Қазақстанда дроп фермалардың жолы кесілді жедел видео
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Қаржылық мониторинг агенттігі онлайн-казиноларға қызмет көрсету үшін трансшекаралық дропперлік желі құрған қылмыстық топтардың жолын кесті. Мән-жайды ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
"Дроп-фермалар": бұл қандай схема?
Процессинг-трейдерлер Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтарының банктік шоттарын пайдалана отырып, "дроп-фермалар" деп аталатын жүйені ұйымдастырғаны анықталды.
ҚМА мәліметінше, Қазақстанға келген шетел азаматтарына ЖСН, SIM-карталар мен банктік шоттар рәсімделген. Осыдан кейін банктік қосымшалары авторизацияланған мобильді құрылғылар дроповодтарға беріліп отырған.
Қаржы ағындарын басқару үшін ойыншылардан төлемдерді қабылдауды, оларды автоматты түрде тануды және ұтыстарды төлеуді қамтамасыз ететін P2P-платформасы қолданылған. Схемаға қатысушылар арасындағы өзара есеп айырысулар, соның ішінде криптовалютамен де жүргізілген.
Тінту кезінде не табылды?Түркістан облысы мен Алматы қаласында 89 қазақстандық банктік картаны пайдаланған Өзбекстанның үш азаматы ұсталғаны нақтыланды. Олардан 20 дроп-телефон тәркіленді. Бақылаудағы карталар бойынша операциялар көлемі 500 миллион теңгені құраған.
"Тағы бір трансшекаралық топтың жолы Жамбыл облысында кесілді. Оның қатысушылары Тараз бен Алматыда дропперлік инфрақұрылым құрып, схемаға Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтарын, соның ішінде кәмелетке толмағандарды да тартқан", - деп нақтылады баспасөз қызметі.
Тінту барысында 180 банктік карта, 15 дроп-телефон, 26 SIM-карта, 50 мың АҚШ доллары, 27 мың USDT, төрт автокөлік, қару-жарақ пен оқ-дәрілер тәркіленді. Карталар бойынша түскен қаражат айналымы 9,8 миллиард теңгеден асқан.
ҚМА бес күдіктіге қатысты соттың санкциясымен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылғанын хабарлады.
Тергеу жалғасып жатыр. Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын қосты.
Бұған дейін Шымкентте Bingo-37 және Lotoboom онлайн-платформалары арқылы заңсыз ойын бизнесін жүргізу ісі бойынша тергеу аяқталғаны хабарланған болатын. Екі онлайн-казиноның жалпы айналымы 3,1 миллиард теңгені құраған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:57
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2026 20:50 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















