Қазақстанда 230 дан астам жаңа өнеркәсіптік жоба дайындалды
Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Министрдің айтуынша, елімізде экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған белсенді саясат жалғасып жатыр.
"Басым салаларды қаржыландыру үшін бюджеттен бөлінген 1 трлн теңгенің 398 млрд теңгесі "Бәйтерек" холдингіне бағытталды. Холдинг осы қаржының есебінен жалпы құны 5,1 трлн теңгені құрайтын жобаларды қаржыландырды. Сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігі негізгі шикізат салалары бойынша 10 кеңейтілген салалық талдау әзірледі. Соның негізінде металлургия, мұнай-газ химиясы, көмір химиясы және агроөнеркәсіптік кешенді қамтитын 231 перспективалы жобадан тұратын пул жасақталды. Сондай-ақ әлеуетті стратегиялық серіктес ретінде қарастырылатын әлемнің 200 жетекші шетелдік компаниясының тізімі әзірленді", – деді Серік Жұманғарин.
Оның сөзінше, биылғы наурыз айынан бері жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 40 халықаралық компания бұл жобаларға қызығушылық танытқан.
Министр алдағы бірнеше айда әрбір сала бойынша әлеуетті стратегиялық серіктестермен нақты келіссөздер жүргізу жоспарланып отырғанын айтты.
Бұған дейін Қазақстан бюджетінің кірісі шамамен 16%-ға өскенін жазғанбыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Тәртібі жақсы сотталғандарға жеңілдік жасалады: жаңа жоба дайындалды
25 Ақпан 2026 14:38
Қазақстанда банк саны артады Жаңа заң жобасы дайындалды
13 Қазан 2025 10:33
Бекіре акциясының алғашқы күндерінде 230 дан астам заңбұзушылық анықталды
13 Сәуір 2026 14:13
Қазақстан студенттері 30 дан астам инновациялық IT жоба ұсынды
21 Наурыз 2026 12:54
Индустриялық аймақтарда 200 ден астам жаңа жоба іске асырылмақ
25 Желтоқсан 2025 14:11
Көрілімдер:69
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Шілде 2026 13:26 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















