына 1,5 миллиард теңге аударады

25 Қыркүйек 2026 18:01see122

Қызметке салғырт қарау, кеме жүргізу қағидаларын бұзу: Маңғыстау облысындағы оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

25 Қыркүйек 2026 00:56see121

Астанада шошқа тұмауының екі жағдайы анықталды

24 Қыркүйек 2026 19:04see119

400 500 метр жүзген : теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай

25 Қыркүйек 2026 19:57see118

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылды

24 Қыркүйек 2026 15:21see117

27 мыңнан астам қараусыз мал айып тұрағына қамалды

25 Қыркүйек 2026 18:03see117

Алматы аллергиядан зардап шегуде: себептері мен дәрігерлердің кеңесі

25 Қыркүйек 2026 08:23see117

“Менің ұлым тірі“: әскери қызметшінің әкесі оның Каспийде қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

25 Қыркүйек 2026 20:12see115

Атырауды тағы да шаңды дауыл басты

24 Қыркүйек 2026 17:43see115

Тек алтынға ұмтылдым : Милад Карими жарақаттан кейінгі Азия ойындарының финалы туралы

25 Қыркүйек 2026 19:47see115

Қазақстанда әйелдерге арналған тегін онко кеңестер

25 Қыркүйек 2026 17:26see115

Байдаркада ескек есуден Қазақстан әйелдер командасы ХХ жазғы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды

25 Қыркүйек 2026 18:02see115

Ердоған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюға шақырды

25 Қыркүйек 2026 08:54see114

Атбасарда жаңа теміржол вокзалы ашылды

24 Қыркүйек 2026 17:43see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары