Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

Қазақстанда 5 000 ға жуық дәрі дәрмектің бағасы арзандатылды

Қазақстанда 5 000 ға жуық дәрі дәрмектің бағасы арзандатылды

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Денсаулық сақтау саласында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу тиімділігін арттыру және оларға баға белгілеуді жақсарту үшін шаралар кешені қабылданды. Бұл жұмыс Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Жоғары аудиторлық палата

Биыл көктемде Денсаулық сақтау министрлігінің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының және бірыңғай дистрибьютор «СК-Фармация» ЖШС-ның қызметіне мемлекеттік аудит жүргізілді. Жоғары аудиторлық палата азаматтар мен ауруханалардың дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қалай қамтамасыз етілетінін тексерді.

Аудит аяқталғаннан кейін аудит объектілеріне анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою үшін нақты тапсырмалар берілді.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде Денсаулық сақтау министрлігі Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) шеңберінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың шекті бағаларын қалыптастыру қағидаларына маңызды өзгерістер енгізді.

Басты мақсат – негізсіз үстеме бағалардың алдын алу

Референттік баға белгілеу (басқа елдердегі бағаларды салыстыру) тәртібі жаңартылды және баға белгілеуді барынша нақты әрі ашық ету үшін қолда бар өзекті деректер мен ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, бағаларды тіркеу көзделген. Басты мақсат – негізсіз үстеме бағалардың алдын алу.

Жаңа механизм шеңберінде ТМККК мен МӘМС жүйесіне кіретін 2,9 мың дәрі-дәрмек атауының, сондай-ақ бөлшек және көтерме сауда үшін 4,9 мың дәрі-дәрмек бағасы қайта қаралды.

Дәрілік заттар бойынша өзгерістер

Денсаулық сақтау министрлігінің бұдан бұрын бекітілген бұйрықтарына да өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде 453 позиция бойынша баға төмендеді, 38 позиция бойынша баға көтерілді, 601 позиция өзгеріссіз қалды. Медициналық бұйымдардың 1,4 мың техникалық сипаттамасы және дәрілік заттардың 1,1 мың халықаралық патенттелмеген атауы түзетілді. Қосымша дәрілік заттардың 28 жаңа позициясы енгізілді.

Халықаралық ұйымдарымен жасалған келісімдер қайта жаңартылды

Сонымен қатар Бірыңғай дистрибьютор БҰҰДБ мен ЮНИСЕФ-ті қоса алғанда, БҰҰ жүйесінің халықаралық ұйымдарымен жасалған келісімдерді қайта қарап, жаңартты.

Енді құжаттарда мынадай жаңа тармақтар бекітілді:

- медициналық тауарларды жеткізу мерзімдері мен сапасының сақталуы үшін жауаптылық;

- жосықсыз жеткізушілерге айыппұл санкцияларын қолдану;

- ішінара алдын ала төлем жасау мүмкіндігі.

Қабылданған шаралар сатып алу қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, жеткізілетін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың сапасын бақылауды күшейтуге, сондай-ақ баға белгілеу механизмдерін оңтайландыруға бағытталған.

Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша басқа да тапсырмалардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында тұр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қараша 2025 16:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see143

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see142

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see140

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see139

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see138

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see138

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see135

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see135

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see134

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see126

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see126

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see124

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see124

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see123

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see120

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see118

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see115

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see115

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see114

Атырау тұрғындары АМӨЗ маңындағы ауа сапасын онлайн бақылай алады

12 Қазан 2026 15:20see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары